М.Жұмабаев-Алаш қайраткері
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Ресей империясының ортаршыл саясаты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет құру идеясын орындалмас қимялға айналдыруға бар күш жігерін жұмсады. Отарлау саясаты өрістеген сайын қазақ халқының ұлт-азаттық күресі ұлттық мемлекеттілік құру идеясы да құрыштай шыңдалып дами берді. Отаршылдыққа жергілікті шенеуліктердің озбырлығына қарсы халық наразылығы өрши түсті. Осылайша қазақтардың жаңаша саяси санасы қалыптаса бастады. Қазақстандағы ұлт азаттық қозғалысы дін тазалығын, тіл тазалығын қорғаудан оқу-ағарту ұлттық салт-дәстүрлерді қорғаудан басталып, біртіндеп жер дауы ел дауына ұласты. Яғни академик М.Қозыбаев көрсеткендей, «Алаштың ұлт-азаттық қозғалысы идеялогиясының өзегі- отаршылдық наразылық, отаршылдыққа қарсы ұлтшылдық. Олар заңмен шектелген правалық қорғам, конституцияда анықталған кейбір саяси бостандықтар, ғылым мен мәдени даму көлемінде күресіп бақты». Жергілікті мемлекетті басқару отарлау әкімшілігінің басқаруымен, ал, сайлаулар шалағайлықпен жүзеге асса да, кең байтақ қазақ даласындағы саяси процестерге халқымыз қызу қатысып отырды. Саяси әділетсіздік сол кезеңдегі көзі ашық, ұлттық сана-сезімі оянған қазақтың зиялы азаматтарына серпіліс берді. Сол серпілістің бірі қазақ зиялы өкілдерінің негізгі ұстанымы «Алаш» еді. «Алаш идеясы»-қазақтың мемлекеттік елдің ұлттық идеясы. Өйткені, Алаш-халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш-ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаштықтардың «Алаш» атауын таңдауы да жәйдан-жәй емес. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді.
ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол –Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі осы идеямен байланысты. Міне, осы тұста Алаштың серкесі Мағжан Жұмабаевты тілге тиек ете аламыз.Алаш ардақтыларының армандаған өзекті мақсаттары :бірінші ұлттық болмысымызды сақтау, тәуелсіз ел болу, екіншісі ұлттық тарихымызды ұлықтау, үшіншісі туған тіліміздің мәртебесін көтеру. Оған дәлел ретінде «Тілінен айрылған жұрт -жойылған жұрт»- деген еді. М.Жұмабаев «Қазақ тілі» атты өлеңінді:
Ерлік, елдік бірлік, қайрат, бақ, ардың,-
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз,бабам тілі, сен қалдың!
Ең алғаш «Алаш автономиясын» құруда өз үлесін қосқан қазақ әдебиеті арыстарының бірі – Мағжан Жұмабаевтың қосқан еңбегі көп болды.
Қазақтың елдігімен тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің идеясының бір дәлелі-бүгінгі таңда мемлекетіміз тәуелсіз ел болып, 32 жыл ішінде әлем таныған, мойындаған ел болдық.ХХ ғасыр 90 жыл басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының қалануы. Көк байрағымыз желбіреуі, бүкіл әлемді мойындатуы.Өз тіліміз, дініміз бар. Алаш арманы-бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, біз –әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына үлес қосуға тиіспіз. Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығының дәлелі –Мәңгілік Ел. Яғни , айтқымыз келгені «Керегеміз-ағаш, ұранымыз-Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темір қазығы болып келді, бола береді де. МағжанЖұмабаев өлеңдері қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді .Атап өтсем:“Орал тауы”, “Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез барам!”, “Түркістан”, “Орал”.
ХХ ғасыр басындағы ұлттың ояну кезеңінің жалынды жаршысы , Мағжан Жұмабаев Алаштың ардақты азаматтарына жан даусымен Алаш, Алаш –деп ұран салады. Ол барлық ерлерді бостандық еркіндік, ел қамы үшін күресуге, бірігіп тізе қосуға, бір тудың астына бірігуге шақырады.
Алаш айбынды ұраны,
Қасиетті құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін!»-деген бабалардың асыл мұратын ту етіп көтеріп, жастардың алдына қойған бағдарлама тәріздес еді. Алаш жұртының мақтан етерлік ұлағатты ұрпағы бола алсақ қана олардың бізден күткен үмітінің ақталғаны деп білемін! Жастарға айтарым: Елі үшін еңбек етер, мұратқа талмай жетер, Жаңа Қазақтанға,Гүлденген Қазақстанға ел ертеңі сіздер жас ұрпақтар екендеріңді әрқашан жадымызда сақтайық! Сондықтан Алаш арысы Мағжан Жұмабаевты мәңгі есімізде сақтайық, «Ер есімі –ел есінде» мәңгілік сақталмақ!Біз, яғни, қазақ халқы барымызды бағалап, ұлы тұлғаларымызды ұлықтай білетін, болашаққа деген қадамымыз анық!
Тәуелсіздік , бұл халқымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы еді.Еліміздің арманы –бостандық тәуелсіздік. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің , қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай –ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттілігін қалпына келтіре алды. Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізкен игіліктерді сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекеттігімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр. Қазіргі таңда оқушыларға , жас жеткіншектерге Алаш қозғалысы тарихы жөнінде оқытып,үйретудің маңызы зор. Оқушыларға білім беруде 8-11 сынып Қазақстан тарихы оқулығында Алаш қайраткерлері тақырыбы берілген.Оқлықта тақырып мазмұнды жазылған. Әрбір оқушыға қазақ зиялыларының атқарған еңбектерін өз мәнінде түсіндіріп, патриоттық сезімді қалыптастырамын. Еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеймін. Себебі келешекті болжай білуден бұрын өткенге көз салып, тарихты ой елегінен өткізген абзал.Біздің келешек ұрпағымызға Алаш азаматтарының еліне сіңірген шексіз еңбектерін, патриоттық рух иелерін дәріптеуіміз абзал. Оны дәріптей отырып, ХХ ғасырдың басында қазағым бодандық қамалында басына қамыт киген заманда, яғни ел басына күн туған шақта, Алаш қайраткерлерінің атқарған ерлігін ғалым ағаларымыздың тер төгіп жазған еңбектері арқылы бұлжытпай жеткізгеніміз дұрыс. Мағжан Жұмабаев халықтың ұлт санасын оятты. Олар «елім»деп еңіреніп, «халқым» деп қайысты.
Қорыты келгенде, Алаш қозғалысының , оның саяси партиясының ұлттық мемлекет турасындағы идеясын оқып, білуіміз, оны Тәуелсіз еліміздің мемлекеттілік ілімімен ұштастыра алуымыз қазіргі жаңа әлемде құрып жатқан жаңа Қазақстанымызды кемел келешеке жетелейтіні даусыз. Биыл Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл болды. Мағжан салған сара жолды болашақ ұрпаққа жеткізу-біздің ортақ парызымыз. Мағжан армандап, аңсап кеткен Тәуелсіздігімізді бекемдеп, елімізді дамыту-баршамызға үлкен міндет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Алаш қозғалысы.Құжаттар мен материалдар жинағы.Алғы сөз.1 том.А.,2004,7-бет
2. Алаш қозғалысы.Құжаттар мен материалдар жинағы.Алғы сөз.1 том.А.,2004,29-33беттер
3. Дулатов М. «Тарихи жыл» мақаласы. 8қаңтар,1917жыл.Мына кітапта:Алаш қозғалысы. 1том.А.,2004,
4.Қойгелдиеа М. Алаш қозғалысы:Монография. Екінші кітап.Алматы- Мектеп 2017.
5.Сүлейменов Д..Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы.Тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертация.Алматы2004.
6.Н.Нұрпейіс. Алаш һәм Алашорда. Алматы, 1995.
Қазақ тілі мен әдебиеті,1993,№4,3-бет
7. Қазақстан тарихы//әдістемелікжурнал,2006, №3
8. Қазақстан тарихы//әдістемелікжурнал,2009, №3
9. Қазақстан тарихы//әдістемелікжурнал,2020, №5
Достарыңызбен бөлісу: |