лингвисгикасына катысты көптеген ой-ггікірлерін білдіреді жэне күрделі
синтаксистік бірлікке байланысты езі айтқан алғашқы көзқарасын да
енгізді.
Қазақ тілінің синтаксис саласында өзіндік із қалдырған
ғалымдарымыз С.Аманжолов пен Т.Қордабаевтың пікірлерінен
үңдесгікті көреміз. Аякталған ойды білдіру үшін бірнеше сөйлемдердің
қолданылу қажеттігі туралы Т.Қордабаев былай дейді: «Логикада
сөйлем аякгалған ойды біпдіреді деген анықгама бар, бірак ойды аякгау
үшін кейде бір емес, толып жаткан сөйлемдер айту қажеттігі
тәжірибеден белгілі. Сөйлем аякталған ойды емес, жеке ойды білдіреді.
Ондай жеке ойлар қисындылық жағынан аяқтапмауы да мүмкін.
Сондықтан сөйлем - аякталған ойды емес, жеке ойды оған тетелес
басқа ойдан бөліп көрсететін коммуникагивтік дербес тұлға» /6,5-6/
. Сөйлем шындық болмыс туралы жекелеген хабарды берсе, ал
сейлем тізбегі - мэтін тұгас, толық хабарды жеткізеді.
Т.Қордабаев құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысаны
ретінде кұрмалас сөштемдермен қатар сөйлемдер тіркесінен кұрапатын
күрделі синтаксистік бірлікті де алып қарастыру қажеттігін айтады.
Күрделі синтаксистік бірлікті кұрмалас сөйлем синтаксисі кұрамында
алып қарастырмағанмен, оны өз алдына зерттеудің қажеттігін кейінгі
зерттеушілер қолдап, бірнеше ғылыми зерттеулерін арнаған болатын
(Б.Шалабай, Ж.Жакупов, С.Мұстафина, Ж.Қайшыгұлова т.б.).
«Құрмалас сөйлемнің құрылымы» деп аталатын бөлімде ашық
кұрылымды және жабық құрылымды құрмаластар туралы айта келіп,
ашық кұрылымды қүрмаласта баяндалып отырған окиғаның бір-екі
компонентпен тиянакгалмай, ойдың жалғасатыны байкалып тұратыны,
соның нәггижесінде бірнеше жай сөйлем құрмаласа кеяіп, синтаксисгік
күрделі бірлікті құрайтыны туралы сөз етеді. Ашык құрылымды
болатьш себебі - мұндай сөйлемдерді одан эрі жалғастырып толықгыра
беруге болады. Сондыкган ашық құрылымды кұрмалас сөйлемдердің
көп жағдайда синтаксистік күрделі бірлік ретінде қаралатындығын
айтады. Осы ойды дәйектеуге мына мысал берілген:
Дәл осы кездің
көрінісі қызық: көкжиекте қызыл жалын сәуле пайда болды,
ңоюлана бастаган көгілдір аспан бетінде селдір бүлттар көрінді,
баяу сощан самал жел де тынып, дүниені тацгажайып мүлгіген
бір тыныштыц биледі (І.Есенберлин). Бүл мәселеге күрделі фразалық
іүгасымдарды сөз ету барысында оралатын боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: