5
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
1990 жылдардан бастап еңбектері жан-жақты
қолға алына бастаған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
шығармашылығы әлі де терең түрде, ғылыми
негізде зерттелуі қажет деп білемін. Ақынның
еңбектерін толық жүйелеп, жарыққа шығаратын
болса, қазақ халқы ғана емес, күллі түркі және
ислам әлеміне ортақ рухани мұра болады. Менің
бір ғана анық түсінгенім – Мәшһүр Жүсіп
Көпейұлы туған халқының жүрегінен ойып тұрып,
елеуіл орын алған данышпан.
«Дін –апиын», «Салт-дәстүрді, рухани мұраны
– ескішілдік, қанаушылық жүйенің қалдығы»
деп білген кеңестік жүйе де ақынның өміршең
еңбектеріне тосқауыл қойғанымен қаймана
қазақтың ұлы тұлғасына деген жүрек түбіндегі
құрметін, махаббатын жоя алмады. Мұндай құрмет
пен сенімге ұлты үшін еңбектенген тұлғалар ғана ие
болады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы – солардың бірі.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өмір сүрген дәуір
қазақ халқы, қала берді орта азияның түркі тектес
мұсылман мемлекеттері үшін ауыртпалығы мол,
сыртқы күштердің қысымы молайған қысыл таяң
кезең болды. Патшалық Ресейдің отарлау саясаты,
осының кесірінен шұрайлы жерінен айрылған
халқының ащы дауысы, басқыншылыққа қарсы
жүргізілген ұлт-азаттық көтерілістер ойшыл
ақынды әрине толғандырды. Қаламынан ащы
шындықты әшкерелеген өлеңдер туғызды. Елдің
жарқын болашағын, жерінің тұтастығын көздеген
еңбектер жаздырды.
Заманынан озып туған дара тұлға, көрнекті
ақын, шежіреші, қазақ халқының ауыз әдебиетін
жинауға қомақты үлес қосқан қазақтың біртуар
тұлғаларының бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
шығармаларында тәуелсіздік идеяларын екі бағыт
бойынша зерттеп қарауға болады.
Біріншісі, ақын шығармашылығындағы қазақ
халқының ұлт-азаттық көтерілісі жолындағы
күрескерлік кезеңдерінің жырлануы. Бұған
ақынның «Абылай хан», «Кенесары», «Кенесары
– Наурызбай» және тағы басқа жырларын енгізуге
болады. Сондай-ақ ақынның шежіре тақырыбы
аясында жазылған құнды еңбектерін де тәуелсіздік
идеясында жазылған еңбектерге жатқызуға
болады. Себебі, мұнда ақын жүздер мен хандар
шежіресін, рулар шежіресін зерттеу арқылы өткен
тарихты насихаттайды. Сол арқылы тамыры
тереңге бойлаған халық, іргелі ұлт, еңселі ел, ұлт
пен халық мүддесін қорғаған биік тұлғалары, билері
мен шешендері, қол бастаған батырлары болғанын
анықтайды. «Кенесары-Наурызбай» жырының
өн бойынан қазақтың азаттық пен бостандыққа
ұмтылған жаужүрек батыр ұлдарының ерліктерін
көруге болады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының
«Кенесары-Наурызбай» жырын жазуын – үлкен
ерлікке балауға болады. Абылай ханның немересі,
жауына жай оғындай атылған көкжал Қасымның
баласы, қазақ хандарының ең соңғы асыл
тұяқтарының бірі, өмірі аттың жалы мен түйенің
қомында өткен ақберен Кененің қазақ тарихы, ел
тәуелсіздігі жолындағы алар орны биікте. Дәлірек
айтсақ, елінің жолына өмірлік мұратын арнаған
асыл тектілердің тұқымы. «Кенесары-Наурызбай»
жырындағы Мәшһүр Мүсіп Көпейұлының сөзімен
айтсақ:
Көп тілеуін тілеген,
Мұсылманың баласы.
Ата бір тегін сұраса,
Абылайдың баласын.
Тұра алмай оның кеткені –
Бұл жақтағы қазақтың
Ауызының аласы.
Абылай ұғлы Қасым-ды,
Жасық емес, асыл-ды.
Жырда айтылғандай, ақын Кенесарыны
«Көп тілеуін тілеген, Мұсылманың баласы»
деп сипаттайды. Яғни, елінің, халқының,
ұлтының жолына бар ғұмырын арнаған данқты
қолбасшы. Мәшһүр Жүсіп ешуақытта қазақты
мұсылмандықтан алыс қоймаған. Мұсылмандық
ӘОЖ 882.151.212.2
Достарыңызбен бөлісу: