М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет27/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78
Байланысты:
open-file

 
№8 практикалық сабақ
Тақырыбы.  Тарихи шындықтың кӛркемдік шешімі 
Жоспары:
1. Тарихи және кӛркемдік шындық 
2. Тарихи прозалық шығармалардағы тарихи шындықтың кӛркем 
шындыққа айналуы мәселесі 
3. Оқу және талдау: Б. Қыдырбекұлы «Алатау»
4. Оқу және талдау: Қ.Исабай «Серт», «Шоң би»
Әдістемелік нҧсқау. Бұл сабақ дӛңгелек үстел түрінде 
ӛткізіледі. Сабақта студентке тӛмендегі жұмыстарды орындау 
ұсынылады. 


185 
Бақылау сҧрақтарына жауап беру:
6. Тарихи шындықтың кӛркемдік шешімі дегеніміз не? 
7. «Жанр» және «роман» туралы айтыңыз. 
8. Тарихи шындық дегеніміз не? 
9. Кӛркемдік қиял ұғымына анықтама беріңіз. 
10. Тарихи романдағы «готикалық» проблемасы туралы айтыңыз. 
Глоссариймен танысу:
Тарихи шындық – ӛмір шындығының тарихи тақырыпқа, 
арналған шығарамдағы кӛркемдік кӛрінісі. Тарихи шындыққа 
қоғамдық ӛмірдегі нақтылығы, ӛмір сүрген тұлғалар арқау 
болады. Тарихтың, ӛмірдің шынайы болмысын елестету 
арқылы, 
ӛткеннің 
сипаты 
танылады. 
Алайда, 
әдеби 
шығармадағы тарихи шындық – кӛркемдік бейнелеу тәсілмен 
бейнелеу ӛмір шындығы, яғни кӛркемдік шындық. Тарихи 
шығармада ӛмірде болған оқиғалармен, ойдан шығарылған 
жайлар да аз болмайды, тарихи тұлғалармен бірге ойдан 
шығарылған бейнелер де қатар жүреді. Мәселе оқиғаның болған 
не болмағандығында емес. Шығарманың кӛркем мазмұны 
оқиғалары, кейіпкерлері, кӛркем ой кӛрігінен ӛтіп, ӛзгеше сипат 
алып шығатындығында. Әрине, тарихи оқиғаның негізінде 
жазылады. Сондықтан жазушы тарихи оқиғаларды нақты білуі 
керек. Ол қанша суреттесе де тарихи шындықты бұрмалап, 
аттап ӛтуге хақысы жоқ. Ол үшін тарихи деректерге сүйенуі 
керек. Қоғамның даму процесі, саяси топтар мен таптар 
кейіпкерлер бейнесі, уақыты қалпында алыну керек. Осының 
бәрі жанды бейнеленіп берілсе, оқырманға берер әсері, тәрбиесі 
мол болмақ. Ол үшін әдебиетте әдіс, тәсілдер қалыптасып 
келеді. 
Тартыс, конфликт (лат. қақтығыс) – кӛркем шығарма 
мен ондағы образдар арасындағы арақатынастар принципін 
айқындайтын қайшылықтар жүйесі, қарама-қарсылық. Тартыс 
оқиғаның қозғаушы күші ретінде әдебиет пен ӛнер 
шығармаларының кӛпшілігінде кездеседі. Тартыс шығарманың 
ӛн бойына тартылған үзілмес желі ретінде оқиғаның 
баяндалуындағы сюжеттік байланыстан бастап, оның шарықтау
шегіне дейін оны дамытып, ӛрбітіп, күшейтіп отырады. 
Тартыс кӛбінесе шығарманың шешімінде шешіліп отырады. 


186 
Тартыс әдеби қаһарманның ӛзін қоршаған ортаға деген
кӛзқарасымен, 
басқа 
кейіпкерлермен, 
кейде 
ӛз-ӛзімен 
қақтығысқа, қарым-қатынасқа түсуімен айқындалады. Мысалы, 
«Абай жолы» эпопеясындағы басты тартыс Құнанбай мен
Абайдың арасында ӛтеді. Осы шығармада Абайдың ӛз 
айналасындағы «надан кеуде, ӛзімшіл» жандармен тартысы,
сондай-ақ түрлі толқуға түскен сәттегі ӛз кӛңіл-күйінің 
тартысы да бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет