М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет98/190
Дата27.04.2023
өлшемі1,82 Mb.
#87384
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   190
Байланысты:
М. Ж. К пеевті 155 жылды ына арналады

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
бар? Жапалақ үйрек ілгенге таңырқайсыз, оның 
енді бір қоңыр қаздан дәмесі бар!» – депті.
Қазыбек би қыз сүйіспеншілігіне ырзаланып, 
ел ақсақалдарына былай деген екен: «Байлық – 
мұрат емес, кедейлік –ұят емес.» «Атадан алтау 
тудым деп, жалғызға жапа көрсетпе!» деген, 
қосағымен көгерсін! – деп, бата беріпті. Басына 
үй тіккізіпті, еншісін бергізіпті.
«Қазыбектің қастандықтан аман қалғаны» – 
бидің батыр бауыры Бөдене бір жаққа жолаушылап 
кеткенде аталас жақындары Қосым жорға, 
Жалықпас, Хан Бертіс үшеуі өлтірмекші болып, 
Қазыбекті шақыртады. Олардың арам ойын сезген 
қарындасы Мәлике сауыт кигізген еді. Әңгіме 
үстінде Қосым Жорға: «Ананы айттық, мынаны 
айттық, бағанағыны қайттік» – деген Хан Бертіс 
Қазыбектің үстіне міне түседі. Үшеуі де Қазыбекті 
жұлмалап жатқызады. Осы бір заматта Бөдене 
батыр жетіп келеді. Ол Хан Бертісті көріп: «Атын 
атайын ба, өзін атайын ба?» – дейді. «Қан төгіп 
қайтесің, атын ат!» – дейді. 
Содан Хан Бертіс Ташкентке қашып кетеді. Ол 
екі-үш жылдан кейін 250 ақ байтал мен ақ сәукелені 
айыпқа беріп, Қазыбек бидің аяғына жығылады.
«Қазыбектің үш сұраққа жауабы» – мұнда ол 
бір қарияның «Жақында не жақын?», «Қымбатта 
не қымбат?», «Дүниеде не қиын?» деген күрделі 
философиялық сауалдарына берген дәйекті, 
дәлелді жауаптары жинақталған.
«Қазыбектің: «Тәңірі алдына барғанда» 
сөзінің әсері» – ертоқым дауына байланысты 
төрелік сөз. Бірде Ұлытауда ас болады. Ұлы жүздің 
Сиқым, Жаныс руларының жігіті Арғынның бір 
азаматының керемет ертоқымына қызығып, Төле 
бимен кеңеседі. Би: «Мынау менің былтырғы 
жоғалған тұлпарымның үстінде кеткен менің 
ерім!» - деп, алып кел. Мен бір-ақ ауыз сөзбен 
бұйырып берейін! – депті. 
Сонан Төле би аудара қарап, ақтара сұрап: 
«Көзі бар еріңді өзің ал, көзі жоқ тұлпарың 
салауат!» - деп кесім айтыпты. 
Жаланың отына күйінген арғынның жігіті 
Қазыбекке жүгінеді. Қазыбек Төле би отырған 
үйге келеді. Бірсыпыра адамдар бар екен. Ұрланған 
ерді бірінен соң бірі көріп отыр екен. Қазыбек 
те күміс ерді алақанына қондырып: «Қапталың 
– қайың, қасың – шұбар, Қалменбет қосқан бір 
ерсің! Үйсінге ие Төле би, Бұл ерге қайтіп тиерсің?! 
Сиқым, Жаныс екі топ, Бір ерге қайтіп мінерсің?! 
Бұл мінезбен Үйсінді, Бір төбеге үйерсің! Бұл 
мінезден қайтпасаң, Тәңірі алдына барғанда, 
Қалменіңмен күйерсің!» - депті. 
Сол-ақ екен Төле би: «... Мен бір сөзді ойнап 
айта салып ем, ерді иесіне беріңдер!» - деп, райынан 
қайтыпты. 
«Қазыбектің қартайған шағындағы сөзі» 
− даналық тұжырым−пайымдауыларымен 
ерекшеленеді. Көпті көрген данагөй өмір, 
тіршіліктің сәні мен мәнін, бақ−дәулеттің 
баянсыздығын, тәж бен тақтың мәңгі еместігін 
тақпақтап жеткізеді.
«Қазыбектің соңғы бір тілегі» − «Бауырдың 
оты күйерлік, қатынның көті күйерлік» күнде 
өлмеген соң, күл төбеде қалған кәрі саулықтың 
жемтігі есебінде қалдым−ау» −деген. Себебі, әбден 
қартайып, шөгіп, Далбада қыстаған. Ел−жұртына 
хабар бергенде, Бекболаттан басқа кісі келе 
қоймағанда армандап айтқан сөзі екен.
«Мөңке би» – XVII ғ. 2-ші жартысында 
(шамамен 1675-1756 жылдарда) ғұмыр кешкен 
мемлекет қайраткері, ділмар-шешен, болжампаз 
сәуегей. Әкесі Тілеу 1681-1684 жылдарда 
Түркістанды жоңғар шапқыншылығынан қорғаған 
қолбасы яғни ұлт тарихында «Сайрам соғысы» деп 
аталған қанды шайқастың қаһарманы. 
Мөңке бидің замана, ұлт тағдыры туралы 
толғаныстары шынайы шыншылдықпен, көркемдік 
философиялық таным-пайымымен айқындалады. 
Мәшһүр Жүсіптің жазба мұрасында 
Ноғайлыдан шыққан Мөңке бидің «Азарсың, 
жұртым, азарсың» деген сөзі келтірілген. Болашақ 
замана қайшылықтары мен сұм-сұрқия суреттері 
кемел ойшылдықпен көрсетілген деуге болады. 
Мысалы: «Өзі болған жігітке, Қыз артылар деп 
еді», «Көкек айы болғанда, Кемпір күйлер деп 
еді», «Ендігінің қатыны, байын билер деп еді». 
Және «келін-айғыр» деген лебізде сұрапыл сұмдық 
бар. Бұл – келер заман дерті. Содан алдын-ала 
сақтандырады. У тілді көреген ойын әрі қарай 
тереңдетеді: «Заманақыр болғанда, Ат қояндай 
болады, Адам құмандай болады...» дейді. 
Парасат зердесі өзгеше Мөңке бидің даналық 
мәйектерін Ахмет Байтұрсынұлы мен Жүсіпбек 
Аймауытов қолданған. Сонымен бірге С.Сейфуллин 
«Қазақ әдебиеті» (1932) хрестоматиясында Шекті 
Мөңке бидің сөздері деп пайдаланған.
«Едіге би» – Айдабол Төлебайдың баласы. 
Ол атақты Шоң, Торайғыр билердің әкесі. Бірде 


95


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет