М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Вестибулярлық анализаторлардың күрылысы мен функциялары



бет77/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Вестибулярлық анализаторлардың күрылысы мен функциялары. Қаңкд-ет сенсорлық жүйесі (проприорецепторлық).

Қозғалу анализаторының маңызы. Оның өткізгіш ж-->не ю»іртыстык, белімдері.
Висцеральдық сенсорлык жүйе маңызы. Висцеренцепцияның курылымдық жөне функционалдық ерекшеліктері.


Əдебиеттер:


Х.Н.Сəтпаева „Адам физиологиясы 326, 341+362 беттер


Дəріс №19


Тақырыбы: Сыртқа шығару процестері

Дəріс мазмұны:


  1. Сыртқа шығару ағзаларының негізгі функциялары

  2. Бүйрек

  3. Несеп түзілу процесі



1 Сыртқа шығару ағзаларының негізгі функциялары


Сыртқа шығару ағзаларының негізгі функциялары Зат алмасу процесі пайда болған қалдық заттарды сыртқа шығарумен аяқталады. Күрделі диссимиляция (ыдырау) процес-тері қорытындысында денеде зат алмасуының ең соңғы өнімде-рі — «қалдық зат» (шлак) пайда болады. Шлак организмде пай- даланылмайды, ал қор болып жиналып қалса оны уландырады, əсіресе белок алмасуы барысында түзілетін мочевина, несеп кышқылы, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар өте улы келеді. Олар сондай-ақ көмірсу мен май алмасуының соңғы ыды-рау өнімі — кемір қышқылы мен су. Барлық зат алмасу процесінін, нəтижесінде бөлінген қалдық заттар организмнен шығару мүше-лері арқылы сыртқа шығады (экскреция).


Адам мен жануарлардың сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі.
Б елок алмасуы кезінде пайда болатын қалдық заттар, су, тұздар жəне сырттан келіп түскен əртүрлі организмге жат заттар (түрлі дəрілер, бояулар т. б.) негізінен бүйрек, аздап тер бездері арқылы, ал су мен көмір қышқылды газ, эфир, хлороформ, алко-голь сияқты кейбір ұшқыш заттар өкпе арқылы сыртқа шығады. Ас қорыту тутігінің кілегей қабығы арқылы, ет пигмент-тершің өзгерісінен пайда болған заттар, кейбір ауыр металдар-дың (қорғасын, кадмий т. б.) тұздары аласталады. Мұнымен бірге тоқ ішек жəне сілекей бездері арқылы кальций тұздары шыгарылады.
Сонымен бəрімізге белгілі негізгі экскрециялық мүше •— бүйрек, одан басқа экстраренальдық (бүйректен тыс) ағзалар: тер безде-рі, өкпе мен ішектер арқылы зат алмасу кезінде пайда болған ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады.
Сыртқа шығару тіршілікке өте қажет физиологиялық процесс. Онсыз тіршілік жоқ. Мəселен, екі бүйрегін бірдей алып тастаса, ит уланып бір тəулік ішінде өледі. Сыртқа шығару процесі бұ-зылса, көптеген физиологиялық процестер бұзылады. Солардың бірі — уремия, белок алмасуының соңғы ыдырау өнімдері (мо-чевина, несеп қышқылы) жиналып қанға етеді де организмді уландырады. Ондай жағдай адамда да байқалады бүйрек қызме-тінің бұзылуынан анурия (несеп шықпай қою) болып, адам 4—5 тəулікте өледі. Бұны əдетте емдемесе (жасанды бүйрек аспабы-на қосу, пəрменді емдеу жолдарын пайдаланбаса) адам денесін-де «мочевиналық қырау» пайда болады, яғни теріге мочевина кристалдары шығады: бүйрек қызметін тер бездері атқарады да, организмнен мочевина теріге шамадан тыс көп шығарылады.
Сонымен, экскреторлық мүшелердің негізгі қызметі — дене-дегі зат алмасудың соңғы енімдерін, өзге текті басқа заттарды, мəселен, дəрі-дəрмектерді сыртқа шығарып отыру.
Сыртқа шығару ағзалары мүнымен қатар, бірнеше косалқы қызмет атқарады. Гомеостаздың, яғни ішкі орта тұрақтылы-РЫН — қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвор құрамының тұрақтылығын сақтайды.
Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы жəне денеде-гі басқа сұйықтықтар құрамындағы иондар концентрациясының тұрақтылығын (изоиония) жəне қан мен басқа биологиялық сұйықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын (изоосмия), денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігінің тұрақтылығын (изогидрия) қамтамасыз етеді. Экскрециялық ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отыра-ды. Мұнымен қатар клетка ішіндегі жəне сыртындағы сұйықтық-тармен əрдəйш алмасып тұратын қанның тамырдағы көлемдік
тұрақтылығын (изоволемия) сақтайды. Денеде белгілі бір жағ-дайда қалыптасатын су мен тұздар тепе- теңдігін (балансын) қамтамасыз өтіп олардың артығын организмнен 'шығарады. Тер бездері дене температурасы турақтылығын сақтауға (изотермия) қатысады.
Соңғы жылдары сыртқа шығару ағзаларының бұлардан бас-қа тағы да бірнеше кызмет атқаратыны анықталып отыр.


  1. Бүйрек


Буйрек қан тамырларының тонусы мен түтік кеңдігін реттей-ді. Соның нəтижесінде қанның қысымын салыстырмалы бірка-лыпта ^сақтайды. Мəселен, буйрек қызметінің бұзылуы салдары-нан кейбір адамдарда ұзақ уақыт қан кысымы шектен тыс көте-ріледі. Соның салдарынан бүйрек гипертониясы пайда 'болады. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу деңгейі төмендесе, бүйрек тканінің юкстагломерулалық комплексі қан тамырьщ тарылтатын арнайы гормондық зат — ренин қанға шығарылады. Рениннің майды ыдырататын ферменттерге тəн қасиетінің бар екендігі дəлелденді. Сондықтан да ол қан плазмасында а — глобулиннен (ангиотензиноген) физиологиялық дəрітсіз пептидті бөліп жəне оны ангиотензин І-ге айналдырады. Қейін одан əртүрлі өзгеріс-тер арқылы тамырды тарылтатын өте белсенді зат ангиотензин II пайда болады. Бұл зат қан тамырларын тарьуітып, турақты артериялық гипертонияға əкеліп соғады. Мүнымен қатар ангио-тензин II бүйрекүсті безінің қыртыс қабатынан альдостеронның шығуын күшейтеді, ал ол шөлдеу сезімің пайда етіп бүйрек тү-тікшелерінде натрийдың кері сіңуін тездетеді. Сондай-ақ қан та-мырын кеңейтетін медуллин, простагландиндер, жүрек қызметін баяулататын брадикинин сияқты заттар да бүйректе түзіледі. Бүйрек эритроцит түзілуі (эритропоэз) процесіне де қатыса-ды, яғни эритроциттердің пісіп жетіліп, қан арнасына қосылуына əсер етеді, кан түзілуін кушейтетін арнайы полипептидтер (гемо-поэтин, эритропоэтин, лейкопоэтин) буйректе тузілетіні дəлелде-ніп отыр.
Буйрек аса маңызды биологиялық процесс — қан ұюына қа-тысады. Бүйректе қанның ұюына кедергі жасап, қан тамырында тромба (үйыған қан) пайда болуына қарсы тұратын фибрин еріткіш (фибринолиздік) арнайы зат урокиназа ферменті түзіле-ді. Урокиназа бүйректегі қан айналысын жақсартады. Бүйрек тамырлары арқылы бір тəулікте 1400—1800 л қан өтетінін еске алсак, оның қандай маңызы бар екені айтпаса да түсінікті. Уро-киназаның əлсіз-күштілігін білу арқылы бүйрек ауруларын дəл анықтауға болады, сондықтан да бұл əдіс клиникада кеңінен пайдаланылады,
Бауырда түзілген дəрітсіз алғашқы гормон — витамин Дз бүйректе физиологиялық белсенді гормонға айналып, ішекте калыщйдің сіңуін күшейтеді. Сүйек тканінен алынған витамин Д гормоны да бүйрек түтікшелерінен кальций ионының кері сі-ңуін тездетеді.
Бүйректің белок кемірсу жəне липидтер алмасуына катысады. Бүйрек түтікшелерінің клеткасында теменгі молекулалы пептид- тер амин қышқылдарынан ажыратылады (дезаминделу) жүреді, кейін ол амин қышқылдарын организм ез қажетіне жаратады. Мұнымен қатар глюконеогенез процесі де жүреді, басқаша айт-канда табиғаты басқа органикалық заттардан глюкоза синтез-деледі. Бүйректе клетка мембранасынын, құрамына кіретін ком-понент — фосфатидилинозит синтезделеді, бұдан басқа да липид-тер алмасуымен байланысты ете күрделі айналулар жүреді.
Бүйректің негізгі қызметі — несеп тұзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару процесі диурез (несеп шығару) деп аталады. Қалыпты жағдайда тəуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтын, құрамына, мөл-шеріне жəне ішкен судың мөлшеріне байланысты. Əдетте, ересек адамда тəулігіне 1000—1800 мл (орта есеппен 1500 мл) несеп тү-зіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диу-рез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның үш түрін байқауға болады: олигурия — тəуліктік диурездің азаюы; полиу-рия — тəуліктік диурездін, көбеюі, анурия

  • несеп түзілуінің тоқта-уы. Ауруға шалдыққан кездерде туатын өзгерістер —• энурез («шыжың» немесе түнде несебін ұстай алмау), никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі). Бүйректегі күрделі зəр жасалуды терең түсіну үшін несеп пен қан плазмасыньщ құрам-дарындағы əртүрлі заттардың өзара қатынасын салыстырып қа-рау керек, үйткені бүйрек арқылы зат алмасу процесінің соңғы қалдықтары шығарылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет