Моделдеуэдісікүрделі нəрселердің, жүйелердің қызметін, əре-кеттік құбылыстарды зерттеуге пайдаланылады. Медицина сала-сында оның екі түрі: заттардың, құбылыстардьщ, əрекеттердің фи-зикалық ұқсастарьш (аналог) жасау жəне математикалық жүйе-леп (пішіндеп) баяндау.
Физиологиялық əрекеттерді моделдеу жинайтын ақпаратты тиянақтау (нығыздау), жүйе іс-əрекетінің кейбір жақтарын жете анықтау үшін жасалады. Сонымен бірге тіршіліктік əрекеттерді меңгерудің тиімді режимдерін ұсыну, олардың өзара əсерлерінің сандық керсеткіштерін табу үшін қолданылады. Моделдеуді тə-жірибе жүргізуге, клиникада, гигиеналық зерттеулерде пайдала-нады. Соның ішінде жасанды ағзалар істеу кеңінен таралып отыр.
Əрбір модель заттар мен құбылыстардың түп нұсқасының көп-теген жақтарын көрсете алмайды. Сондықтан модель мен объек-тінің ұқсастығының бірнеше белгілерін ажыратады. Олардың құ-рылымдық, заттық (субстрат), энергиялық, ақпараттық, жүйелік жəне интегралдық керсеткіштерінің үқсастықтары болуға тиіс. Негізгі моделдеу аналогтық (ұқсастыру), механикалық, гидро-динамикалық, пневмотикалық, оптикалық, химиялық, электрлік, электрондық болып бірнеше түрге бөлінеді.
Модель жасау тəсілдері физикалық (динамокардиограф, бал-листокардиограф, электрлік (импеданс, ЭҚГ, ЭЭГ т. б.), матема-тикалық (алгоритмдер, статистика т. б.) электрондық (электрон-ды есептегіш машиналар) болып жіктеледі.
Осы тəсілдер арқылы қазір физиологиялық əрекеттердің көбі-сінің математикалық іс-жобалары жасалды. Олардың ішінде ве-гетативтік əрекеттердің қимыл-тірек, талдағыштар жүйесі, мидың жұмысы (нейрокибернетика) жəне т. б. ұқсастырылыстар (иден-тификация) бар. Мəселен, жүрек жұмысын реттейтін электрон-дық демеуші (стимулятор) колданғалы көп уакыт болды. Қан ай-налысы жүйесінің аймақтық жəне жүйелік (макро-, микроцирку-ляция), каротид синусы моделдері жасалды. Тыныс жүйесінің газалмастыру, желдетіліс əрекеттері, оны реттеуші тыныс орта-лықтарының моделдері құралды. Жасанды тыныс аппараты кли-никада кең-інен пайдаланылуда. Қаннық тасымал əрекеті, клетка гемостаты, плазмостат, иммуногемостаттар іске қосылды.
Бүгін нейрокибернетиканьвд қарқынды дамуына байланысты есептегіш машиналардың жаңа, өте күрделі түрлері даярланды. Бұл техникалық ғылымның саласы биониканы жедел дамытты. Би-оника тірі организм əрекеттеріне ұқсас — машиналар жасау мүм-кіндігін зерттейді. Бионика арқылы жүйке, сезім жүйесі, бейне- лерді тану, ультрадыбыс қабылдау проблемасы, сейсмикалық тер-
белістерді, штормды сезуді, жануарлар мен құстардың бағдарла-ныс (ориентация) əрекеттері, олардың өзара байланысын (ком-муникация) сипаттайтын техникалық қондырғылар мен құралдар іске қосылды.