М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ Қатты болсаң, темір шығарсың,
Сен темір болсаң мен көмір,
Еріткелі келгенмін.
Екі елдің арасын
Теліткелі келгенмін!
Сен көктегі құс болсаң,
Мен іліп тастар сұңқармын.
Сен жердегі аңның жүйрігі құлан болсаң,
Мен қуып жетіп соғар тұлпармын!
Сен қабылан болсаң, мен жолбарыс,
Алысқалы келгенмін!
Жау тілегенге
Жасыл туса еді, - деген,
Ел болып, шабысқалы келгенмін!
Елімнің шетіне ойран салған өзің:
Бітім беретін болсаң,
Айыбыңды мойындап, бітім бер!
Болмаса, тұрысатын жеріңді айт,
Шабысқалы келгенмін! – депті.
– Япыр-ай, дауысың қаздың дауысындай екен!
Қазақ деген елдің дауысы қаз дауысты екен, - деп, -
Сенің атың «Қаз дауысты Қазыбек» болсын, менің
қасыма келіп отыршы! – депті Қоңтажы.
«Қазыбектің алғаш көзге түсуі» − Абылай хан
заманында Тайкелтір би мен Малайсары батырға
еріп, қалмақ ханы Қонтажының алдында: «Сен
темір болсаң, мен – көмір. Еріткелі келгенмін.
Екі елдің арасын, Теліткелі келгенмін!» − дейтін
сес сөзін селдете айтқан. «Даусың қаздың даусы
сияқты, сенің атың: «Қаз дауысты Қазыбек»
болсын! Сенің келген жолыңа қазақтан алғанды
түгел үш күннің ішінде тауып берем!» − депті
қалмақ ханы.
«Қазыбектің екінші билігі» − орыс шаруалары
қазақ жеріне ентелеп енгенде, үш жүздің аймаңдай
қасқа−жайсаңдары ақылдасыпты. Біреулер:
«Соғысамыз!» − деседі. Ұлы жүзден Төле би, Кіші
жүзден Мама би, Орта жүзден Қаздауысты Қазыбек
би тұспалдап, тақпақтап сөйлеседі. Қаздауысты
Қазыбектің: «Арылмастай пәлеге қап жүрмесек, суда
жүрген перінің қызын атып» − дегеніне орай Төле би
толғаныспен: «Қазыбек, сен соғыспауға байладың−
ау!» −депті. Сол заматта Қаздауысты Қазыбек: «Біз
орыспен қалай соғысамыз? Пайғамбарымыздың
ғаділшілік орыста қалады, − дегені бар емес пе?
«Жер астынан жік шығып, екі құлағы тік шыға
қылса», қолының ұшын беретін көршіміз болса,
жаман болмас! − депті.
Сөйтіп, Қаздауысты Қазыбек «орысқа соғыс
ашамыз!» дегендердің десін басыпты.
«Қазыбектің үшінші билігі» – Үш жүздің
баласына ортақ бір үлкен дауда игі жақсылардың
басы қосылғанда, Ұлы жүздің төбе биі Төле би, Кіші
жүзден Мама би билік-төрелік айтуға таласқанда
атаның өсиетін неге естен шығарасыңдар деп,
Қазыбек былайша сөйлеген екен:
- Білмесең, атаңның өсиеті мынау: «Ұлы жүзді
қауға бер де, малға қой. Кіші жүзді найза бер де,
жауға қой. Орта жүзді қамшы бер де, дауға қой!»
- дегені қайда? Соған қарағанда төре беру жолы
менікі емес пе? – депті. –Жығылсам, алдымда
ағам бар, сүрінсем, артымда інім бар: билік менікі
еді ғой! Мұны біреуіңнің аузыңа алмағандарың
қалай? – депті.
Бұл сөзді үш жүздің жиналған адамдары бір
ауыздан қабылдап, билікті Қазыбекке беріпті.
Қазыбек осы арада.
- Уа, Үйсін: Төле би, сен атадан үлкен болып
тудың. Ініңнің бір еркелігін көтеретін жөнің бар.
Оны ойламай, жылқысын неге қуып аласың? Уа,
жарқыным Мама би, сен атаның қара шаңырағында
қалған екенсің, ағаңның көзінің тірісінде жеңгеңді
неге зорлықпен әкетесің? «Даугердің адалы құстай
ұшатын да, арамы мұрттай ұшатын». Сен, Мама би,
қатыныңды қайтар, сен Төле би, жылқыны қайтар.
Екі жағыңда иесіне табысы болмаған, екі аяқты
түгіл, төрт аяқты қалмасын! – деп, билік айтыпты.
«Қазыбектің төртінші билігі» – жетпістен
асқан Азбас тоқалдыққа еріксіз Гөбе сұлуды
алмақшы болғанда, Қазыбек би арашаға түсіп,
қызға теңдік әпереді.
«Қазыбектің бесінші төрелігі» − Ақбалық сұлу
өз үйінің қойшысы Қозыбақ дейтін жігітке ғашық
болып қосылуының тарихына қатысты. Ол атақты
байдың жалғыз қызы болатын. Небір мырзаларды,
сал−серілерді менсінбейді. Өзі «Бес қасқа» атанған
айбарлы тұқымнан. Ата−анасы, туыстары Ақбалық
сұлудың сүйгеніне қосылғанына тілеуқор. Алайда
Майқы, Бошан руларының намысты ақсақалдары
Қаздауысты Қазыбек биге даттайды Би бұған таң
қалып, Ақбалық сұлудың үш қанат құрым отауына
келеді.
Қазыбек би: «Қарындас, мәнді сөзден мән
шығады. Беймәнді сөзден не шығады? Жапалақ
үйрек іліпті, өйткенмен онан не мән шығады?» −
дегенде, Ақбалық сұлу мүдірмей: «Рас айтасыз,
мәнді сөздің мәнісі бар. Беймәнді сөздің не мәнісі