М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет100/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Бейімделістің түрлері. Қазір бейімделістің əралуан түрлері болғанымен, көпшілік мақұлдаран топтары жок-.
Бейімделісті мерзіміне қараіі ұзақ мерзімді жəне қысқа мер-зімді деп жіктейді. Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудің «авариялық сатысы» ретінде қарайды. Мұнда бейімделістің бас-тапқы кезінде, жүйке жүйесінін, ор^алық бөлімдерінің əрекеттік күйі қатты өзгеріп, организмнің əсерленгіштігін өсіруге мүмкіндік жасалады. Ұзақ мерзімді бейімделіс организмнің икемдёлу қа-білеті, мінездік əсерленісі мен жалпы əрекетін жоғары сайада қамтамасыз етеді. Бұл оның гипоксияға, суықтыққа, тамақтың тапшылығына бүрын байқалмайтын тезімділігін тудырады.
/Қеке организм деңгейінде бейімделістің төмендегідей түрле-рін ажыратады: туа болған жəне жүре болған, жеке жəне қауым-:ды (түрлік), жалпы жəне маманданған, арнамалы, бейарнамалы, :ішкі жəне сыртқы, шартты жəне шартсыз, қалыпты жəне төтенше, морфологиялық (құрылымдық) жəне физиологиялық (əрекеттік), -соматикалық жəне психикалық т. с. с.
Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне дені сау ^адамның •бейімделісі арнайы физиологиялық əсерленістер арқылы жүзеге асырылады.
Физиологияльщ бейімделіс деп əрекеттік жүйе, ағза, ткань белсенділігі мен езара байланысын реттеуші механйзмдердің, орнықты деңгейін айтады. Бүньщ мəні ортаның жаңаша жағдай-ларында организмнің сақталуына, дамуына, қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін əрекеттердін, қайта құруына келіп тіреледі. Сонымен бірге ортаның езгерген жағдайларында адамның ұзак емір сүруі, жүмысқа қабілетінің сақталуы, ұрпақ жаңғыртуы бейімделістің көрнекті белгілері болып саналады.
Физиологиялық бейімделіс жағдайын талдағыштар жүйесін тітіркендіудің табалдырық күшіне жəне қарқынына икемделу қасиетінің езгеруінен байқауға болады. Ол туральі өткен тарау-ларда толық айтылған. Қүрылымдық бейімделістің негізін клеткалық бейімделіс тү-зеді. Клеткалық бейімделіс деп қоршаған (^рта жағдайларына, аман қалу жəне қайта жақсару үшін клетканың икемделуін айта-ды. Ол организмдік бейімделістің бастапқы кезеңі болып санала-ды. Қлеткалық бейімделісті шамамен гено- жəне фенотипті деп екіге жіктейді. Генотипті (тектіүр) бейімделіс шыдамды, .'берік клеткаларды іріктеу нəтижесінде пайда болады. Ал фенотипті {белгітүр) бейімделіс залалды түрткілерге қарсы қорғаныш əсер-ленісі ретінде туады. Ол тітіркендіргіштердің қарқыны мен мер-.зіміне байланысты болады. Сондықтан -бейімделістін, ұзақтығы жəне клетканың төзімділігі өзгеріп отырады.
Организмнін, фенотипті бейімделісін дара бейімделіс деп те атайды. Ол ортаньщ белгілі түрткілеріне бұрын болмаған тұрак-тылықты жəне алдында шешімі қиын мақсаттарды жаңаша шешу үмкіндігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мұнда ен, əуелі осы нақтылы түрткіге жауапты əрекеттік жүйелер, одан кейін жалпы əрекеттік жүйелер жұмылдырылады, соңынан жалпы бей-арнамалы стреске қарсы жүйелер іске қосылады. Дара бейімделіс түрлік икемделудің қүрамына кіріп, оньщ дамуына ə'сер етеді. Бұл
популяциялық бейімделіс. Популяциялық-түрлік бейімделіс түқымқуалаушылық арқылы жеке организмдерге беріледі.
Жалпы бейімделіс организмнің екі түрлі əсерленісіне байла-нысты болады. Біріншісінде, əсер етуші түрткілерді түйсіну үшін физиологиялық əсерленіс белсендіріледі, ал екінші түрінде оньщ əсерімен кездесуден организм қашқақтайды. Өйткені организмніқ əрекеттік күйіне, жағдайына байланысты бейімделетін түрткілер жағымсыз немесе жағымды əсерленістер тудыруы ықтимал. Сон-дықтан көбінесе бейімделістін, мəнін толық ұғыну, оньщ пайда бо-латын жардайларын айқындауды талап етеді.
Адамдарға төтенше түрткілер əсер еткенде екі түрлі əсерленіс байқалады. Біреуі барабар эсерленіс болса, екіншісі — абыржу зсерленісі. Барабар əсерленіс организмнін, арнайы жауаптары арқылы төтенше түрткілердін. əсерін əлсіретіп немесе жойып, оньщ кажетті іс-əрекетін сақтауға бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет