М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет7/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78
Байланысты:
open-file

Бақылау сҧрақтары: 
1. Тарихи роман авторларының негізгі концепциясы неде? 
2. Тарихи деректердің кӛркемдікпен бейнеленуі қалай 
жүзеге асырылады? 
3. Тарихи шығармалардағы ел бірлігі, елдік мәселесінің 
кӛркем бейнеленуі туралы баяндаңыз. 
4. Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи романдардың ерекшелігі 
неде? 
5. Тарихи романдардағы ел бірлігі идеясы мен «Мәңгілік 
ел» идеясының үндестігі. 


35 
ІІ модуль. ТАРИХИ РОМАН ТАБИҒАТЫ 
 
5-дәріс. Тарихи роман жанры 
 
Тарихи тақырып бүгінгі күні де әдебиет пен ӛнердегі басты 
мәселелердің бірі болып қалып отыр. Қазіргі әдебиетте халық 
тарихын кеңінен әлеуметтік-философиялық мазмұндау басым. 
Тарихи жанрда ең бастысы тарихи дәуірдің ӛмір шындығын 
ашу, ӛткен заман куәгерлерін бейнелеу, сол кезеңдегі уақыт 
бедерін жаңғырту, тарихтағы саяси, мәдени, моральдық, 
психологиялық факторлардың ролі мен мәнін ашып кӛрсету 
болып табылады.
Қазақ әдебиетінің ӛзге түркі халықтарының әдебиеттерімен 
тарихи-рухани байланыстарының нәтижесінде ауыз әдебиеті 
үлгілерінде типологиялық байланыстар орын алды. Ғасырлар 
бойы бедерленген рухани-мәдени тәжірибе жазба әдебиетте 
кӛрініс тауып, бұл роман секілді ірі эпикалық жанрдың, соның 
ішінде тарихи роман жанрының қалыптасуы мен дамуына 
негізгі себеп болды. Ретроспективті әдіспен жасалған тарих 
бейнесі хандар, билер, батырлар, ақын-жыраулар мен 
қарапайым халықтың колоритті бейнелерімен және ӛткен 
кезеңдегі адамдардың ойлау жүйесін, ұлттық санасын, рухын 
қалыптастырған кӛптеген этнографиялық детальдармен, салт-
дәстүрлермен толықтырылып, әрленді. Әдебиеттегі тарихилық 
мәселесін шешуде сол кезеңдегі қоғамдық құбылыстар, 
халықтың ауызша тарихы мен ақын-жыраулар мұрасы, нақты 
деректері, этникалық ерекшеліктері басты орын алады. Олай 
болса, тарихи шығарманың осындай элементтері мен құрамдас 
бӛліктерін зерттеу ұлттық әдебиеттану ғылымының ӛзекті 
мәселесіне айналып отыр. 
Тарихи роман жанрының қалыптасуы ұзақ әрі күрделі 
белестерден ӛтті. Алғашқы тарихи романдар ХҮІІ ғасырда 
жазылса да, оның жанрлық қалыптасуы баяу жүрді. 
Зерттеуші 
Н.Ф.Донченко 
«Исторический 
роман 
в 
современной 
болгарской 
литературе 
(60-70-е 
годы)» 
тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында тарихты түсіну 
үшін қоғамдық дамудың заңдылықтарымен танысып, адам мен 


36 
оның қоғамға қарым-қатынасы туралы білуіміз керек, 
сондықтан таза тарихи романдардың болуы мүмкін емес деген 
пікір айтады. Себебі ӛткен ӛмірді кӛркем бейнелей отырып, 
қоғамдық жағдайлардың дамуына ден қоймауға болмайды. 
Сондықтан тарихи романның шынайылықпен байланысты 
болуы ғана оның тарихи шындықты бұрмаламай жеткізуіне 
септігін тигізеді. 
Тарихи роман – тарихилық негізінде жазылған және уақыт 
кеңістігі, тарихи тұлғалардың бейнесі, тарихи бояу, белгілі 
тарихи оқиғаны немесе тартысты суреттеуі, ӛзіндік тарихи-
кӛркемдік проблематикасы бар шығарма. Тарихи романдарға 
тән белгі – олардың кӛп қырлылығы және жан-жақтылығы. 
Тарихи романдардағы кӛркем тартыс сюжет пен характерге 
байланысты теориялық мәселе. Ғалым С.Мақпырұлының 
«Қазына» атты зерттеу еңбегінде: «Тартыс – сюжеттің жаны, 
оның қозғаушы күші, сюжетте баяндалар оқиғаның да, характер 
тағдырының шешімі де осы тартысқа, оның сипатын тікелей 
қатысты», – деп келтірілген.
Тарихи роман жанры әдебиетімізге жаңа леп, ыстық ықылас 
әкелді. Халықтың ӛз тарихын білуге деген құштарлығына 
тарихи романдар толығымен жауап берді. Тарихи романдардың 
әдебиетке әкелген жаңалығы туралы сыншы С.Әшімбаевтың 
«Парасатқа құштарлық» атты сыни еңбегінде: «Бүгінгі таңда 
қазақ әдебиеті зор ӛрлеу, даму процесін басынан ӛткеруде. 
Оның дәлелі қазіргі қазақ қаламгерлерінің үлкенді-кішілі болып 
тарихи тақырыптарға бұрынғыдан да терең барлау жасап, батыл 
еніп, ғасырлар бойы тылсым жатқан заманалардың қалың 
қатпарларын ашып, халық тарихында елеулі мәні бар әлеуметтік 
оқиғалардың туу себептерін түсіндіруге тырысуынан кӛруге 
болады», – деп келтірілген. 
Тарихи романдардың қазіргі ӛмірмен байланысы күннен 
күнге күшейіп келеді. Жас ұрпақ тәрбиесінде, олардың 
отансүйгіштік санасын, отаншылдық сезімін қалыптастыруда 
тарихи 
тақырыптағы 
туындылардың 
қызметі 
зор.
Әдебиеттанушы ғалым Г.Ш.Елеукенова «Исторический роман и 
художественная правда» атты мақаласында 60-80 жылдардағы 
тарихи шығарма авторларының тарихты зерттеп, соны 


37 
әдебиетте кӛркемдеп жеткізу арқылы қазақ тарихының шынайы 
парақтарын ашуды мақсат тұтқандығын және «осы жылдардағы 
тарихи прозаның шарықтап дамуы авторлардың ӛткен күннің 
оқиғаларын бейнелеп, қағазда қалдыру арқылы тоқырау 
жылдарының қоғамдық және жеке тұлғалық сана-сезімді 
деформациялауға ұмтылған кезінде халықты санасыздықтан, 
«мәңгүрттіктен» сақтауға тырысқандығын» кӛрсетеді (Известия 
АН КазССР. «Серия филологическая», 1991, №1, с.24). 
Қазіргі жаһандану үрдісінде ұлттық құндылықтар мен 
халықтық белгілерін сақтай отырып, әлемдік әдебиетте тарих 
бедерлерін кӛркемдеп кӛрсету үшін тарихи роман жанрының 
алатын орны ерекше. Бұл ретте әдебиетімізде ХХ ғасырдың 40-
шы 
жылдарынан 
бастап 
қарымды 
жазылған 
тарихи 
романдардың маңызы зор.
Әдебиет – қоғам айнасы, белгілі бір дәуірдің кӛркем 
шындығы болғандықтан, оны құрайтын кӛркем шығармалардың 
әрқайсысының кӛтеретін жүгі бар. Тарихсыз халық, ұлт 
болмайтыны секілді, әдебиетсіз мәдениет де болмайды. 
Адамдардың 
тұрмыстағы 
іс-әрекеттерін 
ӛзара 
қарым-
қатынастарын табиғи болмысымен ала отырып, ӛнер 
психологиясы заңдылығымен суреттеу, бейнелеу, эпикалық 
баяндау, лирикалық әуенмен тұтастыра жазу – қаламгерлердің 
реалистік ұстанымын айқындайды.
Реалистік сипат – кӛркем шығармадағы тарихилыққа негіз 
болатын поэтикалық ерекшелік. Реализм әдісіне арқау болған 
халық 
тұрмысындағы 
әлеуметтік 
қақтығыстардың, 
қайшылықтардың кӛркемдік шешіммен жазылуы уақыт 
шындығын танытады. Академик З.Қабдолов шығармашылық 
әдістің екі түрі романтизм мен реализмнің ӛзара сабақтастығын, 
кӛбінесе біртұтас ӛрілетінін, шындық пен қиялдың қосыла 
отырып, ӛнер туындысының болмысын құрайтынын атап 
кӛрсетеді. Кӛркем әдебиет тарихындағы суреткерлердің 
реалистік сипатпен жазылған шығармаларында романтизм мен 
реализм сарындарында ӛзгешеліктер болғанмен, кӛркемдік 
жинақтауында және шешімінде арналастық сақталады.
Әлем әдебиетінің кӛрнекті суреткерлері Флобер, Мопассан, 
Бальзак т.б. туындыларында романтизм мен реализм тұтастығы 


38 
сақталған. Қазақ әдебиеті тарихындағы ауызша авторлық 
дәстүрлі ақындық поэзия мен кәсіби жазбаша әдебиет 
ӛкілдерінің шығармаларында да реализм мен романтизм 
әдістерінің тұтаса ӛрілуі классикалық үрдістермен тұтастық 
тұрғысында бағаланады. 
Қазіргі қазақ романдарындағы реалистік сипат пен 
кӛркемдік қиял тұтастығының кӛрінісі классикалық әдеби даму 
арнасында танылады. Роман жанрындағы шығармалардың 
эпикалық мол тынысты құрылымында қаламгерлер уақыт пен 
кеңістіктегі халық тарихы оқиғаларының шиеленісті кезеңдерін 
реалистік сипатпен бейнелейді. ХХ ғасырдың 90-жылдары мен 
ХХІ ғасырдың басындағы қазақ романдарының реалистік 
сипатын дәйектеген тақырып саласы – адамдар мен қоршаған 
табиғат ортасының хал-ахуалы. Әсіресе, Арал теңізінің 
тартылуынан, 
Семей 
полигонындағы 
ядролық 
сынақ 
жарылыстарынан туындаған зардаптарды арқау еткен кӛркем 
шығармалар 
әдебиеттегі 
ӛзекті 
мәселелерді 
қамтуымен 
ерекшеленеді. Заманымыздың экологиялық ӛзекті мәселелерін 
арқау 
еткен 
кӛркем 
шығармалар 
уақыт 
шындығын 
туындылардың мазмұны мен пішінінде қамтып, адам мен 
табиғат тағдырының күрделі жағдайын реалистікпен жазудың 
тың бағдарына жол салды. 
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтың ұлттық 
әдебиеті идеялық-эстетикалық ӛзгерістерге ұшырады, бұл 
тарихи романдарға да қатысты болды. Романның бұл түрінде 
эпикалық полотнолардың сюжеттік-композициялық ағынында 
орын алған объективті баяндаулар жалпылау мен типтендірудің 
субьективті-аналитикалық принципімен алмасты. Бұл кезеңде 
тақырыптар мен кӛкейтесті мәселелердің кӛкжиегі кеңейіп, 
жазушының шешуші ұстанымын, оның әлем мен адам 
концепциясын анықтап берді. Прозаиктер шынайы ӛнердің 
әрқилы шартты түрлерін тиімді қолданды, олардың арасында 
мифологиялық кӛркемдік танымдар басты орын алды. 
Мифологиялық, әпсаналық, аңыздық әдістерді қолдану 
прозаның философиялық бояуын қалыңдата түсті. Осындай әдіс, 
тәсіл ерекшеліктерімен байытылған қазақ әдебиеті әлем 


39 
әдебиетінің дәстүрлерін ӛзіне қабылдап, классикалық деңгейге 
кӛтерілді. 
Тарихи роман жанрын зерттеуге арналған кеңестік дәуірдің 
әдебиетші 
ғалымдары 
Ю.А.Андреев, 
Л.П.Александрова, 
В.М.Пискунов, С.М.Петров, А.И.Пауткин, В.Д.Оскоцкий және 
т.б. еңбектері бар. 
Қазақ әдебиетінің жаңа жазба реалистік дәстүрінің 
қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі романдар туралы алғашқы 
теориялық пікірлер Ә.Бӛкейхановтың «Роман деген не?» (1914), 
«Роман 
бәйгесі» 
(1915), 
А.Байтұрсыновтың 
«Әдебиет 
танытқыш» (1926) атты еңбектерінде кӛрініс тапты. 
Қазіргі қазақ әдебиетінде халықтың кӛркем тарихын 
бейнелеген тарихи романдар кӛбейіп келеді. Әдебиеттің осы 
жанрын зерттеуге академик Р.Бердібай, ғалымдар М.Дүйсенов, 
Ш.Елеукенов, 
М.Хамзин, 
Г.Елеукенова, 
Ж.Дәдебаев, 
Т.Сыдықов, Т.Рақымжанов, Қ.Алпысбаев т.б. елеулі үлес қосып, 
қазақ романының қалыптасуы, тарихы мен даму ерекшелігі, 
романдардағы тарихилық пен кӛркемдіктің арақатынасы 
мәселелерін қарастырып келеді. 
Қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанры ХХ ғасырдың 
басында 
қалыптасты. 
Тарихи 
романның 
бастауында 
С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқановтың 
«Ботагӛз» романдарымен қатар Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтың, 
Ж.Аймауытовтың, М.Дәулетбаевтың шығармаларын атауға 
болады. Дегенмен қазақ романын зерттеуші Б.Шалабаевтың 
пікірінше, тарихи романның кӛркем қорытылып, шын мәніндегі 
ӛнер туындысы дәрежесіне жетуі М.Әуезовтің «Абай жолы» 
эпопеясынан 
басталады. 
Ғалым 
Т.Сыдықов 
эпопеяда 
жазушының тарихилық принцип пен реализм мұратынан 
айнымағанын атап кӛрсетеді.
Тарихи проза мазмұнының күрделенуімен бірге оны негізгі 
проблема етіп алып, жанр теориясы тұрғысынан қарастырып
жекелеген шығармаларды талдап, жан-жақты зерттеген ғылыми 
ізденістер саны ӛсті. Мәселен, Л.М.Әуезованың еңбегінде кеңес 
дәуірінде жазылған романдардың кӛркемдік ерекшелігі мен 
тарихилық мәселесі қарастырылған. Ал белгілі ғалым 
Р.Бердібайдың монографиясы М.Әуезовтің «Абай жолы» 


40 
эпопеясынан бастап кӛптеген тарихи романдарды жан-жақты 
зерделеуге 
құрылған. 
Профессор 
Ж.Дәдебаев 
тарихи 
романдарды 
қолданылған 
фактілері 
мен 
құжаттарына 
байланысты деректілік тұрғысынан қарастырып, кӛркем бейне 
жасау принциптерін зерттейді. Ғалым Т.Сыдықов тарихи роман 
жанрын жаңаша зерттей отырып, оның табиғатын терең аша 
білген. Ал әдебиеттанушы ғалым Қ.Алпысбаев қазақ 
әдебиетіндегі тарихи тақырыпқа жазылған туындыларды 
кӛркемдік, кезеңдердің байланысы тұрғысынан қарастырады. 
Тарихи роман жанрын зерттеу саласында қазақстандық 
компаративист-ғалым Қ.Оразаева салыстырмалы-типологиялық 
зерттеу әдісін қолдана отырып, белгілі жазушылар Ю.Тынянов 
пен М.Әуезовтің тарихи шығармаларының негізінде қазақ және 
орыс әдебиеттеріндегі тарихи-биографиялық романдарды 
салыстыра зерттейді. Белгілі ғалым Б.К.Майтановтың «Қазақ 
тарихи-революциялық романдарындағы психологиялық анализ» 
атты кӛлемді зерттеуінде кейіпкер тұлғасын, оның характерін 
ашуда қолданылатын психологизм тәсілі туралы жан-жақты 
айтылады. Ал А.А.Мәуленовтің «Қазіргі қазақ прозасындағы 
аңыздар мен мифтердің кӛркемдік қызметі» туралы зерттеуінде 
тарихи шығармаларға тарихи деректерден кейін ӛзек болатын 
мифтер, аңыздар мен әпсаналар туралы жан-жақты мәлімет 
берілген. 
Зерттеуші 
С.Қ.Мұхтарованың 
«Қазақ 
тарихи 
прозасындағы би-шешендер образы» жайындағы зерттеу 
еңбегінде 
тарихи 
шығармалардағы 
қазақ 
халқының 
қайраткерлерінің 
бейнесі 
жан-жақты 
зерттелген. 
Ал 
Т.М.Демежановтың, Л.А.Серғазының зерттеулерінде Кенесары 
Қасымұлының қазақ тарихында алатын орны және оның 
бейнесін 
ӛзек 
еткен 
тарихи 
шығармалар 
жан-жақты 
қарастырылады және қазақ тарихи прозасындағы барлық 
жетістіктер туралы нақты әрі терең айтылады.
Тарихи роман ӛз бастауын әдебиет пен тарихтан алады. Та-
рихи роман авторы хақиқи тарих деректеріне сүйене отырып, 
ойдан шығарылған ӛмірді суреттейді. Егер тарихшы ӛткен 
ӛмірді археологиялық қазбалар, жылнамалар мен деректер 
бойынша қайта құратын болса, тарихи романның авторы қайта 
құруға жатпайтын ақтаңдақтарды толықтырып, кӛркемдейді. 


41 
Сӛйтіп, тарихи шындықты оқырманға жақын, ұғынықты, әрі 
нанымды етеді. Тарихи роман негізгі екі түрге бӛлінеді, бірі 
белгілі бір тарихи оқиға немесе тұлға тӛңірегінде жазылса, 
келесісі тұтас халық тарихын суреттеуге арналады. 
Тарихи романдардың кейіпкері ең алдымен тарихтың ӛзі, 
ондағы тарихи оқиғалар. Тарихи роман авторы ӛз 
шығармасында ӛткенге үңіле отырып, оны оқырман үшін 
бүгінге кӛшіреді. Тарихи романдардың ғажайыптығы сонда – 
бұл жерде ӛткен ӛмір ӛзінің сырларын жоғалтпайды. Жазушы 
ӛткен дәуірдің бояуын беру үшін сӛз, киім, дәстүр үлгілерінің 
ерекшелігін сақтап, қазіргі оқырманға түсінікті болуы үшін 
роман тілінің тым архаизмденуіне жол бермейді. Романдарда 
тарихи оқиғалар орнына келтіріліп, тарихшының міндеті 
орындалады және адамдардың ойлары мен сезімдері қалпына 
келтірілуі арқылы роман жазу ерекшелігі сақталады. Роман 
жанрын терең зерттеген ғалым М.Бахтин тарих пен тарихи 
тұлғалардың, қайраткерлердің жеке ӛмірінің бірігуін тарихи 
романның ерекшелігі деп санайды және ұзақ уақыт бойы таза 
тарихи сюжеттің орталық және жалғыз тақырыбы соғыс 
болғанын айтады. Сондықтан жазушылар тарихи тұлғалардың 
жеке ӛміріне тоқталмай, тарихи шындықты бейнелеуге күш 
салған. 
Тарихи роман жанрындағы тарих пен әдебиеттің ӛзара 
байланысына келетін болсақ, бұл ӛзара сабақтастық пен 
жалғастық дәстүрінде жүзеге асырылады. Қаламгер нақты 
құжаттармен, деректермен жұмыс жасай отырып, тарихи 
шындықты бұрмаламау мақсатын және роман техникасын, оның 
кӛркемдігіне қойылатын талаптарды ұмытпайды. Сонымен 
қатар тарихи романның тарихы мен поэтикасын жалпы роман 
проблемасынан бӛлек қарастыруға болмайды, бұл проблемалар
әдебиеттануда маңызды орын алады. 
Қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи романдардың 
жіктелімі жүзеге асырылды. Тарихи романдарды тарихи-
революциялық, аңыз-роман, тарихи-биографиялық, тарихи-
публицистикалық, тарихи-этнографиялық, кӛркемделген роман, 
тарихи-тұрмыстық, 
тарихи-хроникалық, 
роман-эпопея 
(Р.Бердібай), тарихи-әлеуметтік, тарихи-танымдық, тарихи-


42 
патриоттық (Қ.Аралбаев), синтетикалы жанр (Т.Сыдықов), 
тарихи-ғұмырнамалық деп бӛлеміз. 
Тарихи роман – ӛміршең жанр. Тарихи романдардың даму 
барысында кӛптеген түрлердің тууы оның жанрының кӛптүрлі 
болуына себепші болған. Ұдайы ізденіс нәтижесінде қазақ 
тарихи романдарының жанрлық түрлері жетілдіріліп келеді. 
Тарихи романдарға тән белгі – олардың кӛп қырлылығы және 
жан-жақтылығы.
Қазіргі қазақ романдары ұлттық сӛз ӛнерінің дамуындағы 
классикалық дәстүр жалғасының кӛрнекті кӛрсеткіштері болып 
саналады. Қазақ әдебиетінін ежелгі замандардағы эпикалық 
кӛлемдегі жазба ескерткіштерінде негізі қаланған тарихи 
шындық пен кӛркемдік шешім тұтастығымен ӛрілген 
шығармашылық үрдіс ғасырлар бойы жалғаса келе қазіргі әдеби 
дамуға ұласты. ХХ ғасырдың 90-жылдары мен ХХІ ғасырдың 
басындағы қазақ романдары тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің 
әлемдік ӛркениеттегі классикалық үрдістердің кӛрсеткіштерімен 
деңгейлес 
сипатымен 
бағаланады. 
Қазақ 
әдебиеті 
шығармаларының ұлттық негізділігін сақтай отырып, әлем 
әдебиеті арналарымен бірге кӛркемдік дамудың жаңа 
жетістіктеріне жетуі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан мәдениетінің 
мәңгілік тұғырын нығайта түседі. Бұл – қазақ сӛз ӛнері 
дамуының мәңгілік шығармашылық қозғалыстағы жолы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет