М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет99/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   165

Əдебиеттер:


/1/1.Х.Н.Сəтпаева „Адам физиологиясы” 465-496 беттер


Дəріс №29


Тақырыбы: Ағзаның экология жағдайларына бейімделуі
Дəріс мазмұны:
  1. Бейімделіс


  2. Физиологиялық кибернетика

1 Бейімделіс


Бейімделіс (адаптация) — сыртқы ортаның құбылмалы жағ-дайларына организмнің икемделуі. Ол клеткалық, ағзалық, жүйелік жəне организмдік деңгейлерде өтеді, сөйтіп туа' болған неме-се жүре болатын икемделу əрекетінің барлық түрін керсетеді. Ортаның кептеген жағдайлары организмнің мұндай қасиеттеріне барабар немесе бейбарабар келеді. Организмнің барабар тітір-кендіргішке бейімделу қабілеті үзақ мерзімді эволюциялық даму сатысында қалыптасты. Ал- барабар емес тітіркендіргіштер кебі-несе организм мен ортаның теңестірілу қасиетін жоядьі.
Ғылым мен техника үрдіс дамыған сайын, адамның шаруашы-лық жəне ендірістік іс-əрекетінің ерісі кеңейіп, жаңа істер, ме-кенжайлар игеруіне мүмкіндік туып отыр. Алайда табиғи жəне өндірістік жаңаша жағдайларда, организмге жағымсыз .əсер ете-тін қоршаған .төңіректің қолайсыз түрткілері жиі кездеседі. Бұ-лар төтенше (экстремальдық) немесе шамадан тыс тітіркендір-гіштердің қатарына жатады.
Тетенше түрткілер физикалық-химиялық, орасан, ақпараттық^ мағыналық (семантикалық) жəне биологиялық болып 5 класқа жіктеледі. Ортаның үйреншікті физикалық (қысым, климат, мау-сым, космос жылылық, сəулелену) жəне химиялық (ауаның, та-ғамның құрамы, газдардьщ мелшері) түрткілері əдеттен тыс əсер» еткенде, олар организмде төтенше жағдайлар туғызады.
Орасан түрткілер гравитациялық (салмақсыздық əсіресалмақ-тық) жəне ақпараттық (қисындык, компоненттік, жағдайлық) негіздерден тұрады.
Адамның күнделікті тіршілік жағдайларында ақпараттық, түрткілер, мəселен, жалған немесе оқыс, жеткіліксіз немесе артық хабарлар төтенше ықпал жасайды. Қазіргі кезде адам жасынаи жəне өмір бойы ақпараттық жүктемеге ұшырайды. Сондықтан ол үнемі бейімделу механизмдерінің қауырттығын талап етеді. Бұ-лар арнайы ендірістік іс-əрекеттің шараларымен қосылып, адам-ның психика саласында стрестер жəне бейімделіс олқылықтарын-тудырады.
Семантикалық төтенше түрткілер жеке адам немесе үжымға қауіп-қатер төнгенде, апат жағдайларында пайда болады.
Биологиялық төтенше түрткілерге кенеттен ауру, ұзақ уақыт ү.йықтамау, аштық жəне т. б. жатады. Осыған орай адамның бе-йімделіс нёгізін биологиялық жəне əлеуметтік механизмдері жа-сайды.
Организм осы жағдайларға бар мүмкіншілігінпіе өзініц құры-лымдық жəне əрекеттік əсерленістері арқылы бейімделіп отыра-ды. Оньщ табиғи ортадағы əртүрлі маусымдық жағдайларына икемделу құбылысын акклиматизация деп атайды. Ол бейімде--лістің жекеленген түрі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет