М., Омирова Н. И. «Электротехниканың теориялық негіздері»



бет3/12
Дата01.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#112094
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Методичка каз

Элементтерді жұмыс алаңына шығарып алу
Мысалы: Сұлба бойынша бізге қорек көзі керек болса онда курсорды 1-ші топтың пиктограммасына апарып тышқанның сол жақ батырмасын бір бассақ, сол топта шоғырланған барлық элементтердің қатары шыға келеді (1.4 суретке қараңыз) [3]. Мұнда «жерге тұйықтау» элементінен бастап екі қатарда 23 элемент бар. Енді осы топтағы 23 элементтің 2-ші элементінің бетінде «Тұрақты кернеу (ЭҚК) көзі немесе аккумуляторлық батарея»-ның шартты белгісі бейнеленген, түймеге курсорды апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып бері жұмыс алаңына шығарып аламыз да, тышқанның сол жақ батырмасын жібереміз. Ал, егерде бізге «жерге тұйықтау» элементі керек болса, онда курсорды 1-ші элементтің шартты белгісі көрсетілген пиктограммаға апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, бері терезенің жұмыс алаңына сүйреп алып шығамыз да тышқанның сол батырмасын жібереміз. Дәл осы сәтте элементтер жұмыс алаңына қызыл түсті болып шығады, бұл деген сөз элементтер бастапқы кезде белсенді болып тұрғанын көрсетеді. Сәлден соң олар қара түске өзгереді, белсенділігін жояды немесе оның белсенділігін жою үшін курсорды элементтен тыс жерде тышқанның сол жақ батырмасын басу керек. Сұлбада қандай элементтер көрсетілген, оқушыға қандай элемент керек, сол элементтерді осылай жұмыс алаңына шығарып алуға болады.



1.4 сурет - Sources-қорек көздері тобы


«Жерге тұйықтау» (заземление). «Жерге тұйықтау» элементі нөлдік кернеуге тең
Тұрақты кернеу (ЭҚК ) көзі немесе аккумуляторлық батарея.
Тұрақты токтың көзі
Айнымалы синусоидалы кернеу көзі
Айнымалы токтың көзі

Ал, бізге резистор керек болды делік, онда курсорды «пассивті элементтер» тобының 2-ші элементі резистордың шартты белгісі (бағдарламаны ойлап тауып, құрастырған елдің стандарты бойынша) көрсетілген пиктограммаға апарып тышқанның сол жақ батырмасын бір бассақ, сол топқа шоғырланған барлық элементтердің пиктограммалар қатары шыға келеді (1.5 - суретке қараңыз) [3]. Мұнда 20 элемент бар. Енді, курсорды резистордың шартты графикалық белгісі көрсетілген, түйіннен кейінгі 2-ші пиктограммаға апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің жұмыс алаңына сүйреп алып шығамыз да тышқанның сол жақ батырмасын жібереміз. Сонда, бізге керекті 4-5 резистордың біреуі бар деп есептеп, қалған үшеу-төртеуін дәл осылай жұмыс алаңына шығаруға болады. Айырғышты қосу, ажырату үшін пернетақтаның пробел батырмасын басамыз.





1.5 сурет - Basic-(Passive) пассивті элементтер тобы


Түйін, элементтерді және аспаптарды жалғау үшін қолданылады
Резистор - кедергі
Айнымалы резистор (реостат)
Сыйымдылық (конденсатор)
Индуктивтілік (катушка индуктивности)
Айнымалы сыйымдылық
Трансформатор
Айнымалы индуктивтілік
Айырғыш

Ал егерде бізге амперметр немесе вольтметр керек болса, онда курсорды 10-шы-Indicators- индикаторлық құрылғылар тобына апарып тышқанның сол жақ батырмасын бассақ, экранға сонда шоғырланған барлық элементтер шығады (1.6 суретті қараңыз) [3]. Мұнда 9 элемент бар. Бағдарлама бойынша амперметр мен вольтметрдің шартты белгілері төртбұрыш болып келеді және бір жақ қабырғасы қалыңырақ сызықпен белгіленген бұл құралдың теріс қысқашына сәйкес келеді дегенді білдіреді. Амперметрде, вольтметрде – айнымалы токтың немесе тұрақты токтың тізбектеріндегі токты, кернеуді өлшеу үшін қолданылады және айнымалы токты немесе кернеуді өлшеген кезде амперметрде, вольтметрде токпен, кернеудің әсерлік мәндерін көрсетеді.





1.6 сурет - Индикаторлық құрылғылар тобы

Амперметрмен, вольтметрді жұмыс алаңына шығарып алу, алдынғы элементтерді шығарып алған тәртіптермен бірдей. Құралдарды, элементтерді көлденең орналасқан кезін, тік орналасуына және керісінше тік орналасқан құралды, элементті көлденең орналасуына ауыстыруға болады, тек-қана элемент те, құрал да сұлбаға қосылмай тұрған кезде. Әйтпесе, олар сымдарға оралып қалады. Алдын-ала белсендірілген элементті сағат тіліне қарсы 90° бұру Rotate командасымен жүзеге асырылады. Ол үшін курсорды бағдарламаның жұмыс терезесінің көрінісі 1.1 суреттегі 3-ші қатардағы пәрмендер панелінің 8-ші Rotate пиктограммасын бассақ құрал бір орнында 90°-қа бұрылады. Осылай кез-келген элементті оңға солға бұруға болады.


Мультиметр деген құрал тізбектегі токты, кернеуді, кедергіні және сұлбадағы екі бақылаудағы түйіндердің арасындағы сигналдың әлсізденуін децибел (dB) шамасында өлшеуге қолданылады.
Ал, егерде бізге мультиметр керек болса, онда курсорды «бақылап-өлшеуіш құрылғылар» 13 тобының пиктограммасына апарып тышқанның сол жақ батырмасын бассақ, экранға «бақылап – өлшеуіш құрылғылар» тобында шоғырланған барлық элементтер шығады (1.7 сурет) [3]. Мұнда 7 элемент бар.



1.7 сурет - Бақылап-өлшеуіш құрылғылар тобы

Енді курсорды мультиметрдің кескіні бейнеленген пиктограммаға апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, бері терезенің жұмыс алаңына алып шығуға болады. Енді, сол кішкентай мультиметрдің бейнесіне курсорды апарып тышқанның оң жақ батырмасын екі рет бассақ сол мультиметрдің бет бейнесі (1.8 сурет) шығады.





1.8 сурет – Мультиметр

Мультиметрдің бет бейнесінде өлшеу нәтижелерін көрсететін дисплей, сұлбаға қосатын қысқаштар және басқару батырмалары бар. Ток, кернеу, кедергі және әлсізденуді өлшейтін батырмалар, тұрақты ток және айнымалы кернеуді өлшеуге арналған екі батырма орналасқан.


Мультиметрдің жұмыс режимі оның бетіндегі батырмалармен тышқанның көмегімен анықталады. Мультиметр төмендегідей 4 режимде жұмыс істей алады:
А -токты өлшеу режимінде (амперметр режимі) ішкі кедергісі 1mОм= Ом (үндемеген жағдайда);
V -кернеуді өлшеу режимінде (вольтметр режимі) ішкі кедергісі 1МОм= Ом (үндемеген жағдайда);
Ω-кедергіні өлшеу режимі (омметр режимі);
dB-сұлбаның екі түйінінің арасындағы кернеудің әлсізденуін децибел шамасында өлшеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет