М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ шарапатымен» көктеп-көркейетінімізді жарқын
айғақ дәлелдермен дәйектейді.
**********
Мәшһүр Жүсіп шығармашылығының бейнелілігі. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің
поэзиялық шығармаларына телегей сыр,
терең сезім, кеңістіктей көңіл тән. Осылардың
баршасы халықтық – поэзиялық рухпен, асқан
адамгершілікпен, мәдениетпен, өмірге, тұрмысқа,
дүниеге, болмысқа деген шынайы философиялық
көзқарастармен ұштасып жатады.
Сөз өнерінің табиғатын халықтың рухани
мұрасының біліктігі жинаушысы, білімді
зерттеушісі Мәшһүр Жүсіп былайша түсіндіреді:
– Сөз өзі не нәрсе?
– Сөз – адам өнері. «Өнер алды – қызыл тіл» -
деген. Адамның ғазизлігі.. сөзбен болады.
Бұл тұста дам баласының өзге жаратылыстан
өзгешелігі, айрықша саналылығы, сөз сөйлей
білетіндігі.
«Көңіл – бір жатқан кеңнің дариясы. Сонан
шыққан сөз - жауһар» - дейді. Шынында да ойлы
көңілден туған, мейірім шуағына бөленген сөз інжу
– маржандай ажарлы, көркем, мағыналы һәм әсерлі.
«Тіл бір болаттан жасалған өткір қанжар». Оның
майдалап, уақтап жасап шығарып жатқанының
бәрі інжу. Көп адамның бір жерге бес қосқаны –
бау – бақша жасалған сияқты. Соның ішінде сөз
жеміс сықылды. Бұл дүние бір қараңғылықтай
нәрсе. Оны жанды қылатұғын ақиқат сөз. Сөз өліп
қалған көңілді тірілтеді. Сөздің ізітінен адамның
жаны рақат алар....» - дейді. Айтулы сөз өнерпазы
Мәшһүр Жүсіп сөздің қасиет-құдіретін жеріне
жеткізе паш еткен.
Иә, ақын сөздің қынаптан шыққан қанжардай
суырылып жарқылдайтыны жан – жақты толғаған.
Сөз шолпаны – ақынның көркемдік танымына
да, тәжірибесіне де, зергерлігіне де әрі көңіл – күй
әлеміне де қатысты.
Олай болса, «Мәшһүрдің қырық алты жасында
сөйлеген сөзі» деген толғауында «Көңілдің
дариясында сөз – бір гауһар» дейтін тамаша лебіз
бар. Сөз жоқ, ойдың да, сөздің да өрнектілігі,
өміршеңдігі құйқылжыта жеткізілуі дариядай
шалқыған көңілге байланысты. Яғни сөз дегенің
«көңілдің бау – бақшасында үлпілдеп тұрады»
(Мәшһүр Жүсіп). Және де индукция мен дедукция,
аналогия мен силлогизмге, сондай-ақ ақыл ой
қызметінің тіректеріне (қабылдау, ойлау, қиялдау,
елестету т.с.с.) жүгінеді.
Сәулесімен сәнді келіскен нұр сипатты сөздер
ақынның образына тікелей қатысты. Өзі күндей
жарқыраған ақынның сөзі гүлдей қызықтырады.
Қаламның жарып ішін, ұшын кесіп,
Кигізген қара сөзге киім пішіп.
Заты – арғын, нәсілі – қазақ, ұраны – алаш,
Көпеев – фамилиясы, Мәшһүр Жүсіп, -
Дегенінде ақындық даналығын шебер жеткізген.
Сайып келгенде, үздік дарын Мәшһүр Жүсіп
Көпеев «қара сөзге киім пішіп» кигізеді, «желдей
еседі», «атша желеді», «ұйтқып соққан қардай
борайды» және т.с.с.
Мәшһүр Жүсіптің «Салтанатты Сарыарқа»
өлеңі тұтастай сөз сұлулығына негізделген. Оқып
көрелік, Сырына ортақтасалық:
Салтанатты Сарыарқа,
Сәулеленген Сарыарқа,
Кең қойының кен Сарыарқа,
Сан жеткісіз Сарыарқа.
Суың шекер бал Арқа,
Майда шөбің бал Арқа.
Күрделі биік бел Арқа,
Малы-басың сай Арқа.
Төрт түлікке бай Арқа,
Маңырап тұрған мал Арқа,
Төңірегі төл Арқа.
Бұл шабытты ойдан, шыншыл қиялдан,
уыздай уылжыған мөлдір көңілден буырқанып
туған бір мінсіз түйдек деуге болады. Киелі
топырағын ғашық көзбен құмарлана көріп,
тебіреністі сипаттайды. Суретті сөз – ұғымдар
(«Салтанатты», «Сәулеленген, ), метафоралық
сөйлемдер («Сәулеленген шекер бал», «шөбін
бал»), дыбыстық үйлесімділіктер бір – бірімен
әсем үндесіп, түйдекті мейілінше сұлуландырып,
қанаттандырып жіберген.
Тегеуірінді ақынның көркемдік ойлау жүйесі
де аса күрделі, не бір шебер қиыстыруларға ба
й болады. Оның қиялында, миында, зердесінде
таңғажайып суреттер, тамаша көріністер
көлбеңдейді. Айталық: «Жүзіне ақ қағаздың
тартып қалам, // Сөйлеген мұң мен зарын бұл күңгі
адам. // Болса да дария сия, аспан қағаз, // Мұң мен
зар түгелденіп болмас тамам.»
Мәшһүр Жүсіптің өлең, дастандарына
мағынасы мөлдір метафоралық сөз тізбектері