Сұлбаны жинау және элементтерді жою Әрбір элементтің екі қысқашы болады. Сұлбаны жинау үшін курсорды элементтің бір қысқашына ақырындап апарып тигізсек, онда түйін пайда болады, сол түйінді тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, жібермей, апарып курсорды екінші элементтің қысқашына тигізсек, онда да түйін пайда болады да, тізбек қосылады. Осы тәртіппен қалған элементтердің (резисторларды, жерге тұйықтау көзін және қорек көздерін) бәрін зертханалық жұмыстың әдістемелік нұсқаулығындағы сұлбада көрсетілгендей етіп толық сұлбаны жинауға болады.
Қажет болса, мысалы, сымдар бір-біріне тым жақын болса немесе элементтің үстінен өтіп кетсе, сымды жылжытуға болады. Курсорды өткізгішке тигізсек, сонда қос ұшты жебе пайда болады, сол кезде өткізгішті қажет жерге жылжытуға болады [3,4].
Екі өткізгішті қосу үшін және сынақ нүктелерін құру үшін пассивті элементтер тобындағы байланыс түйінін қолданады. Торапта төрт өткізгіш қосуға болатын, ортасынан бағытталған төрт түйреуіш бар, олардың әрқайсысы бір [3,4].
Өткізгіштерді түрлі -түсті сызықтармен Circuit мәзірінен Wire color пәрмені арқылы немесе өткізгіш кескінін екі рет шерткеннен кейін түс таңдау арқылы жасауға болады [3,4].
Егер сіз сымды жоюыңыз керек болса, курсорды осы сым қосылған элементтің қысқашына тигізу керек, осылайша қысқаштағы түйін белсенді болуы керек және тышқанның сол жақ батырмасын басып жібермей сымды қысқаштан бері сыртқа тартып алып шығып тышқанның түймесін босату керек.
Егер сіз жұмыс алаңынан элементті немесе құралды топқа, компоненттер панеліне шығарып тастасаңыз, онда осы элементке қосылған барлық байланыс желілері де жоғалады [3,4].
Әр-бір элементтерді, құралдарды немесе екі элементтің арасындағы сымды жою үшін, элементтер белсенді, ал сым толығырақ қара түске боялуы керек. Сол кезде курсорды белсенді элементтерге апарып тышқанның оң жақ батырмасын екі рет бассақ, кішкентай терезе шығады сондағы Delete кнопкасын басу керек [3,4].
Потенциалы нөлге тең болатын түйіндердің біреуі, оған пассивті элементтер тобынан «жерге қосу» арқылы қосылуы керек.
Элементтердің параметрлерін бекіту Элементтердің параметрлерін бекіту үшін курсорды белсенді элементке тигізіп тышқанның оң жақ батырмасын бір шертіп қалу керек. Содан кейін шағын диалогтық терезе шығады мынадай жазулармен Component Properties-элемент параметрлерін орнату; Delete - элементті жою; Flip Vertical - элементтің тік тұрғандағы айнадағы бейнесі; Flip Horizontal-элементтің көлденең тұрғандағы айнадағы бейнесі. Егер осы терезеде Component Properties-ні бассаңыз, онда элементтің параметрлерін таңдауға болатын екі қойындысы бар диалогтық терезе шығады Label және Value.
Label-ді бассақ элементтердің аты-жөнін жазуға болады E,R,L,C т.б.с.с. Value-ді бассақ элементтердің номиналды мәндері, яғни өлшем бірліктері kOm,V,A т.б.с.с. Үндемеген жағдайда кернеу көздеріне 12 В, ток көзіне-1 А, резисторларға-1kOm т.с.с. бекітіледі. Және осы шағын терезеде элементті жоюды Delete-ні басуға болады [3,4]. Ал енді, курсорды амперметрдің, вольтметрдің немесе басқа элементтің кескініне апарып тышқанның оң жақ батырмасын екі рет бассақ сол амперметрдің, вольтметрдің немесе басқа элементтің параметрлерін, өлшеу режимдерін тиісті зертханалық жұмыстың талабы бойынша төмендегідей өзгертуге болады:
Амперметрдің ішкі кедергісінің мәні (үндемеген жағдайда 1mОм), өлшенетін токтың түрі (DC-тұрақты, AC-айнымалы). Вольтметрдің ішкі кедергісінің мәні (үндемеген жағдайда 1МОм), өлшенетін кернеудің түрі (DC-тұрақты, АС-айнымалы) [3,4].
Сұлбаны іске қосу Жиналған сұлбаны іске қосу үшін, жұмыс алаңының оң жақ жоғарғы жағында орналасқан ажыратқышқа курсорды апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып қалу керек. Сұлбаның жұмыс істеуін кідірте тұру (Pause) үшін ажыратқыштан төменірек орналасқан батырманы курсормен басып қалу керек. Кідіре тұру(Pause) батырмасын екінші рет бассақ онда сұлба жұмысқа қайта қосылады.
Жұмыс туралы қорытынды Әрбір студент өткен материалды түсініп алып, игеруіне қарай EWB бағдарламасында элементтерді, құрал- саймандарды (аспаптарды) өз- беттерімен таңдап алып, бері қарай жұмыс алаңына шығарып алып қарапайым сұлбаны жинап, оны моделдеуді білуі керек.
Келесі сабаққа тапсырма Келесі №2 зертханалық жұмыс студенттердің өз беттерінше шығармашылық сабағы болып табылады. Келесі жұмыста, әрбір студент өздерінің шығармашылық қабілеттеріне қарай, мектептің бағдарламасын еске түсіріп үйден өз беттерінше 3 сұлба құрастырып, дәптерге сызып келулері тиіс. 1-ші сұлба – 4 элемент (резистор) тізбектей қосу; 2-ші сұлба – 3 элемент (резистор) қатарлап қосу; 3-ші сұлба – 6 элемент (резистор) аралас қосу.
Бақылау сұрақтары EWB бағдарламасының толық аты қандай?
EWB бағдарламасы не үшін қолданылады?
EWB бағдарламасының жұмыс терезесінің құрылысын қандай?
EWB бағдарламасының компоненттер бөлігі қандай-қандай топқа бөлінеді?
EWB бағдарламасының пәрмендер панелі қандай бөліктерден тұрады?
Элементтерді жұмыс алаңына қалай шығарамыз?
Элементтердің параметрлерін қалай өзгертеді?
Элементтерді жұмыс алаңында қалай қозғалтады, қалай өшіреді?
Элементтерді бір орындарында қалай бұруға болады?
Мультиметр қызметі не?
Элементтерді тізбектеп жалғағанда олардағы ток қалай өзгереді, кернеу қалай өзгереді?
Элементтерді қатарлап жалғағанда олардағы ток қалай өзгереді, кернеу қалай өзгереді?