187
5. Тарихи романдардың ұлттық сананы қалыптастырудағы қызметі
неде?
Глоссариймен танысу:
Портрет – (франц. рortraіt – бейнеленген) – әдеби
кейіпкердің сырт кӛрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын
суреттеу. Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық
ашып кӛрсету үшін оның портретін мүсіндеудің де үлкен мәні
бар. Сондықтан кейіпкердің характерін әр түрлі жағдайда,
күрес-тартыс үстінде оның басқа адамдармен қарым-қатынасы,
ӛзінің әрекет-қимылдары, істеген істері арқылы айқындай
отырып, жазушы портреттік сипаттауға да кӛңіл бӛледі.
Жазушы негізгі қаһармандардың келбетін, бой- тұлғасын,
жүріс-тұрісін, сӛйлеу мәнерін есте қаларлықтай етіп, әсерлі
бейнелеуге мән береді. Сонымен бірге жазушылар, ақындар
әйелдің, сұлу қыздың бой тұлғасын, бет-әлпетін сӛзбен
мүсіндеге бейім тұрады. Қазақ поэзиясындағы осындай
портреттің тамаша үлгісі – Қыз Жібектің сұлулығын бейнелеу,
Ақжүністің кӛркін суреттеу.
Достарыңызбен бөлісу: