М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады



Pdf көрінісі
бет7/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

өмірбаяны/
Ақынның патшалық ресей саясатына қарсы 
пікірде шығармалар жазуы күрескер ақын екенін 
анық білдіреді. Яғни, ұлтының көкірек көзін 
ашу, қоғамды, саяси жүйені терең тани білуі үшін 
идеологиялық жолды таңдады. Идеологиялық 
жағынан өзіне қарсы пікір айтқан адамды кеңестік 
жүйенің ит қосып қуалағаны, итжеккенге айдағаны, 
абақтыға жауып, атқаны белгілі. Сондықтан 
Мәшһүр Жүсіптің басына да қауіп пен қатер төнді. 
Тәуелсіздік идеясы, тәуелсіздік ұғымы жері 
бар, шекарасы белгіленген ел болумен қатар, 
сол жерде мекендеген байырғы ұлттың тілі мен 
мәдениеті, салт-дәстүрінің дамуына тікелей 
байланысты деп айтсам болады. Тәуелсіз ел, 
тәуелсіз халық, мемлекет құрушы негізгі ұлтты 
басқа халықтардан бір ғана ұғым жеке-дара 
көрсетіп тұрады. Ол сол халықтың тамыры тереңге 
бойлаған тарихы мен мәдениеті. Бұған ешкім 
де қарсы пікір айта алмайды. Және бүгінгідей 
әлемдік қарым-қатынас қоғамдық өмірдің барлық 
саласында, экономика мен мәдениетте, ғылым мен 
өнерде және тағы басқа салаларда мидай араласып, 
соның ішінде алпауыт елдердің ара тұра білініп 
қалатын оғаш саяси көзқарасына қарсы тұру үшін 
ұлттық идея бәрінен биік. Ұлттық идея дегеніміз 
– тәуелсіздік идеясы. Ал осы тұрғыдан алып 
қарайтын болсақ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 
«Тарихи жырлары» мен «Шежіре мәтіндері», 
«Аңыз хикаяттары», «Дастандары» ұлт мүддесін 
көздеген шығармалар қатарына жатады. 
«Жеті атасын білген ұл – жету рудың қамын 
жейді» деген, қазақтың ұлы сөзі бар. Ататекті тану 
тек қазақ үшін ғана емес күллі түркі әлемі үшін ең 
басты ұстанымдардың бірі. Асыл текті ұлт өсіру, 
ұлт пен қан тазалығын сақтау үшін жеті атасын, 
өткенін білу міндет. Сондықтан мен Мәшһүр 
Жүсіп Көпейұлы шежіре жазуда осы негізге алды 
деп нық сеніммен айта аламын. 
Қазақ халқының ұлы жазушылары мен 
ғалымдары ақын шығармашылығына жоғары баға 
берді. 
«Өз шығармаларын былай қойып, басы ашық 
ескі үлгілерді жазып алып, біздің дәуірімізге 
жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және де 
естен шығармау керек. Сондықтан қазақ ауыз 
мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы 
историография бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі 
еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт» /
Мұхтар Әуезов/. 
Міне, мұнда ұлы классик Әуезов мәшһүр 
шығармасын қазақтың ауызша және жазба 
әдебиетінің бір саласы ретінде қарастырып отыр. 
«Мәшһүр ақындықтан басқа ғалым адам. 
Күншығыс, араб. парсы халқының тарихын, 
фәлсапасын жақсы білген. Химия, физика, 
астрономия ғылымдарынан жақсы хабардар 
болған. Мәшһүрдің бұл сияқты терең ғылыммен 
танысуына көз болған, көбінесе атақты Әбу Әли 
Сина, Әл-Фараби сияқты орта ғасырдағы Бұқара 
ғалымдарының шығармалары мен араб, парсы, 
түрік кітаптарын көп оқыған. Мәшһүр Жүсіп 
жинаған тарих, әдебиет материалдары өте бағалы» 
/Әлкей Марғұлан/.
Бұл қазақ мұрасын зерттеумен шұғылданған 
ақынның Мәшһүр еңбегіне берген бағасы. 
1906-1907 жылдар – М.Ж.Көпейұлы 
шығармашылығының идеялық жағынан тереңдей 
түскен дәуірі. Бұл жылдары жазған шығармалары 
тегісінен қазақ халқының бостандық, саяси-
экономикалық құқықтарымен байланысты 
болып келеді. / «Даланың дархан ұлы» Мәшһұр 
Жүсіп Көпейұлының 150 жылдығына арналған 
әдістемелік-библиографиялық құрал, Павлодар 
ЭКО -2008/.


ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет