М. К. Ахметова Мәтін лингвистикасы


  А.Байтұрсынүлы,  Қ.Жүбанов,  С.Аманжолов  сынды



Pdf көрінісі
бет17/207
Дата07.01.2022
өлшемі4,96 Mb.
#20846
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   207
1.  А.Байтұрсынүлы,  Қ.Жүбанов,  С.Аманжолов  сынды  . 
галымдардың мэтінтапымдық  көзқарастары
Мәтін дүниежүзі лингвистерінің назарына  іліге бастаған  кезде 
қазақ  тіл  білімі  ғалымдарының  еңбектерінде  де  мәтін  мәселесіне 
қатысты ой-пікірлер козғалды. Мәселен, қазақ тіл білімінің ғылыми 
негізін салушылар - А.Байтүрсынүлы мен Қ.Жүбанов еңбектерінен 
мәтін туралы  алғашқы  ойларды  кездестіреміз.  Ғалымдардың  мәтін 
туралы ой-пікірлері тілдің күнделікті қолданысындагы, қызметіндегі 
ерекшеліктерін байқаудан туындаған болса керек. Өйткені ғалымдар 
сол  кезеңдерде  мәтінді,  оның  сипатын,  белгілерін  арнайы  зерттеу 
нысаны ретінде карастыруды мақсаг етпеген. Әйтсе де қазақтілі мен 
әдебиетін  зерттеуші  және  сол  тілді  иеленуші  ретінде  мэтін 
лингвистикасына кдтысты құнды пікірлерін біддірген. Адамзаттың тілі 
дамып  жетілгеннен  бері  қарым-қатынастың  ауызша жэне  жазбаша 
сөйлеу аркылы жүзеге асқаны мәлім. Сондыктан ғалымдардың тілдің 
жүмсапуы арқылы сөйлеу нэтижесінде туындайтын мэтіндерге катысты 
ой-пікірлерді айтуы заңды.
Ғалым А.Байтұрсынұлы мэтінді шыгарма сөз деп атайды жэне 
оның ауызша да, жазбаша да болатындығын айтып, мэтінді сөйлеудің 
бірлігіне жатқызады: «Сөз өнерінен жасалып шыгатын нәрсенің жалпы 
аты шығарма сөз, ол аты қысқартьшып шыгарма деп айтылады. Ауыз 
шығарған  сөз  болсын,  жазып  шығарған  сөз  болсын  бәрі  шығарма 
болады»  /1,  344/.  А .Байтұрсынұлы  м этіннің  (ш ығарманың) 
тақырыптан,  ал  мәтін  (шығарма)  мазмұнының үш  мүшеден  яғни, 
аңдату, мазмүндау, цорытудан түратынын және айтушы ойының өзге
27


үщін бағытталатьшьш, сондыктан ойды өзгелер қиналмай түсінетіндей 
қылып жеткізу керектігін сөз етеді /1,344-345,  349/.
Ғалымның мэтін тақырыбымен байланысты «Әңгімедегі пікір не 
нәрсе  туралы  болса,  сол  нәрсе  шығарманың  тақырыбы  болады. 
...Әңгімедегі  пікір  не  туралы  екенін  күн  ілгері  білдіру  үшін, 
шығарманың  тақырыбы  басынан  койылады.  «Айман-Шолпан», 
«Бақытсыз Жамал», «Қобыланды батыр», «Атымтай Жомарт» деген 
сөздер  шығарманың тақырыбы  болады.  ...Әңгіме  басында тұрған 
«Айман-Шолпан» яки «Бақытсыз Жамал» деген сездерді  көріп, кім 
туралы екенін бірден білеміз. Бірақ шыгарма сөздің бәрінің де басына 
тақырыбы қойылабермейді.... такырыбы басына қойылмаған сөздер, 
мэселен, өлеңдер бастапқы жолындағы сөздермен аталады» /1, 344/ 
деген ойлары - қазіргі мэтін лингвистикасында калыптасып орныкдан 
пікірлер.  Шындығында,  тақырыпсыз  мэтін  болмайды.  Мәтіндегі 
құрылымдық элементгер сол тақырып негізінде өрбіп, такырыпты ашу 
үшін колданыскатүседі. Сондыктан мзгін тақырыбынсыз оның түзілуін 
сөз етудің өзі артық. Мэтін тақырыбы мен мэтіннің аякгалуы бір-бірімен 
ажырамас  бірлікте  қарастырылуы  тиіс.  Өйткені  тақырып  арқылы 
берілетін хабардың неден бастау алу керектігі айқындалса, мэтіннің 
аякталуы бастапган нэрсенің қай уақытта болса да тамамдалатынын 
мензейді. Такырып мәтіннің аякгалуын көрсетеді. Кей уақытга мэтіндер, 
эсіресе,  өлеңдер  такырыпсыз-ақ  беріле  береді,  мұндайда  тақырып 
кызметін алғашқы сөйлем атқарады.
Ғалым  мэтінді  дұрыс  кұру  үшін  оны  ұйымдастыратын  тілдік 
бірліктердің  мағына  жағынан  да,  тұлга  жағынан  да  байланысып 
жатуына  баса  назар  аудару  керектігін  айтады.  Өйткені  автордың 
сөйлеген  не  жазған  сөзін  екінші  бір  адам  қиналмай  қабылдап, 
гүсінетіндей  болуы  керек.  Осы  пікірлерінен  мәтінді  катысымдық 
қызметі бар, екі субъектінің арасын байланыстырушы тұлға ретінде 
карастырып отырғанын аңғарамыз. Ал мэтіннің өзгенің кабылдауына 
түсінікті  болуын  сөз  етуі  қазіргі  таңдағы  мәтіннің  осы  қырын 
айқындайтын психолингвистиканың мэселелерімен үпггасады.
А.Байтүрсынүлы өз еңбегінде өрнекті сөйлемдер (оральш) деген 
терминдік атауды бірнеше сөйлемдердің тізбегін білдіру мақсатында 
қолданады. Ғалым: «Өрнекті сөйлемді иіріп-жиырып, жай сөйлемге 
айналдьфуға болады. Жай сөйлемді жайып, далитып, өрнекті сөйлемге 
айналдыруга болады. Өйткені өрнекті сөйлем қанша үлкен болғанмен, 
бәріне  қазық  болатын  бас  пікір  жалғыз-ақ болады.  Ол  пікірді  көп 
сөйлеммен  үлғайтып  айтуға  да  болады.  Ол  пікірді  шағындап,  аз
28


сөйлеммен айтуға да болады». Ғалым «Халык; басына қайгылы күндер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   207




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет