Бейімделісмеханизмдері. Адам экологиясының негізгі мақса-ты организмнің бейімделіс əсерленісін қамтамасыз ететін физио-логиялық механизмін тексеріп, икемделу əрекетін жетілдіру болып саналады. Мұның басты міндеті адамның денсаулығын сақтау, оңы жақсарту жəне аурудың алдын алуда ете тиімді жүйелер
жасау.
Организмнің икемделу əсерленісі негізін жүйкелік жəне гумо-ральдық механизмдер құрайды. Денеге күшті, өте күшті, орасан жəне төтенше тітіркендіргіштер оқыс əсер еткенде, оларды қа-былдап, өңдейтін негізгі жүйке құрылымдарында шамадан тыс зорлану жағдайы пайда болады.
Қоршаған ортаның құбылмалы өзгерістеріне икемделуді жүзе-ге асыратын бейімделістін, жалпы физиологиялық механизмдері əрекеттік жүйелер аркылы атқарылады. Ол қозғағыш жəне жағ-дайлық тітіркендіргішті бағалаудан басталып, шешім қабылдау мен болашақ нəтижені алдын ала болжауды қалыптастырады. Содан кейін іс-қимыл нəтижесін салыстырғыш (акцептор) аппа-рат іске қосылады. Əрекеттік жүйе лимбия, торлы қүрылым жəне ми кыртысының белгілі аймақтарын қамтиды.
Бейімделіс кезінде ақиқатты бейнелеу негізі шартты рефлекс-тер арқылы жасалады. Ол əсіресе бейімделу жақтарының сақтық жəне ишаралық мəнін айқын бейнелейді.
Жоғарыда айтылғандай, əрбір бейімделіс, əсіресе тетенше жағдайларда, зор энергия шығынымен тіршіліктін, маңызды жү-йелерін реттеуші тетіктердің күш салуын талап етеді. Бұл бейім-делістің алғашқы сəттерінде өтеміс механизмнің белсендірілуі ар-
кылы жүзеге асырылады.
Жалпы өтеміс механизмдер ортаның төтенше түрткілерінен т^уатын алғашқы рефлекстік əсерленіс. Ол организмдегі əре-кеттік өзгерістерді жоюға немесе азайтуға бағытталады. Бұл те-тіктер биологиялық маңызы бойынша, организмнің қосалқы амалдарының негізгі бөлімі болып саналады. Олар өте жылжы-
малы, организмнің апаттан шығу жағдайларын қамтамасыз ете-тін, жедел пайда болатын физиологиялық амалдар. Сондықтан бұл тиімді өтеміс тетіктер организм барабар емес жағдайларға тап болғанда, ұзақ уақыт гомеостазды қажетті деңгейде, яғни бейімделістін, тиянақты кезі шыққанша, ұстап тұрады.
2Физиологиялық кибернетика
Физиологиялық кибернетика (меңгерім)—тіршіліктің қалып-ты əрекеттерінің өздігінен реттелу заңдылықтарын зерттейді. Ол бұл құбылыстарды меңгерілу теориясы негізінде тексереді. Мең-геруді жалпы алғанда, жүйені жөнге келтіру деп қарауға болады. ЯРНИ, оны осы ортада күші бар белгілі объективтік заңдылықтар-ға сəйкес келтіру.
Қибернетикалық жүйелерге басқарылатын жылжымалы жүй-елер 'мен меңгеру жүйелерінің жиынтығы жатады. Биологиялық жүйелердің меңгеру процестері екі түрлі: тікелей байланысты меқгеру (ДНҚ негізінде белок құрамысы), кері байланысты мең-геру. Ал меңгеру—ақпараттық процестермен тығыз байланысты. Бүкіл кибернетикалық жүйелер əсерінің негізгі мəні меңгеруші жəне меңгерілуші жүйелер арасындағы ақпараталмасуболып саналады. Сонымен қатар бұл екі жүйеге де сыртқы ақпарат тү-седі (əсерлік, ауытқулық). Меңгеру жүйесі ұйғарымдар түзеді, ал меңгерілуші жүйе өз күйін езгертіп, оған кері қарай ақпарат жі-береді (кері байланыс). Осы келген мəліметтерге сəйкес жаңа ұйғарымдар туады. Сөйтіп кері байланыс нысыналы, тиімді мең-геру ісін жүзеге асады. Тірі организмде, əдетте, барлық құбылыстар кері байланыс арқылы атқарылады. Ол адамньщ ерікті іс-əрекетінде, рефлекстік əсерленістерінде организм тіршілік ететін жағдайлардың (жылу реттеу, су-тұз алмасуы, қан қысымы жəне т. с. с.) тұрақтылығын сақтауда өте маңызды орын алады.
Кері байланыс теріс жəне оң болып бөлінеді. Теріс кері бай-ланыс əрекеттік жүйедегі келіссіздікті жоюға бағытталған ұйға-рымдарды жеткізеді. Мəселен, дененің температурасы көтерілген-де, терідегі капиллярлар кеңейіп, жылу шығаруды ұлғайтады, ал кəдімгі термост — температура жоғарыласа, кыздыруды басып, жылу өндіруді азайтады. Бұл екі жағдайдағы кері байланыс əсері-нің нəтижесі бірдей — қалыпсыз температураның көтерілуі жой-ылады, алайда оны реттеу тəсілі мен механизмдері əртүрлі.
Оң кері байланыс жүйедегі келіссіздікті жоймайды, керісінше күшейтеді. Бұған мысал ретінде артериялық гипертензияны (қы-сым асу), қуықтың несеп шығар кезде жиырылуын келтіруге бо-лады.
Кері.байланыс қарапайым жəне күрделі жүйелердің өздігінен реттелу механизмінің негізі болып саналады. Тірі организм кері байланыс арқылы тіршілік жағдайларына бейімделеді. Сондыктан кері байланыс эволюішялық даму кезінде организмнің сыртқы ортамен өзара əрекетінің əмбебап амалы болып қалыптасты. Организмнің икемделуі жылжымалы жүйелерге байланысты. Жылжымалы (динамикалық) жүйе деп өз күйін етпелі процестер арқылы өзгертетін жүйелерді атайды. Жүйе жағдайының дəйекті өзгерістерінің жиынтығы
өтпелі процесс. Жылжымалы жүйелер 3 режимде болады: 1) тепе-тендік режим —езгерістердің жоқты- ғымен сипатталады; 2) оқтын-оқтын режим-жүйе белгілі бір мер-зімде езінің күйін қайталап отырады; 3) өтпелі режим-жүйенін, басқа режимге көшуімен сипатталады. Осы режимдерді меңгеру ісі кері байланыс арқылы атқарылады. Ол автоматтық реттелу теориясының негізін қалайды. Жүйелерде реттеудің мақсатына, тəсіліне байланысты тиімді (оптимальдық) жəне тетенше (экстре-мальдық) меңгеру ұйымдастырылады.
Автоматтық меңгеру жүйесі мынадай: 1) өтеміс; 2) қадағалау (бағдарлы реттеу); 3) өздігінен - реттелу режимдерінде істейді. Бұл режймдер барлық жанды жəне жасанды кибернетикалық жүйелерде кездеседі. Автоматтық реттеу жүйецінің тұрақты жəне тұрақсыз көрсеткіштері болады. Тұрақсыздық реттелуші нəрсе- лерге ескерілмеген əсерлерден немесе реттеу режимін қате таңда-удан болуы мүмкін.
Автоматтық реттеудің тұрақтылығы гомеостаз ұғымымен ты-ғыз байланысты. Мұндай тұрақтылық тірі организмнің өз күйін сыртқы ортаның жағдайларымен теңестіруі, яғни бейімделісі ар-қылы сақталады.
Бейімделіс — жүйенің ездігінен реттелуінің бір нұсқасы. Өзді-гінен реттелу, өздігінен икемделу — тірі организмнін, ондағы элементтердің, популяцияның, биоценоздың түбегейлі қасиеті.
Өздігінен реттелуді тəсіліне сəйкес — ауытқулық, үйлеспеулік; мақсатына қарай — тиімді, төтенше; деңгейіне байланысты — жоғары, орташа, төмен; сапасы жөнінде — тұрақты, тұрақсыз деп
жіктейді.
Органинизмнің тіршіліктік əсерленістері бірнеше сатылы жəне əртекті реттелу жүйелері арқылы меңгеріледі. Н. М. Амосов рет-телуші жүйенің төрт түрін жіктейді. 1) Химиялық, бейарнамалы жүйе — зат алмасуы енімдері арқылы ағзалардын, өзара əрекетін қамтамасыз етеді. 2). Эндокриндік жүйе. Ол əртүрлі ағзаларды ерекше сөлініс заттары — гормондар арқылы белсендіреді. 3). Ве-гетативтік жүйке. Ол бір орталықтан бірнеше объектерді: ағза, ткань, физиологиялық жүйені бір мезгілде қамтып қашықтықтан, пəрменді меңгереді. 4) Орталық жүйке жүйесі. Ми бір жағынан организмнің ішкі ортасынын, тұрақтылығын (гомеостаз) реттейді, екіншіден, біртұтас организмді сыртқы ортамен теңестіреді.
Қалыпты жардайда организмнің тіршіліктік жүйелерінін, өза-ра байланысы əралуан əсерлерге барабар жауапты қамтамасыз етеді. Сондықтан əрбір тіршіліктік жүйе тұрақты (стационарлық) жəне етпелі жағдайда болады. Стационарлық жағдай белгілі бір мөлшердің айналасында байқалатын тербелісті көрсеткіштерден тұрады. Əрбір тіршіліктік көрсеткіш əртүрлі сипатталады. Мəсе-лен, физиология мен клиникада қан айналысы жүйесінің жағ-дайы пульстік орталық көрсеткішімен анықталады.
Өтпелі жағдайлар — тіршіліктік жүйенің жаңа тұрақты ре-жимге ауысқан сəті. Өтпелі процестердің жүзеге асуына барлық реттеуші жүйелер қатысады. Өтпелі процесс — организмнің сырт-қы əсерге беретін жауабы. Сонымен бірге тұрақты режим өзі бір-неше етпелі жағдайлардан тұрады. Сол сияқты етпелі режим ол да тұрақты кездерден құралады. Өтпелі процестер жеке тіршілік-тік жүйелерді үнемі теңдестіріп, организмді
интегралдық жүйе ретінде женге салады. Əртүрлі физиологиялық жүйелердің жеке көрсеткіштерінің өзара математикалық тəуелділігі етпелі əрекет-тер деп аталады. Алайда бұл əрекеттер тұрақты жəне өтпелі ре- жимдерде əртүрлі болады.
Өздігінен реттеліс механизмдерін көптеген кибернетикалық əдістермен зерттейді. Олардың ішінде кеңінен тарағаны əртүрлі моделдер (сүлбі) жасау əдісі. Жүйенің реттелу сапасын тексеру үшін мөлшерленген ауытқулар шырару əдісі қолданылады. Меди-пина саласында олар əрекеттік сынамалар деп аталады.