М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


Шара не басқа түссе, пенде көнбей?!



Pdf көрінісі
бет85/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

Шара не басқа түссе, пенде көнбей?!
Жалғанда әрбір түрлі қылған істің, 
Адасар: оң-терісін пенде білмей [10, 26 б.].
Мәшһүр Жүсіп «басқа түссе - баспақшыл» 
мәтелінің мазмұнын жоғарыдағы өлең жолдарында 
келтіреді.
Жаманнан – бөз қалады, жақсыдан -сөз,
Дүниенің келуі оңай, кетуі тез [10, 54 б.].
Мәшһүр Жүсіп ілімі бойынша адам өмірінің түп 
мақсаты Түп Иеге қайту екенін білдік. Осы өмірде 
адамдар міндетін басқа біреулерге үлгі көрсету үшін 
орындайды. Өмірдің осы түпкі мақсатына жету өте 
күрделі. Адам осы өмірінде мәнді өмір сүргісі келеді, 
артына көп іс қалдырғысы келеді. Ақын осы идеяны 
«Жаманнан –бөз, жақсыдан – сөз қалады» мақалымен 
береді. Ақынның бөз деп отырғаны – дүние, ал сөз – 
ғибратты істер, үлгі-өнеге. Ақынның айтпағы, өмірдің 
өткіншілігі аса өкінішті іс емес, оны қызықты өткізу 
қажет, сонда ғана адамның өмірі мәнді, мағыналы 
болмақ. Ал ол адамның өз еркіндегі мүмкіндігі. Бұл 
жерде ақын халық қолданысындағы «Жақсының 
аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» мақалының 
идеясын бұзбай, тек құрлысын өзгертіп қолданған.
Алды-арты бұл дүниенің – қараңғы түн,
Үміт бар – болар деген бір жарық күн.
Құр босқа текке айғайлап зорықпайын,
Жаяудан шаң шықпайды, жалғыздан үн
[10, 73 б.].
Мәшһүр Жүсіп халықтық қолданыстағы 
«Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» 
мақалын құрлысы жағынан сәл өзгертіп қолданады. 
Өлең үзіндісінен сөз ұғар саналы жан жоқ, көңіл 
қуанар ештеңе жоқ екеніне қынжылған ақын 
образын байқай аламыз. Осы дүниедегі небір 
сорақы сұмдықтарды көре отырып, дүниені 
қараңғы түнге балайды. Осы келеңсіздіктерді атап 
көрсету барысында өзінің жалғыз екеніне, көпке 
қарсы тұра алмайтынына өкінеді.
«Аш атасын танымас»-деген сөз бар,
Аузына не тисе де балдай татыр [10, 4 б.].
Ақын шығармада кейіпкер бейнесін жасауда 
мәтелді халық нұсқасынан өзгеріссіз қолданады.
Құлағында тесік жоқ бұл күнгі жан,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет