М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан


Механорецепторлардың тыныс ,алуды реттеудегі маңызы



бет74/165
Дата10.02.2023
өлшемі0,67 Mb.
#66983
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   165
Байланысты:
Адам және жануарлар физиологиясы УМКД

Механорецепторлардың тыныс ,алуды реттеудегі маңызы


1868 жылы неміс ғалымдары Геринг пен Брейер иттің өкпесін ауаға толтырып керсе немесе оның бүйіріне пневмоторякс жасап өкпенің көлемін кішірейтсе дем алу жəне дем шырару кезеңдері өзгеретінін байқаған. Өкпені ауамен кергенде үш түрлі рефлекс пайда болады.

  1. Инспираторлық тежеу рефлексі — екпені ауамеи керген сəтте организм кенеттен дем ала алмай қалады.

  2. Өкпені дем шығару кезінде керсе, келесі жолғы дем алу са-тысы кешеуілдейді де, дем шығару сатысы созыла түседі. Мұны экспираторлық жеңілдеу рефлексі деп атайды.

  3. Дем алған сəтте өкпені қаттырақ керсе, инсгщраторлык ет-тер шектен тыс қатты қозады да ит дірілдеп демін қатты ішіне тартып жан ұшырады (Хэд парадоксы). Ал өкпенің крлемін пневмотаркс арқылы кішірейтсе, дем шығару қысқарады, бірақ лем алу ұзарады, яғни келесі жолғы дем алу сатысы тездейді. Бұл өкпе кішіреюіне берілген рефлекстік жауап.

Өкпе көлемі өзгерген сəтте оның ішіндегі керу рецепторлары (механорецепторлар) қозып тітіркенеді, бұдан пайда болған сигнал тыныс орталығына кезеген жүйке арқылы жетеді. Қезеген жүйке серпіністері дем алған, дем шығарған сəттерде тіркелетш болса, олар дем алған кезден бастап жиілейді, дем ішке қатты гартылған сəтте шектен тыс жиілейді де дем шығарысымен бір-тіндеп сирей бастайды
Сонымен, Геринг пен Брейер рефлекстері өкпенін, керу рецеп-торларынан кезеген жуйке арқылы тыныс алу орталығына жете-тін сигналдардың тыныс алу жиілігін реттейтіні жəне дем алу мен дем шығару сатылары
нақты бір кезекпен алмасып отыра-тыны, өкпеден орталыққа баратын серпіністер санына байланыс-ты екенін көрсетеді. Сондықтан Геринг пен Брейер рефлекстері екпенің өзін-өзі реттеу рефлекстері деп те аталады.

Əдебиеттер:


Х.Н.Сəтпаева „Адам физиологиясы 228-238 беттер


Дəріс №17


Тақырыбы: Талдағыштар

Дəріс мазмұны:


    1. Талдағыштар

    2. Талдағыштардың үйлесімді қатыныастары

    3. Талдағыштардың реттелуі

    4. Көру талдағышы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет