М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007



бет8/25
Дата09.06.2023
өлшемі429 Kb.
#99983
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
1.6 Мәшһүр Жүсіптің мадақ өлеңдері

Сөз болып отырған кезеңдегі қазақ лирикасының, оның ішінде Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің алар орнын межелеу үшін ақынның мадақ өлеңдерін де арнайы қарастырған жөн. Сөз жоқ әр кезде, әр кезеңде мадақ өлеңдердің түрліше аталуы, оған қилы міндеттер артылуы – бәрі бұл түрдің де өз өрнегі, өз орны бар екендігіне сәуле түсіре алады. Орыс әдебиетінде мадақ өлеңі «ода» деп аталса [33], шығыс әдебиетінде «қасида» өлең түрі [34] бар екені мәлім. Мақтау өлеңдерінің қазақ поэзиясында орын алатынына А.Байтұрсынов та көңіл бөлген [15, 269 б.].


Мадақ өлеңнің Мәшһүр Жүсіпке дейнгі даму тарихына да біраз көңіл бөлгіміз келеді:
Бәрін айт та, бірін айт,
Қабағын қара сусар бөрік басқан,
Жауырнын күшіген жүнді оқ жанышқан,
Қалжуырдай шаншылған,
Күшігендей шоңқайған ...
Он екі құрсау жез айыр,
Қара мылтық жұмсаған,
Бұ жиынның ішінде
Қара найман Жақан бар [Естерекұлы ер Шобан]

Басыңа біткен күніңіз,


Құтты болсын ұлыңыз,
Хан Абылай атандың,
Дүниеден шықпай мініңіз.
Алтын тақтың үстінде.
Үш жүздің басын құрадың.
... Арманың бар ма, Хан ием?! [Бұқар жырау] [19, 91, 135 б.]
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әр кезде әр адамдарға арнаған: «Өтеміс абыз», «Тайкелтір би», «Ізбас қажы», «Қажымұқан», «Иса Шорманұлы» өлеңдерін идеялық-тақырыптық негізіне, арқалаған жүк сипатына т.с.с. қарап «мадақ өлеңдері» түрі ретінде арнайы қарастырамыз. «Өтеміс абыз» туындысы - әрі хикаят өлең, яғни оқиғалы, сюжетті өлең үлгісі, әрі «мадақ өлең» дегенге де келеді. Бұл да «Өлең түрлері», немесе «Жанр түрлері» - деп бөлудің шартты ұғым екенін, өйткені таза жанр түрі бола бермейтінін, қайта бір түрдің деп алғанның ішінде екінші бір түр сипаты орын ала беретінін көрсетеді. Бұған дейінгідей бұл жолғы бөлуде де біз қай жанр түрінің қаншалық үстемдік, жетекшілік етуін, яғни белгілі бір түрдің қаншалық басылымдығына сүйеніп жіктеп бөлуді жүргіздік. Шығармада екі оқиға бар: оның біріншісі бір лирикалық бейненің түнде үйіне келген ұрыға яғни екінші лирикалық бейнеге жанашырлық білдіруі болса, екіншісі намазға отырғанда, қасқырдың екі қойын қуып кетуіне алаңдап, намазын бұзбауы, дін жолына беріктігі. Ал, осы екі оқиғаны біріктірудегі өзекті идея тұрғысынан келсек, ол Өтемістің Алла жолына, мейірбандыққа шын берілгенін дәлелдей отырып, оны мадақ етудің алға шыққандығы дер едік.
Мәшһүр Жүсіптің «Тайкелтір би» өлеңі де әрі сюжетті, оқиғалы туынды үлгісі де, әрі мадақ өлең түрі деуге негіз толық. Өлеңде Тайкелтірдің бала кезінде қандай қиындық көргені, інісімен екеуі үйінен қашып Ташкент қаласына барып іліккені, бір дауға байланысты қала ханы Ежен жұртты жинағанда, адамдармен бірге барып, берілген сауалға жауап беріп, өз жай-күйлерін баяндағаны айтылады. Ақырында хан бұған өзіне тірелген, шешілуі қиын үш дауға төрелік айтуға рұқсат береді де, Тайкелтір тапқырлығымен көзге түседі.
«Ізбас қажы» туындысы да әрі оқиғалы, сюжетті туынды, әрі мадақ өлең үлгісі. Онда Ізбастың қажылық сапарда қандай бейнет шеккені, оны қалай жеңгені, түрлі оқиғаларды бастан кешіргені баяндалып келеді де, соңында ақынның қажылыққа барған қаһарман ісіне қарама-қарсы сол кездегі ел ішіндегі әрекетсіздікті, берекесіздікті т.с. ашық мінеуі беріледі. Мәшһүр Жүсіптің «Қажымұқан» (1923 ж.) өлеңінде де әрі оқиға, әрі мадақ қатарласа өрілген:
Мәдине, Құдыс-Шәрип, Мекке барған,
Талай балуан күрескен арабтардан.
Қазақ атын шығарып жеті жұртқа,
Өзгеге қымбат, бұған болған арзан.

Бұл күнде тұрған жасы қырықтан асқан,


Елуге емес әлі аяқ басқан.
Жасасын, ер жасасын, жасымасын,
Жеті ықылымға қазақтың атын шашқан!
Белгілі бір лирикалық бейне өмірін әрі кең қамтып, сонысымен де эпосқа, дастанға біраз жақындаса да сол көрсеткенінің бәрі бір ғана лирикалық қаһарманның бірер сәттегі толғаныс айнасы тұрғысынан беруімен де лириканың жанрлық сипатын сақтап, жанр мүмкіндігін көп кеңейтудің үлгісі ретінде көзге түсетін туындының бірі – ақынның «Иса Шорманұлы» (1902) өлеңі дер едік. Онда белгілі бір лирикалық бейненің, Иса Шорманұлының елі үшін еңбек еткені, Алла жолын, әділдікті ту етіп ұстағаны ол атқарған жұмыстар арқылы кеңірек ашылып бейнеленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет