М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007



бет9/25
Дата09.06.2023
өлшемі429 Kb.
#99983
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
1.7 Мәшһүр Жүсіптің ойлану өлеңдері

Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық табиғатын сөз еткенде, оның шартты түрде болсын, бөлек аталымға ие боларлық ойлану өлеңдерін (медитативті лирика) арнайы қарастыру қажеттігі туары анық.


Орыс әдебиеті сынына қарасақ, лириканың жанрлық табиғатын арнайы зерттеген Г.Н. Поспелов А.Блок өлеңін келтіреді де, ондағы сөзбен бейнелеу деталдарының бәрі ауыспалы мәнде келетінін дәлелдеу арқылы оның медитативті өлеңге жататынын діттеген: «Вот, например, две первые строфы стихотворения А.Блока:
Есть минуты, когда не тревожит
Роковая нас жизни гроза.
Кто-то на плечи руки положит,
Кто-то ясно заглянет в глаза ...

И мгновенно житейское канет,


Словно в темную пропасть без дна ...
И над пропастью медленно встанет
Семицветной другой тишина ...
Здесь все детали словесной изобразительности иносказательны. Даже два последних стиха первой строфы («кто-то на плечи ... и т.д.) не означают каких-то бытийных отношений, но метафорически выражают душевное состояние собирательного лирического субьекта («мы»). Это - лирика собственно медитативная [25, с.88]. Г.Н. Поспеловтың екінші пікірі де ой саларлық: «Сравним две первые строфы из другого стихотворения того же [А. Блока – М.Б.] поэта:
Болотистым, пустынным лугом
Летим. Одни.
Вон, точно карты, полукругом
Расходятся огни.
Гадай, дитя, по картам ночи,
Где твой маяк ...
Еще смелей нам хлынет в очи
Неотвратимый мрак.
Здесь изобразительность первой строфы лишена иносказательности и имеет прямое предметное значение («Пустынный луг», «огни» приближающегося города). Но во второй строфе на его основе уже возникают отвлеченные метафоры «карты ночи», «твой маяк», «неотвратимый мрак» и т.д. – выражающие смятенное духовное состояние лирического субъекта. Это стихотворение – изобразительно-медитативное» [25, с.88-89]. Міне, мұнда алғашқы екі тармақтағы: «Елсіз шалғын», жақындай түскен қаланың «оттары», - астарлау емес, нақты көріністер болса, екінші бөлімдегі: «Түндердің картасы», «Сенің шырағың», «ажырамас түнек» т.с.с. – лирикалық субъектінің рухани жай-күйі абыржуын бейнелейтін медитативті – бейнелеу өлеңіне жататыны айтылады. Ал, поэтикалық терминдерге арналған сөздікте: «Адам өмірі мәселелері жөнінде терең толғаныс сипатына ие болған философиялық өлеңнің, лириканың түрі, достық, махаббат, табиғат т.с.с. туралы ойлану т.с.с. [26, с.152].
Осы орайда «ойлану» өлеңдерін философиялық өлең ретінде қарастыруда ойланарлық жайттер баршылық [35]. Қазақ әдебиеті сынында бірыңғай ақыл айту, дидактика деп жүрген өлеңдер мәнін төмендетпеу керектігі айтылады. Мәселен, Ә.Тәжібаев: «Осы жерде тағы бір аялдай кетерлік мәселе бар. Біз соңғы жылдары «сезім-сезім» деп жүріп ақылшы өлеңдердің бәрін «дидактика» деген теріс ұғыммен кебіндеп тастайтын, поэзияға қарама-қарсы құбылыстай түсіндіретін болдық. Бұдан зияннан өзге тапқанымыз жоқ. Ұлы ақындардың ақыл айтпағаны болған емес. Мен тіпті ақыл айтпаған ақын – ақын емес дер едім. Мәселе тек қалай жазуда. Қадыр көп өлеңдерінде ақылды қалай айтуды жақсы біледі» [36]. Өлеңдегі ойлылық, ондағы философияның мәні туралы айтылған Ә.Жәмішев пікірі де көңіл бөлерлік «Поэзиядағы ойлылық дегенде, соның қаншалықты тереңдігі мен өміршеңдігін, ой алтыны мен жезін айыра алмай өте шығамыз. Тегінде, біз өзімізбен замандас, жолдас, ойлас, сырлас поэзияны, бүгінгі өміріміздің, бүгінгі озық адамның философиясымен өзектесіп жататын, соны айтатын поэзияны ардақ тұтпағымыз лазым» [37].
Ойсыз өлең болуы мүмкін еместігіне Асқар Егеубаев та кезінде арнайы көңіл бөлді: «Ойды өрбіту, ойды процесс ретінде дамыту; сюжетті лирикаға, өткір, нақты сөйлеуге ден қою – қазіргі поэзияның өзгеше өзекті сипаттарының қатарында. Түптеп келгенде бірыңғай ойға құрылған өлең дегенге нану қиын. Себебі: ойсыз өлең болуы мүмкін емес» [38].
Көне шығыс поэзиясында ойлы өлеңді ту етіп ұстаушылар аз болмаған. Соның бір көрінісі Сағдидің «Гүлістан» дастанындағы мына бір жолдар:
Бермесең өз қолыңнан қазынаңды,
Қаныңды дәуріштер ағызар-ды ...
Не аулақ сұмдардан без сары көйлек,
Не құтыл бәрін бер де, шағын сөйлеп.

Адаммен достастың ба пілге мінген,


Аулаңнан орын сайла дүрге бірден.

... Темірдің нәби Дәуіт қолындағы


Балқуын балауыздай Дұқман көріп,
«Сен қалай істедің?» деп жалынбады,
Білді ол сыр шығарын сыртқа толық [39].
Мәшһүр Жүсіпке кейінгі қазақ ақындары жазғандарына үңілсек, «ойлы», немесе философиялық толғаныс өлеңдеріне тап боламыз:
Күнәм-жойқын, тәубем –аз,
Тіршіліктен не таптым?
Дүние – жемтік, мен – төбет,
Соны бақпай, не бақтым?
Ырылдасып әркіммен,
Не қапқыздым, не қаптым.
Дулат Бабатайұлы [40].

Ауру жүрек ақырын соғады жай,


Шаршап қалған кеудемде тулай алмай.
Кейде ыстық қан басып кетеді оны,
Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.

Қараңғы саңырау қайғы ойды жеңген,


Еркелік пен достықты ауру көрген.
Ақылы жоқ, ары жоқ шуылдақты
Күнде көріп, тұл бойы жиіркенген.

Тірілтіп өткен күнді, тағы шөлдеп,


Осы күнді күн демес қарғап, міндеп.
Кейде тілеп бақ пенен тағы тыныштық,
Кейде қайғы, азапты тағы да іздеп.

Кейде ойлайды жылауға қайғы зарын,


Тынышсыз күнде ойлаған дерттің бәрін
Кейде онысын жасырар жұрттан ұрлап,
Кетірер деп мазақтап беттің арын.

Ауру жүрек ақырын соғады жай,


Өз дертін тығып ішке, білдіре алмай,
Кейде ыстық тағы да қан басады,
Кейде бір сәт тыншығар үн шығармай.
Абай. 1898 ж. [21, 285 б.].
Міне, бұл өлеңді жалаң ақыл айтуға құралған деп айта алмаймыз. Бұл ойлауға, философияға толы нағыз «ойлы» өлең үлгісі.
Мәшһүр Жүсіптің ойлы, немесе философиялық өлеңдері біртекті болып келеді. Оның біразы таза ойлауға, ой салуға, өзекті идеяны ақын айтпай, оқырманның өз сараптауына арналған:
Көрінбес өз көзіңе, тіпті өз бойыңа:
«Өзімді - өзім білемін!» - деуді қоюыңа.
«Өзімді - өзім білемін!» - деп ойласаң,
Адасқан айдалаға бұл бір диуана.

Көк пен жер айдай ғалам көрген көзі,


Еш уақта көре алған ба өзін-өзі?!
«Қол аясы тұта алмас өз білегін» -
Деген бар бұрыңғының мақал сөзі.

Ыңғайшыл дөңгеленіп келсе жолдас,


Алданған оны дос деп, әр кез оңбас.
Малдандың-ақ, алдандың, айтқан сөзін,
Ыңғайыңа көшкеннен күн бұрын қаш!

Анық досың ғайыбыңды айтқан жүзге,


Жанашырды жоқ деп біл онан өзге.
Қақ маңдайы дұшпанның жалғандағы –
Мақтағышы өзіңді көзбе-көзге [24, 90-91 б.]!

Міне, бұл туындының үгіт айту, дидактикалық өлеңге жатпайтыны анық. Ақынның енді бір шығармаларында әрі ақыл айту, әрі бейнелеу, әрі ойға берілу, ойлылық қатар отау тігеді:


Бәйгеден көзге түстің, озған күнде,
Қолыңды сермемедің созған күнде.
Керек қып кім алады бір тиынға,
Атлас, ақ пұл ескіріп, тозған күнде?!

Қадірлеп әркім сілкіп, тұсына ілді,


Құныңды-пұлың менен әбден білді.
Жаялықтан басқаға жарамайсың,
Қадірлі сенен – қой жүн шекпен енді!

Күндіз-түні өртенумен от жанады,


Өртте қалған шаланы кім алады?!
«Баяғыда мен сондай» ... – дегеніңмен
Жүз ант іш, құран алып, кім нанады?!

Тұтатып, жас ағашты жандыра алмай,


Сусынды, қор қыласың, қандыра алмай!
Қой енді, тілімді алсаң, ауыз ашпа,
Шаршайсың жалғыз жанды нандыра алмай!

... Жалғаны жоқ, мен шын сөз айтам онан,


Таусылып бітесің ғой, жұтуменен қан.
Бір үйде мың жыл жалғыз отырсаң да,
Қасыңа, аяп сені, келмейді жан [24, 104 б.].

Біз келтірген өлең жолдары тікелей ойлануға құрылса, оған дейін және одан кейін де лирикалық қаһарман өміріне қатысты оқиғалар баяндалуы т.с. орын алуы – бәрі шартты түрде бөлініп алынған өлеңдерде де лириканың бір түріне емес, бірнешесіне тән сипаттар қатар, аралас өмір сүре беретінін, тек лирикалық қаһарманның өзіндегі толғанысы, сол арқылы өзіндік бітімі қалыптасуы нәтижесінде ғана лирика жанры аясымен шектелгенін көрсетеді.


Ақынның ұзақ өлеңдерінде жанрдың әр түрі аралас сап түзеуі заңды делік, бірақ бас-аяғы 4-ақ шумақтан тұратын туындыда да сол шартты араластықтың әсері жоқ емес:
Бұл қарын бір күн тоймақ, бір күн ашпақ,
Күнде тойып отырса, тым-ақ жақсы-ақ.
Бұрыннан келе жатқан жаман әдет –
Қарны ашқан қаралы үйге қарай қашпақ.

Не болар жеген тамақ арын сатып,


Тұрған жоқ еріп іші, сені ұнатып!
«Бір тойған – шала байлық» - деген қазақ
Қызығып тойғандыққа қалар жатып.

Бұрыңғылар: «Балалы үй – базар» - деген,


Жарасар сондай үйде ішкен-жеген.
Баласы жоқ думан ғып отыратын, -
Үйдің атын бұл бір «қу мазар» - деген.

Осы күнде дағдарып, бұл жұрт сасқан,


Кез болып бір пейілге асқан-тасқан,
Тарының қауызындай болмай қалды,
Астың – жер, болғанменен үстің аспан! [24, 185 б.].
Көріп отырғанымыздай, бастапқы үш шумақта әрі дидактикалық сарын, әрі философиялық толғаныс қатар сап түзесе, ең соңғысы астарлауға құрылып, шығармаға соны бір тұжырым арқалатып тұрғаны анық. Міне, мұндай ойлылық, философиялық мән ақынның «Бұл бір түрлі сөйлегені» өлеңіне де тән [24, 142 б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет