85
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Саусаң бие, артуға түйе беріп,
Қотаныңнан өргізіп жүз саулықты [10, 1 б.].
Сол сияқты «Тесік моншақ жерде қалмас»
мәтелін төмендегідей қолданады:
Деймісің тесілген тас жерде қалар,
Шамшырақ Хақ жандырған саулап жанар.
Асыл, жасық екенін білмесе де,
Шелекке тағуға біреу алар [15, 10 б.].
Ал «Жетім көрсең жебей жүр»
мақалын
келесідей өңдеп қолданады:
Жетім көрсең, жексұрын көрме!-дейді.
Тіленшіні телміртіп жүрме!-дейді.
Шайтан тұрар: «Берме!» - деп жағаласып,
Оның айтқан тіліне ерме! – дейді [10, 15 б.].
Осы жолдардан ақынның халық қазынасындағы
мақал-мәтелдердің құрылымына, мазмұнына ешбір
нұқсан келтірмей өзгертіп, шеберлікпен түрлендіре
ажарландырғанын, мағыналылығын арттырғанын
байқаймыз.
Тұрақты тіркестердің құрылысы өзгертіліп
қолданылады:
«Бұл күнде алтын азып, жез болыпты,
Дүниеде жақсы-жаман сөз болыпты» [10, 45 б.].
«Бұл күнде алтын азып жез болыпты» деген
тіркес «сөздің қадірі кетті» дегенді білдіреді.
Өйткені
жұртқа белгілі нұсқасында «Аз сөз –
алтын, көп сөз – көмір» деп айтылады. Мәшһүр
Жүсіп оны қайталап жатпай, бірден метонимиялық
тәсілді қолданған.
Бәтшағар соның үшін жүрген өлмей,
Достарыңызбен бөлісу: