12
Үлгілік
оқу
бағдарламасы
оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын,
білім беру бағдарламасының міндетті компоненттегі пәнінің
оқу құжаты
Транскрипт
кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген
пәндердің және (немесе) модульдердің және оқу жұмысының
басқа да түрлерінің тізімінен тұратын құжат.
Тьютор
нақты пәнді және (немесе) модульді игеруде студенттің
академиялық кеңесшісі қызметін атқаратын оқытушы.
Білім
алушылардың
оқу жетістіктері
білім алушылардың оқу үдерісінде алатын және жеке тұлғаның
қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, біліктілігі,
дағдылары мен құзыреттілігі.
Эдвайзер,
куратор/тәлімгер
тиісті мамандық бойынша білім алушының академиялық
тәлімгерінің қызметін атқаратын, оқу траекториясын таңдауына
(жеке оқу жоспарын қалыптастыруға) және оқу кезеңінде білім
беру бағдарламаларын игеруіне ықпал ететін оқытушы.
Достарыңызбен бөлісу: