М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ Г . Қ о с ы м о в а э п о с т ы қ ж ы р л а р д а ғ ы
фразеологизмдердің қолданылу ерекшеліктерін
екі салаға жіктейді де, бірінші салаға енетін
фразеологизмдер құрылымдық әрі мағыналық
жағынан ешқандай өзгеріске түспейтінін, ал екінші
салалық жүйеге енетін фразеологизмдер әр түрлі
стилистикалық тәсілдер арқылы қайта құрылып,
мағыналық және құрылымдқ жағынан өзгерістерге
түсетінін дәйектейді де, фразеологиялық
өзгерістердің төмендегідей түрлерін көрсетеді:
1) фразеологизм құрамына қосымша
компоненттің кірігуі;
2) фразеологизм құрамына қосымша
компоненттердің үстелуі;
3 ) ф р а з е о л о г и з м қ ұ р а м ы н д а ғ ы
компоненттердің қысқартылуы (эллипсис);
4) фразеологиялық тіркес компонентінің басқа
сөзбен ауысуы;
5) фразеологизмдердің өзара ықшамдалып
кірігуі (контоминация) [3].
Біз Мәшһүр Жүсіп қолданысындағы
фразеологизмдердің стилистика-прагматикалық
қасиеттерін анықтау барысында Г.Қосымова
ұсынған ғылыми принципті негізге алдық.
1 . Ж а л п ы х а л ы қ т ы қ ф о р м а д а ғ ы фразеологизмдерді өзгертіп қолдануарқылы
жаңа мағына беріледі. Мақал-мәтелдер –
халық танымының айнасы. Олардың көбі өмір
тәжірибесі шындығының нәтижесі, іс-әрекеттің
қорытындысы. Мақал-мәтелдер аз сөзді, терең
мағыналы әрі үлкен идеяны қысқа да нұсқа
тұжырымдар тұста өте тиімді болып табылады.
Көркем сөз шебері М.Көпейұлы шығармаларында
мақал-мәтелдер көптеп кездеседі. «Өнер алды – қызыл тіл»; «Қойнында өлген сарттың наны бар»; «Өлген қыздан дәметкен өмір-тентек»; «Ай – кірсіз, Құдай-мінсіз»; «Табар ешкі егізді, ит сегізді»; «Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шықты»; «Ойында озған – шынында озар», «Балалы үй - базар»; «Мың өліден бір тірі артық»; «Асыл – тастан, өнер - жастан». Мәшһүр Жүсіп шығармаларында мақал-
мәтелдерге үндес жасалған немесе сол мағынаны
қуалап трансформацияланған әрі көркем, әрі
айшықты сөз орамдары ақын тілінің стильдік және
прагматикалық ерекшеліктерін аша түседі.
Мақал-мәтелдер фразеологизмдер сияқты
тілдік құбылыс, түйінді ой айтуда логикалық
тұлға, кең мазмұнды ойды білдіріп, қортынды
жасаудың тамаша үлгісі. Мақал-мәтелдер
стильдік қолданыста Мәшһүр-Жүсіптің сөз саптау
шеберлігіне байланысты әр түрлі өзгерістерге түсіп
отырады. Бірақ бұл өзгерістер мақал-мәтелдердің
жалпы мазмұнына, мән-мағынасына, бүкіл
тіркеске негіз дәнекер болып тұрған идеяға еш
әсерін тигізбейді.
Осыған байланысты Ә.Қайдар: «Мақал-
мәтелдердің әртүрлі өзгерістерге ұшырауы
салдарынан пайда болған, тіл практикасында бір-
ақ рет қолданыс табатын түрлерін инварианттар дейміз. Олардың пайда болуында белгілі бір
заңдылық жоқ. Инварианттық өзгерістер көркемдік
өрнегін, образы мен бейнелеушілік әсерін,
эмоционалды-экспрессивті қуатын бойында сақтай
отыра пайдаланатын талантына байланысты»,-
дейді [7, 5 б.].
Мақал-мәтелдердің табиғаты халықтың
философиялық ой-тұжырымымен поэтикалық
образ жасау амалдарының сәйкестігінен
туындайды, сондықтан стилистикалық бағалау
категориясының негізгі компоненті бола отырып,
стилистикалық әсер берудің ең ұтымды бөлігін
қамтиды. Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы
мақал-мәтелдердің қолданысының басты мақсаты
осы себептерден деп түсіндіруге болады.
Ақын өлеңдеріндегі мақал-мәтелдер әрдайым
түпнұсқада келе бермейді. Кейбір реттерде
олардың құрылымын сәл де болса өзгеріске
түсіріп отырады. Мысалы, халық арасына тараған
нұсқасы бойынша «Кедейдің бір тойғаны - шала
байығаны» болуға тиіс еді, автор оны «Бір тойған
– шала байлық» деп өзгеріске түсіреді. Сол сияқты,
екінші бір мақал «Жақсы сөз жан семіртеді» деп
таралған. Автор оны «Жан семірер жақсы сөзге»
деп пайдаланады.