М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет116/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
ақыл ойлаған, қылмаған өнер қалмаған. Жақсылар 
бас қосқанда алды-артынан тосса да, шылбырынан 
шалдырмай, құбылып гүл-гүл жайнаған. Өтіп кеткен 
мырзаның жер жоқ-ты даңқы бармаған! Дүние, 
ақырет ісінен қылмаған өнер қалмаған. Бұхара, 
Ташкент, Самарқанд, Урім менен Ресейде асылы бар 
ма алмаған?! Дүние бақытын байқасаң, тайы қысыр 
қалмаған, Тайлағы бота салмаған».
Жыраулық өнердің дүлдүлі Мәшһүр Жүсіптің 
«Мұса Шорманұлы» деген жоқтауында тарихи 
деректер де жарқын көрініс тапқан. 1855 жылы 
жасауылдық шен алғаны, екі медаль және бриллиант 
жүзік салғаны, Аққошқар, Бегалы, Шыңғыс, Тәттімбет, 
Ыбырай, Секербай, Тоқтамыстармен патшаға барғаны, 
медресе, мешіт салғаны, 29 жасында аға сұлтан 
болғаны, елді оқытқаны, аңшылық пен ұсталыққа 
үйреткені, «асыл туған шаһбаздың» жұртының «жел 
жағындағы панасы, ел жағындағы қаласы» екендігі 
құштарлықпен кестеленеді. 
Мәшһүр Жүсіп «қазақ тілінен асыл, қазақ 
тілінен бай тіл жоқ» дейді. Және де «адамның 
көңілі ұшы жоқ ұзын, түбі жоқ терең дария» 
дегені бар. Демек, М.Ж. ақындық даналығы 
мен дүниетаным даналығы, ой-парасаты, қиял, 
түйсік қуаты, рухани қабылет-қарымы, көркемдік 
тәжірибесі бір-бірімен қисынды үйлесім тауып, 
берекелендіріп Мұса Шорманұлының сұлулық пен 
ізгіліктен құйылған қайталанбас образын жасаған.
Жоқтаудың қолжазба нұсқасы Санкт-
Петербургтағы Березин архивінде сақталған.
«Ағашсыз жапырақ» - сақилық пен сарандықты, 
адалдық пен арамзалықты, жақсылық пен жамандықты, 
елгезектік пен еріншектікті, уайымшылдық пен 
ойсыздықты, естілік пен қысыр кеңесті салыстыра 
сипаттаған терең мазмұнды ғибратты жыр. Мәшһүр 
Жүсіптің лебізіне зейін аударайық: «Жігіттер, 
сараңдықты қылма кәсіп, Болмайды сараң жанға 
жұмақ нәсіп. Болма да өзі тақуа, өзі сопы, Тозақтан 
құтылмайды сараң қашып». Я болмаса: «Қылыңдар 
сақилықты жастан машық, Жомартқа сегіз ұжмақ есігі 
ашық. Сахи адам – бір Алланың сүйер құлы, Болса 
да бөгеті жоқ қандай пасық!» Қас жақсының белгісі 
– кеңпейілділік, жомарттық. Ақыл адам баласының 
осындай асыл қасиеттерін, аят, хадис сөздерін 
ардақтайды. Үлгі, өнеге тұтуға, «істер істің тәртібін 
білуге», өнерменен еңбек қылуға, «жалғанның келер-
кетер ісін ойлауға» үндейді.
«Бес қымбат» - адам баласының рухани-
ізгілік келбетін, рух, сана болмысын, ар-ождан 
тазалығын терең де шынайы толғаған туынды. 
Ақынның «Бес қымбат» дегені иман, ғақыл, сабыр, 
шүкір, әдеп. Бұлар бір-бірімен берік-байланыстағы 
философиялық-этикалық категориялар. Рухани 
жетілудің негізгі шарттары.
«Бес парыз» - Мәшһүр Жүсіптің Исламның 
бес парызын (иман, намаз, рамазан, зекет, қажыға 
бару) нақ-нағымен, тақта-тақтасымен келістіре 
суреттеген көлемді жыры. «Бес нәрсе бізге бұйрық 
бір Алладан, ықыласпен қылу керек білген адам» 
деп қадап айтады. «Дүние жиғанның», «қолы 
жұмықтың» емес, «Құдай үшін жанын қиғанның», 
«Өнерпаз - ғылым-білім» деп түсінген көкейкөзі 
керемет «береген, шыншыл», сәлем беретін 
данасының қасиеттерін мөлдірете сипаттайды. 
«Құдай кірсіз, Ай мінез» екендігін, Пайғамбар 
хадистерін ерекше пайымдаған ақын:
Құдайдың шеберлігін көзіңмен көр,
Тіреусіз тұрған жоқ па көк пенен жер.
Алланың ризалығын шын ойласаң, 
Баланы кішкентайдан оқуға.
Баланы бер оқуға жас басынан,
Алланың құр қалдырмай олжасынан – деп 
тұжырым жасайды.
«Балғынды жоқтау» – фольклор жинаушысы 
Мәшһүр Жүсіптің жазбасында «Батырбек деген 
төренің қызы Балғын өлгенде, шешесі жоқтады» 
делінген. В.В. Радловтың кітабында да осылайша 
көрсетілген. «Балғынды жоқтау» он шумақтан 
түзілген. Қара өлең үлгісінде шығарылған (ұйқасы а а ә 
а). Жоқтаудың көркемдік, музыкалық деңгейі жоғары.
Қарағым, айналайын, қандай еді,
Бауырсақ майға піскен нандай еді.
Мақтасам өзімді–өзім, болар өлім,
Баланың өзі құрбы маңдайы еді!
Қарағым, айналайын, ұлы кентім,
Сарғайды санаменен ақша бетім!
Мәтін поэзиялық сипаттаулар, сөз–
символдарға бай («майға піскен нандай», «маңдай», 
«ұлы кентім», «ақ күміс», «ақ ешкі» т.с.с.)
« Т ө р т т а ғ а н » - ф и л о с о ф и я л ы қ о й -
тұжырымдарға бай төрт тармақты өлең. Мәшһүр 
Жүсіптің көркемдік логикасы ересен. Сондықтан да 
телегей ой-пікірлерін тастүйін, жинақы, оймақтай 
етіп, жұтынтып жеткізеді әрі тереңнен толғайды, 
түбірінен қозғайды. Мәселен, «Ай – қараңғы, 
күн-бұлт, түн демеңіз, Біреу – жарлы, біреу – 
бай: күндемеңіз! Ата тілін сыйлаған халал ұлды, 
Хұтпа ұстаған молдадан кем демеңіз!» Немесе: 


113


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет