М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет8/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Әсіресе осы бір аумалы-төкпелі заманда 
шыққан кітаптарының ішінде «Сарыарқаның 
кімдікі екендігі» кітабының маңызы айрықша 
жоғары. Мұнда ақын қазақ халқына бостандық 
беру, жерге жеке меншік және сөз бостандығы 
туралы толғайды. Елдің бетке ұстар азаматтарын 
халқының болашағы үшін жұмыс істеуге шақырды. 
Ақын жан даусымен:
Жолыңнан сыбағалы құр (құры) қалма,
Жақсыны аты естілген естен салма.
Халық-жұртының қамы үшін қайрат қылып,
Айдалып, атылсаң да арман бар ма?!, - деп 
толғады /Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, көп томдық 
шығармалар жинағы 4 том «Алматы-Алаш – 2005» 
«Сарыарқаның кімдікі екендігі»/.
Тарих сахнасына бірге келіп, бір дәуірде өмір 
сүрген қазақтың қос алыбы Абай Құнанбайұлы мен 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығында 
бір-бірімен үндес тұстар өте көп. Заман мен қоғам, 
қазақ еліне іштегі шешемін таппаған жүйе мен 
сырттан төнген қатер мен қауіп қос жүректі бірдей 
толғандырды. Екеуі де құбылмалы заманның 
ағымынан сескенді. Ойшыл Абай Құнанбайұлын 
толғандырған ұлтының болашағы Мәшһүрді 
де толғандырды. Қазақты сынады. Ұлтын жек 
көргендіктен емес, ел қатарына қосамын деп сын 
тезіне алды. Жақсылығын асырып, кемшілігін 
түзетпек болды.
Қазаққа ғана емес, күллі түркі әлеміне ортақ, 
әлемдік деңгейдегі ұлы ақын, данышпан Абай:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. 
Жақсы менен жаманды айырмадың
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың,- деп 
жырлады. Бірақ ұлтынан түңілмеді. 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы да халқын сын 
тезіне алды: 
Өмірді қымбатқа алған - арзан саттық,
Жастықтың қадірін білмей босқа жаттық,
Күнәні – арзан, сауапты қымбатсынып,
Обалға белшемізден күнде баттық,- деп 
толғады. 
Бір ерекшелігі Абай да, Мәшһүр Жүсіп те 
халыққа ең бірінші керегі өнер білім деп білді. 
Көшпенді дәуірден отырықшылыққа айналатын 
уақыт жақындағанын білді. Бұл сонау Асан қайғы 
толғаған, Мөңке Тілеуұлы ащына жырлаған, 
Абылай хан армандаған ұлы мұраттар еді. 
М ә ш һ ү р Ж ү с і п К ө п е й ұ л ы н ы ң 
шығармашылығы – халқымен бірдей жасай береді. 
Себебі ақын еңбектерінде барша адамзатқа ортақ 
адами құндылық, ұлттық идея, рухани мұра, тарих 
пен мәдениет бар. Мұның барлығы тәуелсіздік пен 
бостандықтың түпкі тамыры. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, көп томдық шығармалар жинағы. 4 том. – «Алматы: Алаш, 2005. 
«Сарыарқаның кімдікі екендігі».
2 Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, «Сарыарқа тарихы», 2-ші нұсқа.
3 Мәшһүр Жүсіп «Ит дүние» таңдамалылары. – Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2008.
4 «Дархан даланың данышпан ұлы» Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына – 150 жылдығына арналған 
әдістемелік-библиографиялық құрал. – Павлодар, 2008. 
5 «Мәшһүр Жүпіс Көпейұлы» көп томдық шығармалар жинағы. 4-ші том. – Алматы: «Алаш», - 2005. 
6 «Мәшһүр Жүпіс Көпейұлы» көп томдық шығармалар жинағы. 10-ші том. – Алматы: «Ел шежіре», 2010. 


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет