М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет10/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78
Байланысты:
open-file

 
Бақылау сҧрақтары: 
1. Бейнелеу және әсірелеу тәсілдерін атаңыз. 
2. Прозадағы деректердің қолданылу ерекшелігі қандай? 
3. Кӛнерген сӛздер мен архаизмдердің қолданылу сипаты. 


56 
8-дәріс. Тарихи уақыттың идеялық-кӛркемдік кӛрінісі 
 
Уақыт пен кеңістік кез келген кӛркем шығармаға қарағанда 
тарихи туындыларда кең аумақты әрі әрқилы болып келеді. 
Бұған дәлел ретінде жазушыларымыздың тарихи оқиғаларды 
суреттеуде уақыт пен кеңістікті шектемей, ӛткен замандағы 
оқиғалардың ауытқуын, жылжымалылығын, динамикалық 
қозғалысын роман жазылған уақытпен байланыстырғанын 
айтуға болады. Жазушы тарихи деректерді баяндау барысында 
кӛркемдіктен бұрын деректілігіне мән беруі – осының айғағы.
Ал тарихи деректерді әрлеу үшін кӛркемдік құралдары 
жан-жақты 
қолданылады, 
ал 
осы 
мақсатта 
поэтика 
заңдылықтарына 
кӛңіл 
бӛлінеді. 
«Литературный 
энциклопедический 
словарь» 
бойынша: 
«Әдеби 
шығармалардағы кӛркемдік құралдардың жүйесі туралы 
ғылым» ретінде поэтика «әдеби тектер мен жанрлардың, 
ағымдар 
мен 
бағыттардың, 
стильдер 
мен 
әдістердің 
ерекшеліктерін» зерттейді.
Уақыт пен кеңістік – ӛнердің, соның ішінде әдебиеттің 
маңызды 
дүниетанымдық, 
идеялық-мазмұндық 
және 
композициялық характері. Оларды зерттеу шынайылықты 
кӛркем 
бейнелеу 
мүмкіндіктерін 
зерделеуге, 
кӛркем 
шығарманың 
ішкі 
әлемінің 
ерекшеліктерін 
зерттеуге, 
шығарманың мазмұны мен формасының күрделі мәселелерін 
шешуге зор қызмет атқарады. Кӛркем уақыт пен кеңістік 
мәтіннің күрделі құрылымдық бӛлігі қызметін атқарады, ол 
шығарманың композициясын құрайды, соның ішінде баяндау, 
сӛздік құрылымы, сюжеттің дамуы секілді мәселелерге әсерін 
тигізеді, олардың жанр құрайтын мәнінен басқа әдебиетте 
кӛркемдік қуаты да бар. Әдебиеттану ғылымында «хронотоп» 
ұғымының негізін салған белгілі ғалым М.Бахтин: «Хронотоп 
дегеніміз әдебиеттің формальды-мазмұндық категориясы... 
Әдеби-кӛркем хронотопта кеңістік және уақыт белгілері мәнді 
және нақты тұтастық ретінде тоғысады», – деп келтіреді. Оның 
пікірінше кӛп жағдайда уақыт қатынасы кеңістіктен бӛлек 
қарастырылып келді. Ол уақыт пен кеңістікті хронотоп (ежелгі 
грек тілінде chronos – уақыт, topos – орын, кеңістік) деп атайды. 


57 
Уақыт образы биографиялық (балалық шақ, жастық шақ, кемел 
шақ, кәрілік), тарихи (қоғам ӛміріндегі дәуірлер мен 
ұрпақтардың, ірі оқиғалардың алмасуы), ғарыштық (мәңгілік 
және әлемдік тарих туралы ойлар), күнтізбелік (жыл 
мезгілдерінің, күнделікті ӛмір мен мерекелердің ауысуы), 
тәуліктік (күн мен түн, таңертең мен кешкілік уақыт), сондай-ақ 
қозғалыс пен қозғалыссыздық туралы, ӛткеннің, бүгіннің, 
болашақтың арақатынасы туралы ойлардан жасалады. Ал 
кеңістік кӛркем шығармаларда әрқилы түрде кӛрініс береді: 
жабық және ашық кеңістік, жер мен ғарыштық кеңістік, кӛзге 
кӛрініп тұрған шынайы және қиялдағы кеңістік, жақын мен 
алыстың заттығы туралы ой. Кӛркем шығармалардың әрқилы 
кеңістікті жақындататын және бір арнаға құятын мүмкіндігі бар. 
Ол хронотопты «уақыттық кеңістік» дей келе, уақыттық және 
кеңістіктік кӛзқарастардың ӛзара байланысын кӛрсетеді және 
хронотопты 
шығармашылықтың 
роман 
түрімен 
байланыстырады. 
Романдық 
хронотоп 
бейнеленген 
ситуацияның ерекшеліктерімен айқындалады, мұның қатарына 
«жеке тұлға, микроорта және бір-бірімен әртүрлі қарым-
қатынастағы орта кіреді». Осы жерде ғалым: «Хронотоп 
әдебиетте маңызды жанрлық мағынаға ие. Жанр мен жанрлық 
түрлер хронотоппен айқындалады», – дейді («Вопросы 
литературы 
и 
эстетики», 
391-406 
бб.). 
Хронотопты 
шығармашылықтың роман түрімен байланыстыра отырып, 
М.Бахтин роман ұғымын ӛте кеңейтті, сӛйтіп оны Жаңа кезеңнің 
түгелдей дерлік әдебиетімен байланыстырды. Сонымен қатар ол 
хронотоптың ерекшелігін романның ӛте ертедегі типтерінде, 
яғни ежелгі грек, авантюралық-рыцарлық, авантюралық-
айлакерлік, Рабле романдарында кӛрсетті. Ғалымның пікірінше
шығарманың 
кейіпкерлері 
және 
мәтіннің 
басқа 
да 
компоненттері: кейіпкерлердің портреті, сӛзі де хронотопқа ие. 
Ал «Проблемы поэтики Достоевского» атты еңбегінде уақыт 
пен кеңістіктің жанрлық мәні бар екенін айта келіп: «Жанр 
возрождается и обновляется на каждом новом этапе развития 
литературы и в каждом индивидуальном произведении данного 
жанра», – дейді, яғни жанр мен жанр түрлерінің хронотоп 
арқылы анықталатынын нақты айтады. 


58 
Ұлттық әдебиеттанудың негізін қалаушылардың бірі 
А.Байтұрсынов «кӛркем яки дарынды сӛзді, яғни әдебиетті 
әуезе, толғау, айтыс» деп үшке бӛледі, әуезеге жататын ұлы 
әңгіме (роман) жанрында қаламгер осы үш жанрды да 
қолданады. Прозаны «ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме» деп 
жіктегенінен ғалымның кӛркем шығарманы уақыт пен кеңістік 
кӛлеміне қарай бағдарлағанын кӛреміз. 
Ғалымдардың 
зерттеулеріндегі 
осы 
үндестік 
пен 
жалғастықты А.Ісімақова ХХ ғасырдың басы мен бүгінгі күнгі 
әдебиет туралы «Казахская художественная проза» атты 
зерттеуінде кеңінен ашып кӛрсеткен және қазақ прозасының 
жанрлық алғышарттарын қарастыра келіп: «Для понимания 
специфических свойств жанровой системы казахской прозы 
важно понять диалог между системами (фольклором и 
литературой), при котором литературные жанры обретают 
значение в соотношении с предыдущей фольклорной системой 
жанров», – деп, фольклор мен әдебиетті біртұтастықта 
қарастырады. 
Тарихи романдардағы уақыт пен кеңістік мәселесін 
талдағанда тарихи уақыт категориясы ұғымымен сабақтасып 
жатады. Себебі тарихи шығарманың бір ерекшелігі жазушы 
ӛзінің суреттеп отырған кезеңін алыс болса жақындатып, ұзақ 
болса қысқартып, мейлінше негізгі тарихи шындықты 
бейнелеуге күш салады, бұл автордың тарихтың қай беттерін 
парақтауға мән бергенімен байланысты.
Кӛрнекті жазушы І.Есенберлиннің «Кӛшпенділер», «Алтын 
Орда» трилогияларындағы уақыт пен кеңістік ғалым 
Р.Нұрғалидың пікірінше «мейлінше мол әрі орасан кең ауқымда 
бейнеленеді: бір атырап, бір тайпа, бір жүз тіршілігі емес, 
Қазақстан халқының тағдыры кӛптеген басқа елдермен қарым-
қатынас контексінде, дүниежүзілік дамудың арнасымен терең 
сабақтастықта алынады. Құжаттар мен тарихи деректерді 
сұрыптауда Еуропа, кеңес әдебиеттерінің дәстүрін негізге алып 
отыратын жазушы ежелгі аңыздарды, ауызекі әңгімелерді, 
халықтық мифологияны кӛркем шығармада творчестволықпен 
пайдалану барысында кӛп жаңалықтар, соны ӛзгерістер ашты. 
Сӛйтіп, тарихи романның жаңа бір ұлттық, жанрлық – роман-


59 
шежіре үлгісін тудырды деп айтуға әбден болады» («Телағыс», 
291-292 бб.). 
Сонымен қатар «Кӛшпенділерде» негізінен ғұмырнамалық 
(биографиялық) ретроспекция – хроника, психологиялық 
ретроспекция кӛбірек қолданылған (Қ.Алпысбаев). Жазушы 
уақыт пен кеңістікті бейнелеуді образ жасау шеберлігімен 
ұштастыра алған, ол ӛз кейіпкерлерінің бейнесін тым 
әсірелемей, тӛмен құлдилатпай, шынайы жасауға тырысқан, 
мысалы Қобыланды батырдың пендешілігін жасырмай кӛрсете 
отырып, бұл оның батырлық аңғалдығы екенін айта кетуді 
ұмытпайды.
Жазушы тарихи уақыт пен кеңістікті қолдана отырып, ӛткен 
күннің оқиғаларын кейде монолог, кейде айтыс ӛнері, кейде 
сұхбат түрінде беруге ден қояды. Бұл – тарихи шығармаға тән 
қасиет. Ал романды талдауда қолданылған салыстырмалы-
тарихи әдіс шығарманың сюжетінде жазушының суреткерлік 
қиялының тарихи материалмен тығыз байланыста екендігін 
айғақтайды. 
Трилогияда әлем, дүние, ӛмір мен ӛлім, тағдыр, тарихи 
жолды таңдау мәселесі мәдени-философиялық тұрғыдан 
қарастырылады. Романда қазақ халқының ӛткен тарихи суреті 
хандардың, халық арасынан шыққан тұлғалардың кӛркем 
фигураларымен, ӛткен дәуір адамдарының рухын, ұлттық 
санасын, 
ойлау 
жүйесін 
қалыптастырған 
кӛптеген 
этнографиялық детальдармен, салт-дәстүрлермен толыққан. 
Кӛркем суреттің осы барлық элементтерін және компоненттерін 
зерттеу қажеттілік болып табылады. 
І.Есенберлин трилогияның ӛн бойында тарихи фактілердің 
ізін жоғалтып алмау және жалаң деректілікке ұрынбау үшін 
әрқилы 
әдіс-тәсілдерді 
қолданған. 
Мұнда 
кейіпкердің 
монологын («Алмас қылыш» романындағы Әбілқайыр ханның 
ұзақ толғанысы, «Жанталас» романындағы Бұқар жыраудың 
Абылай хан туралы ойлары), тарихи оқиғаларды бейнелеу үшін
диалогты (Қотан жырау мен Қазтуғанның айтысы), кӛпүнділікті 
(Әбілқайыр ханның ӛз қызымен кенет кездескендегі ханның, 
Саян батырдың, Гүлбаһрамның ойлары арқылы оқиғаны 
шиеленістіруі; Шах-Будақтың асында Саян батыр қашып 


60 
кеткендігі туралы хабарды естігенде Қобыланды батырдың, 
Ақжол бидің, Әбілқайыр ханның ишарат-қимылдары арқылы 
Асан Қайғының ертеңгі күннің күмәнді екендігі туралы ойға 
келуі), дәстүрлі емес коммуникацияны қолдануы (Шыңғыс 
ханға Жошының ӛлімін естірту үшін домбыраны пайдалануы), 
халықтың салт-дәстүрінің оқиғаны сӛзсіз ұғындыратынын 
кӛркем бейнеленуі (Ақжол батырдың қаралы ордасының 
сипаты: «Орданың сырты қандай болса, іші де сондай қан 
жылаған екен. Алтын, күміспен зерлеген қара сырлы уық, 
кереге, бақан. Абажадай қара шаңырақтан жерге салбыраған 
қара шуда жіптен ӛрген шашақты тұжырма. Үй іші адамның 
зәресін алып, құтын қашырғандай…»; Әбілқайыр ханның 
Жәнібек пен Керейді аң аулауға шақырғандағы екі топтың киім 
киісі, адамдар саны, олардың бет-бейнесін суреттеу арқылы 
ханның шын ниетін кӛрсетуі; Жағанның отауына келгенде 
әйелінің ӛз жүрісі арқылы ханға деген сүйіспеншілік сезімін 
білдіруі) жазушының шеберлігін кӛрсетеді.
Трилогияда нақты жылдарды кӛрсету, кейде құжаттардан 
үзінді келтіру секілді деректілік кӛп кездеседі, бұл жазушының
осыншама ұзақ уақытты бір кеңістікке сыйғызу үшін жасаған 
әрекеті секілді. Себебі трилогияда уақыт бір орында тұрмайды, 
оқушы ХҮ ғасырда отырып, кейіпкерлердің монологы немесе 
диалогы арқылы одан бірнеше ғасыр бұрынғы кеңістікке түсіп 
кетеді, 
немесе 
жазушы 
нақты 
тарихи 
тұлғаларды 
бейнелегендіктен, абыздардың түс жору әдісі (Бұқардың 
Абылайдың түсін жоруы, Кенесарының түсі) арқылы 
болашақтағы, кейіннен тарихта нақты орын алған оқиғаларға 
кӛшеді, яғни трилогияда кеше – бүгін – болашақ уақытының 
тізбегі қолданылған. Жазушы уақыт кӛшінің үздіксіздігін де, бір 
сәттілігін де сипаттаған.
Жазушы трилогияға бес ғасырлық оқиғаны сыйғызу үшін 
фольклорлық, эпикалық уақыт пен кеңістікті пайдаланады. 
Фольклорлық уақыт – кӛркем шығарманың уақыты, 
фольклорлық қиял тарихи шындық болғандықтан, ол кӛркем 
шығарманың шеті мен шегін сақтайды. Эпикалық уақытта 
баяндау сарыны басым, жазушы оны әрқилы жаңа формаларға 
енгізіп, шеберлік кӛрігінен ӛткізіп баяндайды. Фольклордың 


61 
прозалық түрінің кӛркем шығармаға кірігуі, жазушы қаламының 
күшімен кӛркемдікке ұласуы – оның шығармашылық жетістігі.
Трилогияда жазушы макрокеңістік пен микрокеңістікті 
қатар бейнелеу тәсілін шебер қолданады. І.Есенберлин 
кейіпкерлерінің кӛпшілігі тарихи тұлғалар, немесе солардың 
прототиптері болғандықтан, тарихи оқиғаларды бейнелеу 
арқылы жазушы әр кейіпкердің микроәлеміне үңіле кетуді жӛн 
санайды. Бұл ретте терең психологиялық суреттеулер, керемет 
портреттер кӛп болмағанымен, оқырман ӛзіне қажетті 
кейіпкердің бейнесін толық кӛзіне елестете алады. Себебі 
жазушы кейіпкер образын толық ашу үшін қажетті детальдарға 
мән береді, мысалы оның ата-бабасын, қоғамдағы алатын 
орнын, атақ-дәрежесін, тұрмыс-тіршілігін, киім киісін немесе 
сӛз саптауын шығарманың қажетті жеріне арқау етеді. Бұл ретте 
автордың ата дәстүрі мен салттарын суреттеуде шеберлік 
танытатынын баса айтуымыз қажет.
«Кӛшпенділер» трилогиясы уақыт пен кеңістік тұрғысынан 
қарастырғанда күрделі туынды, мұнда хронотоптың кӛптеген 
түрлері кездеседі. І.Есенберлин трилогияда тарихи оқиғаларды 
суреттеуде уақытты және кеңістікті шектемей, ӛткен заманның 
оқиғаларын жылжымалылығы, ауытқуы тұрғысынан эпикалық 
кеңістік пен эпикалық уақытта шебер бейнелейді. Яғни 
шығармада қилы-қилы шегіністер, ретроспективті монологтар, 
баяндаулар осы эпикалық баянды жүзеге асыру үшін 
қолданылған. 
Бүгінгі күні «Кӛшпенділер» трилогиясындағы уақыт пен 
кеңістік ӛз жалғасын тапты, уақыт әлемдік жаһандану 
үрдісіндегі Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігіне ұласса, кеңістік 
жаңаша заманауи виртуалды кеңістікке ұласып, әлем сахнасына 
жол тартты, бүгінгі күні трилогия еліміздің киноӛндірісіндегі 
«Кӛшпенді» (2006) тарихи драмасының, «Қазақ елі» жобасының 
алғашқы бӛлімі «Алмас қылыш» фильмінің (2016) түсірілуіне 
негіз болды. 
Тарихи 
романдарда 
психологизмді 
қолдану, 
ішкі 
монологтың және диалогтың қызметін күшейту, бейвербалды 
ишараттар мен заттық детальдарды кеңінен пайдалану үрдіске 
айналды. Кӛркем бейнелеудің жаңашыл сипаттары ұлттық 


62 
характерлердің шынайы ашылып, оқиғаны бейнелеуде ұлттық 
дәстүр мен рухани мұралардың кеңінен қолданылуына жол 
ашады. Ерте кездегі әдебиеттен бастау алған психологизм 
элементтері XVIII ғасырда кӛркемдік тәсіл ретінде әдебиетке 
енді, ал XIX ғасырда одан әрі дамыды. ХХ ғасыр басындағы 
қазақ 
прозасында 
Ж.Аймауытовтың, 
М.Жұмабаевтың, 
М.Әуезовтің, т.б. жазушылардың шығармаларында психологизм 
тәсілі қолданылды. Психологиялық проза кейіпкердің жан 
дүниесін бейнелеумен ерекшеленеді, әдебиеттанушы ғалым 
Б.Майтанов «Қаһарманның рухани әлемі» атты зерттеуінде: 
«Психологизм сӛз ӛнерінің тектік белгісі... қаһарманның рухани 
әлемін, жан сырын жеткізудің амал-тәсілдерінің жиынтығы», – 
десе, кӛркем прозадағы психологизмді зерттеуші Г.Ж.Пірәлиева 
психологиялық бейнелеу құралдарын үшке бӛліп кӛрсетеді, 
олар: психологиялық бейнелеудің «тура» түрі, яғни ішкі сӛз, 
қағытпа (репликалар) түрі, ӛзін-ӛзі бақылау, ойша елестету, ішкі 
монолог, еске алу және елестету) т.б.; бейвербалды ишараттар
авторлық баяндау.
Әдебиетіміздегі белгілі тарихи туындылар қатарындағы 
І.Есенберлиннің 
«Кӛшпенділер» 
трилогиясында 
(«Алмас 
қылыш», «Жанталас», «Қаһар»), Ә.Кекілбаевтың «Үркер», 
«Елең-алаң» 
романдарында, 
Қ.Жұмаділовтің 
«Дарабоз» 
дилогиясында, Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романында 
психологизм тәсілінің қолданылу ерекшелігі бар.
Қазақ тарихи романдарында кейіпкерлердің, соның ішінде 
тарихи тұлғалардың образын жасауда түс кӛру, диалог, ішкі 
монолог, кері қайту, еске түсіру секілді психологизм тәсілдері 
жиі 
қолданылады, 
бұлар 
жазушыға 
негізгі 
оқиғадан 
алшақтамай-ақ кейіпкер бейнесін жасауға мүмкіндік береді. 
Кӛркем шығармада түс кӛру кейіпкердің іс-әрекетін 
психологиялық тұрғыдан нанымды әрі дәл бейнелеу үшін және 
әр кезеңнің ӛзіндік дүниетанымына орай фантастикалық, 
мистикалық, лирикалық, комедиялық немесе гротесктік эффекті, 
акцент беру үшін қолданылады. Суреткер үшін түс кӛру, түс 
жору тәсілдерін қолдану – кейіпкердің құпия қалтарысы мол 
ішкі жан дүниесіне тереңдей еніп, кейіпкердің күрделі де 
жұмбақ табиғатын ашудағы, оқиға шешімін табудағы, жазушы 


63 
шеберлігін танытудағы тиімді әрі күрделі бейнелеу құралы. 
Дейтұрғанмен, түс кӛрудің қосалқы кӛркемдік түрлері – түс 
жору, сандырақтау, елес, елестету, есеңгіреу, шатасу, 
галлюцинация, т.б. ӛң мен түс, ӛмір мен ӛлім аралығындағы жан 
азабын, шекаралық шақты бейнелейді. Түстің поэтикалық 
қуаты, кӛркемдік кеңістігі мен мүмкіндігі мол, кейіпкердің ішкі 
иірімдерін бейнелеуде спецификалық ауқымы кең, мағыналық, 
философиялық атқарар рӛлі зор, кӛркемдік кілттің оқыс 
жағдайда табылуына дәнекер бола біледі. Ашық айта алмайтын 
мәселелерін автор бейсаналы түрде бейнеленетін кейіпкердің 
түс кӛруі арқылы тұспалдап жеткізеді.
Түс кӛрудің ӛзі кейіпкердің психологиясында рационалды 
және интуитивті бастама ретінде кӛрінсе де, бертін келе 
жазушының жекелеген шеберлігіне байланысты адамзаттың 
бүкіл психикасына тереңдеп енудің таптырмас кілті болды. Ол 
оқырманды және адам психологиясын терең түсінудің, жан-
жақты білудің белсенді кӛркемдік құралы болды. Түс кӛрудің ең 
басты кӛркемдік қызметі – психологиялық нақтылықты дәл 
бейнелеу. Кейіпкердің ӛзін-ӛзі тануы, оның оянбай қалған 
кейбір адамгершілік қасиеттерінің қайта жаңғыртылуы кӛбіне 
кӛрген түстері арқылы сәтті суреттеліп жатады. Мәселен, 
бұрынғы әдеби мұраларда таза ақпараттық міндет атқаратын 
сәуегейлік түстер кейіпкер ӛмірін бейнелегенде кӛркемдік 
тұтастықты бұзбайды. Қиял-ғажайыпқа, тіпті адамның ақылдан 
айрылу, сандырақтау, ессіздік, ӛң мен түс аралығындағы 
бейсаналы сәттер, елес, елестету, т.б. күрделі психологиялық 
түзілістерге де мүмкіндік беретін қазіргі қазақ прозасындағы түс 
кӛру үзінділерінен кейіпкердің дәл сол сәттегі психологиялық 
жағдайынан, кӛңіл-күйінен хабардар етеді. 
І.Есенберлиннің «Қаһар» романындағы «Абылайдың түсі» 
деген аңыз шығарманың идеясын айқындай түсуге қызмет етеді. 
Осылайша ауыз әдебиетінде сақталған аңыздық ақпаратты 
пайдалану арқылы романға қосалқы қуат қосқан Кенесары 
оқиғаларының ақырына дейін тізіп баяндамай, олардың жалпы 
түсінігін қаһарманның түсі ретінде айтудың ӛзі де үлкен 
кӛркемдік тәсіл. Абылайдың түсін жорыған Бұқар жырау: 
«Қырыққа келмей табытта жатсаң – ӛмірің ұзақ болады екен. 


64 
Басыңа жалау тігіліп, оған үш бірдей топ таласып жатса, үш 
жүзге хан болады екенсің», – деп жориды.
Осы сипатты оқиға «Үркер» романының бас кейіпкері 
Әбілқайырдың түсі арқылы суреттеледі. Бұл түсті Мәті би: «ел 
ұстайтын ердің де жол бастары тәуекелшіл жолбарыс, ашушаң 
арлан емес, айлакер түлкі болатын шығар. Заманына қарай 
амалы деген осы ғой», – деп жориды. Осы түс «Елең-алаңда» 
жалғасын табады: «Қызыл түлкі аяғы жерге тимей жұлдыздай 
ағып келеді...», оянысымен ӛз түсін ӛзі жорыған Әбілқайыр хан: 
«Мәті би айтқан түлкі дәуреннің біржола орнағаны ғой. Ал, 
сонда бұның әлгі тағдырдың жазуындай бүркіттің ӛзіне тап 
бергені не болғаны?.. Не де болса, келешек кӛрсетер...», – деп 
қорытады. 
Психологиялық бейнелеу құралы болып табылатын ым мен 
ишаратқа байланысты терминдік атаулар мен ұғымдардың қазақ 
әдебиетінде жұтаңдығы байқалады. Бұл мәселені қолданыстағы 
терминдік атауларды пән сӛзі ретінде енгізіп, тұрақтандыру 
арқылы шешуге болады. Тіл шарты, тіл мәдениеті, термин 
талабы әр ұғымды әркім ӛз қалауынша құбылта беруді 
кӛтермейді. Әдебиет тарихын зерттеушілердің пікірінше негізгі 
ым (мимика) – тек кескін-келбеттегі қимыл-қозғалысты, 
сезімдік-эмоционалдық құбылыстарды қамтиды. Ишара (жест) – 
бүкіл денедегі іс-әрекетті, қимыл кӛріністерін, бейвербалды 
элементтерді білдіреді және адамның, кейіпкер-тұлғаның тек 
ӛзіне ғана тән жұмбақ жаратылысы оның киім киісімен, жүріс-
тұрысымен, ӛзгеге ұқсамайтын сӛйлеу мәдениетімен де 
ерекшеленеді. 
Демек, 
қазіргі 
қазақ 
романдарында 
кейіпкерлердің ішкі әлемі тек мінез-құлқында, іс-әрекетінде 
ғана байқалып қоймайды, олардың характерлерінің мәні 
психологиялық талдаудың аналитикалық принципінде де 
байқалады. Аналитикалық психологиялық талдаудың жетекші 
әдісі – ішкі монолог, ол иррационалды және логикалық деп 
жіктеледі. Иррационалды, яғни логикаға жатпайтын монологтың 
стилистикалық 
құрылымында 
грамматикалық 
байланыс 
бұзылған немесе әлсіз, мұнда үзіліс, сұраулы, лепті сӛйлемдер 
жиі қолданылады. Ал монологтың екінші типінде ой жүйелі 


65 
түрде беріледі және аяқталғандықты білдіреді, логикалық дамуы 
да сатылы жүреді.
Бұл ретте «Алмас қылыш» романындағы оқиғалар кӛшіне 
кӛлік болып, романның сюжеттік құрылымына қызмет етіп 
тұрған Әбілқайырдың ірбіз терісінің үстінде жатып ойланған 
үнсіз монологын айтуға болады. 
«Дарабозда» қалмақ Арсалаңмен жекпе-жекке шыққан 
Қабанбайдың ішкі монологында: «Осы жолғы соққыдан аман 
қалсам», – деп тұрмын ішімнен. Бұрын қаптама шайқастарда 
қайрат кӛрсеткенім болмаса, жекпе-жекке бәлендей ысыла 
қоймаған кезім. Қорқыныш пен қобалжуды тек алапат ашу ғана 
жеңіп тұрғандай... Манағы алғашқы соққымды бойына 
тоғытпады ма, Арсалаң, «бала, шамаңды байқап қалдық» 
дегендей, тым бейқам тұр. Мана кӛріп алғам: сауытының 
жағасы жайдақ, ӛндіршегі ашық кӛрінеді. Маған керегінің ӛзі де 
– сол» деген ойлар батырдың адами сипатын реалистікпен 
бейнелеуге және батырлық қырағылығын кӛрсетуге қызмет етіп 
тұр. 
«Тар кезеңде» жазушы тығырыққа тірелген Нұралы ханның 
мүшкіл халін «алтын табаққа салып алдына қойған бастан ауыз 
тиейін десе, қолынан жылп етіп топыраққа түсіп кететін бастың 
қойдың емес, орыстың шошқасының басы болып шығатынын» 
бір емес, бірнеше рет түсінде кӛріп, ӛмірі шошып оянып, 
түсінен үріккен оның шешімін таба алмай дал болып, неге 
жорырын білмей жүргенімен тереңдете суреттеп, ішкі 
монологты түс кӛрумен толықтырады. Жазушы психологизм 
тәсілдерін қосарлай қолдана отырып, Сырым батырдың ел 
қамын ойлаған ішкі жан айқайының уытын «ішіндегі қара 
қобыздың қылғына қиқылдап… ыңырана ышқынуымен» 
қоюлата түседі. 
Тарихи романдардағы диалогтың кӛркемдік қызметі –
кейіпкер психологиясын бейнелей отырып, баға беру. Ол 
кейіпкердің ойларын, дүниетанымдық кӛзқарастарын, оның 
қоршаған ортадағы басқа адамдармен қарым-қатынасының 
ерекшелігін кӛрсетеді. Кейіпкер характерін қазіргі романдардың 
сюжеттік құрылымынан тыс қарауға болмайды. Ең басты 
заңдылық, характердің пайда болуы ӛмірлік ситуациялармен, 


66 
әлеуметтік жағдаймен байланысты. Әрбір қайшылықты 
жағайдың, оқиғаның басты қозғаушы күші тартыс болып 
табылады.
«Кӛшпенділер» трилогиясындағы психологизм табиғаты 
ішкі монологта да айқын кӛрінеді. Кейіпкер характеріндегі 
қандай да болсын психологиялық күй ең алдымен оның ӛзімен 
ӛзінің іштей сырласуында толық та қалтарыссыз ашылатыны 
белгілі. Сол арқылы қаһарманның характер қалтарысына да 
терең бойлайды. Сонымен қатар романда монологпен қатар 
жүретін тәсіл – диалог. Романда қаламгердің диалогтық 
форманың тамаша шебері екені кӛрінеді. Жазушы екі 
қаһарманның мінез қырларының біраз ерекшелігін байқата 
отырып, диалог арқылы олардың түпкі мақсатын, кӛздеген 
мұраттарын да аңдатады. Бұл ойымызға «Жанталастағы» 
Абылай мен Құндыз арасындағы диалог дәлел. 
«Дарабоз» дилогиясында қазақ батыры Ерасыл мен қырғыз 
жігіті Ердененің диалогы және бейвербалды ишараттары 
арқылы Қ.Жұмаділов қоғамдық-саяси жағдаймен қатар, 
кейіпкерлердің де түпкі мақсат-мұратын ашады: «Бұқпантайлап 
келіп, шіліктің арасынан сығалады. Қараса, жас шамасы ӛзінен 
сәл қалыңқы, ӛңі қазаққа келіңкірейтін бір жасӛспірім жігіт 
белуарына дейін шешініп тастап, кӛйлегінің битін сығып отыр. 
Ӛзі шарға бойлы, ешкінің асығындай ғана бәкене жігіт екен. 
Ерасыл қарсылысының шама-шарқын байқаған соң, қанжарын 
қынына салды да, талдың арасынан жаймен шығып кӛрініс 
берді. Бейтаныс жігіт ит кӛрген мысық бастанып, орнынан атып 
тұрды. Жан дәрмен анадай жерде жатқан таяғына ұмтылған. 
Бірақ таяққа одан гӛрі Ерасыл бұрын жетті.
– Қорықпа, мен саған тиіспеймін, – деді әлгіге жылы жүзбен 
күле қарап.
– Неден қорқам? Мына сенен қорқам ба? – деді анау да 
ӛзінше айбат шегіп...
– Мұнда не ғып жүрсің? Қай ауылдансың? – деді Ерасыл 
сыр тарта сӛйлеп.
– Түйе бағып жүрмін. Ӛлженің түйелерін.. Естуің бар 
шығар, дүрбіттің батыры. 


67 
– Солай де... Ӛлженің атын естігенде Ерасыл елең ете 
қалды. Бірақ сыр бермеуге тырысты. – Ӛзің бұлардың қолына 
қалай түсіп жүрсің? 
– Мені Ӛлжеге оңаша жерде жолықтырсаң! Қалпарыста 
қапысын тапсам... 
– Оның да жӛн екен. Әйтпесе, ол жауыз саған 
оңайшылықпен алдыра қоймас. – деді Ердене. – Қолымнан 
келген кӛмекті аянып қалмаспын. Бірақ саған қояр менің де бір 
шартым бар.
– Не сұрайсың? Айт! – деді Ерасыл ширығып. 
– Құдай жолымызды оңғарып, Ӛлже сұмды о дүниеге 
аттандырсақ, мен бұл жерде қала алмаймын ғой. Менде зытам 
сенімен бірге... Одан әрі қырғыз асып кетуіме қол ұшын бересің 
бе? Ерасыл қуанғанынан қарқылдап күліп жіберді. 
– Ой, Ердене, ӛзің әлі бала екенсің ғой. Соны да сӛзім бар 
деп айтып отырсың ба? Қазаққа жеткенің – қырғызға жеткенің 
емес пе?.. Аман қалсам, қырғызға сені мен жеткіземін. Мен 
жеткізе алмасам, қалың қазақ елі бар, солар жеткізеді!» (56-б.). 
Ал «Тар кезеңдегі» Нұралы хан билер жиынын ӛткізгенде 
Тай бидің қоймай түшкіруі бұл жиынның түгелдей мәні кеткен 
әншейін отырыс екендігін дәлелдегені туралы эпизод кӛркем 
детальдың шебер қолданылғанын кӛрсетеді. 
Психологиялық прозадағы кӛркемдік компоненттің бір түрі 
заттар әлемі, яғни «кӛркемдік деталь тұрмыстық, заттық, 
этнографиялық, портреттік, пейзаждық деталь арқылы 
кейіпкердің 
рухани 
әлеміне 
тереңдей 
үңіліп, 
адам 
психологиясын ашады. Детальдар арқылы кейіпкердің қоршаған 
ортасы, халық тұрмысы шыншылдықпен бейнеленеді және сол 
дәуірдің мәдени-тарихи, тұрмыстық ерекшеліктері айқындалады 
(Пірәлиева Г. Кӛркем прозадағы психологизмнің кейбір 
мәселелері, 271-б.). 
Қонақжайлылық құт боп дарыған халқымыздың тарту-
таралғы, сый-сияпат жасау үрдісі де ӛзінше бір салтанат-сәні 
келіскен ғұрып. І.Есенберлин «Қаһар» романында Қасым 
тӛренің балалары Есенгелді мен Саржанның Ташкент құшбегіне 
әкелген бір тоғызын келістіре суреттейді: «қазақ елінің дәстүрі 
бойынша ер-тоқымы, жүген-құйысқаны күміс, жал-құйрығы 


68 
тӛгілген, Арқадан келген тоғыз қара жорға, тоғыз боз жорға, әр 
ер басына байланған тоғыз қара құндыз, тоғыз қоңыр бұлғын 
әкелген». Бұл жерде халқымыздың ұлттық сипатын мінездейтін 
заттық деталь қолданылған. 
Қаралы үй мен ауылдың бейнесін сипаттайтын кӛркемдік 
детальдар «Алмас қылышта»: «Орданың сырты қандай болса, 
іші де сондай қан жылаған екен. Алтын, күміспен зерлеген қара 
сырлы уық, кереге, бақан. Абажадай қара шаңырақтан жерге 
салбыраған қара шуда жіптен ӛрген шашақты тұжырма» және 
«Қаһарда»: «...әлі жығылмаған үлкен үш ақ орданың есігінің 
алдында бұл үйлерде ӛлік бар екенінің белгісі ат құйрығына 
жалау байлаған сойылдар мен үй үстін айқыш-ұйқыш етіп 
таңған қара басқұрлар кӛрінеді (ӛлік бар үйді бұлай білдіру кей 
руларының ежелгі дәстүрі)» сипатында берілген. 
Ал табиғат суреті арқылы оқиғаның бастауын суреттеу 
«Алмас қылышта» кездеседі: «Екі батырдың қимылдарын 
Әбілқайыр да, Асан Қайғы да, тұрған жұрт та аңғарып қалды. 
Дәл осы кезде кенет жерді жара күн күркіреді. Жап-жаңа ғана 
айнадай ашық кӛгілдір аспанды қара бұлт торлап түнере қапты. 
Заматта аспан бетінде жіңішке найзағай қылыштар жарқ-жұрқ 
ойнай жӛнелді. Долы жел шығып, шӛп бастары жерге жығыла 
шуылдай түсті. Әбілқайыр енді қап-қара боп кеткен аспанға 
қобалжи бір қарады да, Асан Қайғыға кӛз қиығын аудармастан 
нӛкерлерін соңынан ерте, Рабиу-сұлтан-Бегімнің ордасына 
қарай асығыс жүре берді...Тек екі жағынан екі адам қолтықтай 
тұрғызған Асан Қайғының ғана түнере қалған аспан мен 
шартылдай ойнаған найзағайларда шаруасы болған жоқ, жаңа 
ғана наркескендеріне қол жүгірткен Арғын, Қыпшақ қос 
батырының қимылдары есіне түсті ме, ол: «Бүгінгі ас – қайғы 
асы еді, енді бүліншілік асына айналмаса нетсін, – деді ақырын 
күрсініп». Осы оқиға Қобыланды батыр мен Ақжол бидің 
арасындағы үлкен қақтығысқа себеп болып, бидің ӛлімімен 
аяқталады. 
Аталған тарихи туындыларда терең тарихи ойлау, 
психологизм орын алған, қаламгерлер ӛткендегі мен бүгінгіні 
қатар бейнелеу арқылы уақыт шекарасын белгілеп отырған, 
суреттеудің фольклорлық және әдеби құралдарын қолдану 


69 
арқылы шығарма тілін икемді, жанды және кӛркем жасаған, 
психологиялық детальдар кӛмегімен кейіпкерлердің ішкі жан 
дүниесін сипаттап, пейзаж суреті арқылы шығарманың 
эмоционалдық бояуын күшейткен, осы арқылы туындының 
танымдық, эстетикалық мәні ашылған. 
Романдардың айқындаушы белгілерінің бірі ретінде 
жазушының қиялы мен кӛркемдік ойының қосындысын, 
жазушының халықтың ұлттық салт-дәстүрлеріне жақындығы 
мен тұрмысына деген кӛзқарасын айтуға болады. Жазушылар 
эпикалық атмосфераны терең психологизммен сипаттай 
отырып, ұлттық характер мен ұлттық психологияны суреттейді. 
Романдарда халық ауыз әдебиетінің үлгілерінен бастап қазіргі 
кезеңдегі айшықты кӛркем шығармаларға дейінгі этностың 
кӛркем ойының арасындағы дәстүрлі байланыс орын алған. 
Тарихи 
романдарда 
шындықтың 
шынайылықпен 
бейнеленуі, күрделі мазмұндық, бай стильдік ерекшеліктерінің 
артуы, оның жанрлық түрлерінің кӛбеюі қазақ әдебиетіндегі 
іргелі жаңалықтардың бірі деп айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет