7
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
ақын Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығына тың
серпін берді. Сондықтан осы бір алмағайып кезеңде
жазылған ақын шығармаларын тәуелсіздік идеясы
тұрғысынан жеке зерттеп білген дұрыс.
«Мәшһүр» аты шығып, халыққа кең танымал
болуына ең алдымен тұңғыш қазақ газеті - «Дала
уәлаяты» беттерінде ХIХ ғасырдың соңғы он
жылдығында жарияланған өлең, мақалаларымен
қатар, 1905 жылғы халық наразылығы өсуінен
сескенген Ресей патшасының сөз бостандығына жол
ашқан Қазан манифесі әсерімен Қазан қаласында
басылған: «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір
тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі
екендігі» кітаптарының әсері мол болды. Баспа
бетіндегі уақытша берілген кеңшілікті пайдаланып,
патшалық Ресейдің отарлау саясатының астарын,
жер тартып алуын, сөз, пікір айтуға шектеу қоюын
қазақ зиялылары ішінде ең алғашқылардың бірі
болып әшкерелей бастаған Мәшһүр Жүсіп екені
белгілі. Сол еңбегі үшін 1912 жылдан бастап
ақынды қудалау басталғаны, біраз уақыт оның
үйінен кетіп, қайда екенін айтпай, ел ішінде
жасырын жүргені де мәлім.
/Мәшһүр Жүсіп
Достарыңызбен бөлісу: