Бақылау сҧрақтары:
1. Тарихи шындықтың кӛркемдік шешімі дегеніміз не?
2. «Жанр» және «роман» туралы айтыңыз.
3. Тарихи шындық дегеніміз не?
4. Кӛркемдік қиял ұғымына анықтама беріңіз.
5. Тарихи романдағы «готикалық» проблемасы туралы
айтыңыз.
48
7-дәріс. Кӛркем әдебиет тілінің шеберлік сипаты
Жалпы кӛркем әдебиет тілінің шеберлік сипатын білдіретін
тілдік тәсілдерді екі топқа бӛлуге болады, олар – бейнелеу және
әсірелеу тәсілдері: «бейнелеу тәсілдері – ӛмірдің реалды
шындығын, құбылысты кісінің кӛз алдына елестететіндей етіп
суреттеу. Әсірелеу тәсілдері – оның үстіне, кісінің эмоциялық
сезіміне
әсер
ететіндей
етіп
кӛріктеу»
(М.Балақаев,
М.Серғалиев). Ал «Кӛшпенділер» трилогиясында қолданылған
бейнелеу құралдарына тоқталатын болсақ, олар сӛз қолдану
тәсілдері, бейнелеу сӛздер, мысалы, құбылту деп аталатын
метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу,
эпитет, дыбыстық қайталамалар түрінде кездесіп, оның тілін
безендіруге қызмет етеді. Ал бейнелеу тәсілдеріне келсек, бұл
ретте кейіпкерлерді мінездеу, сӛйлету, портрет жасау, табиғат
кӛріністерін
суреттеу,
уақиғаны
әр
түрлі
ӛрістетуде
қолданылған жазушы шеберліктері туралы сӛз етеміз. Әдеби
тілдегі сӛз байлығының бәрі де түгелдей бейнелеу құралы деп
аталады, бұл топқа әсерлеу, яғни сӛзге мәнерлілік сипат
дарытып, кӛркемдігін, әсерлілігін арттыра түсетін сӛйлем
құрылымын түрлендіру жатады. Әсерлеу түрлері – сӛз қайталау,
сӛздің орнын ауыстыру (инверсия), шендестіру, үдету, бүкпелеу,
арнау, риторикалық айшықтар; мәнерлеу, тілдің мәнерлілігін
кӛрсететін тәсілдер лексикамен, фразеологиямен шектеліп
қоймайды, қажетті жерінде сӛз тіркесіндегі құрамдас
бӛліктердің алмасуы, жай, құрмалас сӛйлемдердің құрамдас
бӛліктерін алмастыру, интонация, тіпті оқшау сӛздер, сӛйлемнің
мүшелері де мәнерлілік жасауға қызмет етеді. Аталған амалдар
шығарманы шынайы, тартымды етіп, тіліне әр беріп,
түрлендіреді. Тұтастай алған тарихи туындының кӛркемдігі
шығарманың бүкіл компоненттерінің бірлігінен, үйлесімінен
туындайды.
Ӛткен ғасырларда кӛп қолданыста болған, қазіргі күнде
архаизмге айналған сӛздерді тауып, оның мән-мағынасын ашу,
әдет-ғұрып
ережелеріне,
тұрмыстық
жағдайларға,
жаугершілікке байланысты қағида, тәртіптерге, табиғат
ерекшеліктеріне баса назар аударып, тарихқа қылау түсірмей
49
шынайы жазу І.Есенберлиннің дарындылығын, шеберлігін
танытады. Кӛркемдеуші тілдік құралдарды шебер қолдану –
шығарманы сәтті шығару кепілі.
Қазіргі филологиялық зерттеулерде кӛркем мәтіндердегі
жекелеген лексикалық бірліктердің немесе лексикалық
қабаттардың
(соның
ішінде
кӛнерген
сӛздердің)
ерекшеліктеріне,
әдістеріне
және
статистикалық
мінездемелеріне зор мән берілуде, себебі тіліміздегі кӛнерген
сӛздерде тарихи ақпараттар сақталған. Трилогияда тілдің бай
мүмкіндіктері кӛрініс тапқан, мұндағы мақал-мәтелдер,
салыстырулар, аллегориялар, метафоралар және кейіптеулер –
суреттеліп отырған кезеңнің, кейіпкерлер образын сомдаудың
маңызды құралы. Жазушының мақал-мәтелдерді қолдануы
шығарманың кӛркемдік қуатын арттырса, тұрақты сӛз
тіркестерінің қолданысы одан әрі ажарландырып тұр: «Ақын –
ел құлағы, ел кӛзі, ел жүрегі», «Итаяқтағы жуындыдан бұралқы
тӛбетті қуып жіберіп, ӛзі жалай бастаған тазыдай», «Қасқырдың
қаншығы тек күшігі қасқыр болғанша ғана ана, ал күшігі қасқыр
болғаннан кейін, анасы да оған қасқыр», «Досыңнан қасыңның
еті тәтті, ал қасыңнан ӛзіңмен алысқан жауыңның еті тәтті»,
«Жатқан жыланның құйрығын басу» (Алмас қылыш»),
«қаншелек адам қорқау қасқыр тәрізді», «Күлмес хан тәрізді»
(«Жанталас»), «кӛздің қарашығындай сақтау», «жамандық хабар
соққан желмен бірдей», «жиһазды, дүниелі ақбоз үйдің ішінде
ӛлік жатқандай, жұртта үн жоқ» («Қаһар»).
Жазушы шеберлігінің тағы бір қыры табиғат құбылыстары
мен тұрмыстық жағдайларға қатысты тіркестерді образды
бейнелеуге қолдана білуінен кӛрінеді: «жауар бұлттай», «қара
түнектей», «айнадай ашық кӛгілді аспан», «қара бұлт», «долы
жел», «қалың қабағын түйіп», «түксиген қабағынан қыраулы
қыстай кәрін тӛгіп», «ӛкпе-ашуын толғай кетті», «Жейхұн
ӛзеніндей тасыған жыры үшін», «от ауызды, орақ тілді»,
«тұсаған жылқыдай ӛрісіңді кеңіттірмей» («Алмас қылыш»),
«қайран сұлу құралай», «айдын кӛлдің аққуы», «тұншыға
безерген дүние», «алтын тұғырға қонған ақ сұңқардай», «безек
қаққан ұшқыр ойы», «қойдай-қойдай тастар», «кермиық сар
дала ӛлік тәрізді үрейлі, моладай азынаған суық», «бозғылт
50
шӛл», «сала құлаш кӛк құрыш алдаспандар», «аш бүркіттей
шүйілді», «қанжардай тырнағымен жыртқан қанды кӛз
барыстай», «нардай қара айғыр», «қазандай қара дулыға»,
«уыздай дәмді ет», «жұмған жұдырықтай болу», «ақ кӛбік атып,
долдана тасыған ӛзен», «жұдырықтай тастар», «долы ӛзен»,
«кәрі бүркіттей тұғырда отырып қалған қарт жырау», «қамыс
құлақ, бӛкен сан жүйрік», «құлан қомдас бота тірсек сүлектен
жаратылған будан» («Жанталас»), «тӛңірек сандықтан суырған
гаһар тастай жалт-жұлт ойнап ғажайып сәулетті түрге енді»,
«сүмбілдей сәйгүлік жүйрік», «шайқала ырғалған жорға»,
«қайыңның безіндей берік, қазан тастай шомбал, тӛртбақ келген
біреу», «есік пен тӛрдей, ай табанды жайма жал қара кӛк
айғыр», «кескен қара томардай келте қара сұр жігіт», «суық
кекесін», «жүрегі аттай тулап», «лақа бас, білектей жуан, қайрақ
тас түстес тау жыланы», «бас бүйендей ӛлексесін салбаң еткізіп
топ еткізді», «құрыштай қатты қарулы қол», «қардай опырылып
ат үстінен құлап түсті», «қышқаштай жабысқан темір
саусақтар», «шойындай ауыр шомбал дене», «құлаштай сілтеген
қамшы», «боз торғайдай кішкентай болғанмен, биік ұшар
халқым бар еді», «ӛзен жыландай сумаң қағып ағады»,
«сүмбідей сұлу бедеуінің үстінде қорғасын құйған құлжа
асығындай берік отырған жас жігіт», «кӛзінде бір сәуле жалт
етті де, кенет үрлеп сӛндірілген білте шам жарығындай жоқ
болды», «бие сауымындай кеңесу», «ақбӛкендей әдемі»,
«күншығыс жақты сынық тағадай қоршай кӛмкерген кәрі
Қаратау алыстан қара қошқылданып кӛрінеді», «екі кӛзі оттай
жайнап, күре тамыры білеудей боп, кең тамағы торғай жұтқан
қурай жыланның кӛмейіндей ісіп кетті», «бәйгеге шапқан
жүйріктей, жыр желісінен маңдай тері бұршақтап ақты», «сүйек
тиген тӛбеттей ұпайым түгел деп ӛз бетіне кетпейді», «екі бала
тапқанына
қарамастан,
сұңғақ
бойына жарасқан
қос
жұдырықтай тіп-тік қос анары алтын жамбылы алқасын
тарсылдата керіп, аш белі үзіліп кетердей талып, мықынынан
тӛменгі бура санды бӛксесін мейлінше айқындап тұр»,
«қамшының тіліндей етіп ӛрілген қос бұрымы кӛк толқынмен
ойнап жыландай иреңдеп, сымбатты денесі, су астында ақ
сазандай бұлықсып, еріксіз кӛзін тартып әкеткен», «жаңа туған
51
айдай толықсыған Арқаның жас сұлуы», «мойылдай қап-қара
кӛздер», «мысықтың мұртындай түксиген сирек қасы», «салпы
ерінді аузын қисаңдата шайнағанда саршұнақтың құйрығындай
жіңішке ұзын мұрты едірең-едірең ете қалды», «жараланған
қасқырдай тіпті долданып алды», «мұрты ұйқыдан оянып
керілген мысықтың құйрығындай тікірейе қалды», «аңшы қуып
жеткен еліктің лағындай зәресі ұшып, тостағандай кӛзі
шарасынан шыға жаздай жаутаңдаған», «арбаған жыланға
таяған торғайдай жақындай берді», «жағалтайды ілген қара
бүркіттей», «жаңа туған қозының елтірісіндей қара қошқыл бұп-
бұйра шаш», «темір торға қамалған жолбарыстай», «сүліктей
қара су жорға», «кәрі қылыш – карательный отряд» («Қаһар»).
Жазушының тіліміздегі бай тіркестерді, оралымдарды
шебер қиюластыруы романдарының тілін кӛріктендіріп тұр.
Романдардың поэтикасында фольклорлық, мифо-эпикалық және
ұлттық кӛркем әдебиет дәстүрлері қолданылады. Шығарманың
тілі кӛркем бейнелеуіш құралдармен, ішкі монологтармен,
табиғат суреттерімен, лирикалық шегіністермен, авторлық
талдаулармен әрленген.
Шығармада қолданылған бейнелеу құралдары (сӛз қолдану
тәсілдері, бейнелеу сӛздер, мысалы, құбылту деп аталатын
метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу,
эпитет,
дыбыстық
қайталамалар),
бейнелеу
тәсілдері
(кейіпкерлерді мінездеу, сӛйлету, портрет жасау, табиғат
кӛріністерін суреттеу) оны шынайы, тартымды етіп, тіліне әр
беріп, түрлендіріп, тұтастай алғанда тарихи туындының
кӛркемдігі бүкіл компоненттерінің бірлігінен, үйлесім-
келісімінен туындайды. Жазушының тарихи романдарын тіл
ӛрнектері тұрғысынан зерттеген Б.С.Әбдуованың «Тарихи
романдар тілінің кӛріктеуіш амалдары (Ілияс Есенберлин
шығармалары бойынша)» атты кандидаттық диссертациясында
бес-алты ғасыр бұрынғы кезеңге жол салу, барын байытып,
жоғын табу, ӛшкенін жандыру, там-тұмдаған деректерден
мәлімет алып, ӛмір шындығын кӛркем келістіре білу – тарихи
шығарманың негізгі шарты екенін айтылады. Халықтың
кӛркемдеуіш тілдік құралдарын шебер қолдану – шығарманы
сәтті шығару кепілі.
52
Трилогиядағы кӛнерген лексиканы бірнеше топқа бӛліп
қарастыруға болады: кӛнерген лексиканың ежелгі түркілік
қабаты; жалпытүркілік қабаты; ӛзге тілден енген қабаты; қазақ-
монғол параллельдері. «Алмас қылыш» романында парсы
тілінен енген дийар, диван, араб тілінен енген қари, арбаб,
фатиқа, насрани діні, мүнәзара, мұзалим, ескі шағатай тілінен
енген жете, шете (моғолдарды шағатайлықтар осылай атаған),
наип, қыпшақ тілінен енген есірей, кӛне түркі тілінен енген
ірбіз, ерат, панднама, импрам, инал, пасбан, етрат, паруа, тұтғақ,
баса, қарбас, етрақ, ағрұқ, кестам, монғол тілінен енген кӛрен
т.б. сӛздердің қолданылуы роман оқиғасының 1456 жылы
Әбілқайыр хан билігі кезінде Барақ хан бастап, Жәнібек пен
Керей хандар қолдап, Қазақ хандығы қалыптасып, Қасым хан,
Хақназар хан билік құрған 1580 жылға дейін іргесін бекіттірген
кезеңдегі қазақ жерін билеушілердің сӛздік қорының да
қолданыста болғанын кӛрсетеді.
«Жанталас» романында ӛзге тілдерден енген сӛздер кӛп
кездеспейді, роман оқиғасы 1580 жылы Қазақ хандығының
басына Шығай, Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке, Болат, Сәмеке
хандар, Орта жүз ханы Әбілмәмбет, Кіші жүз ханы Әбілқайыр,
Абылай хан билік құрған кезеңді 1781 жылға дейін қамтиды.
Роман тілінен кӛрініп тұрғандай қазақ халқы осы кезеңде
тәуелсіздік кезеңін басынан бір ӛткергендей, себебі қазақ
хандары ӛз елін дербес мемлекет ретінде билеп тұрды, сырт
жаулардан жан аямай қорғады.
«Қаһарда» орыс тілінен енген ұстап, жасиәтір, кәрі қылыш,
іштесер, атұлтант, түркі тілдерінен енген ертәуіл, ертӛле,
бақауыл сӛздердің кездесуі роман оқиғасының 1782 жылы
Уәлидің билік құрған кезеңінен басталып, Кенесарының хандық
құрған кезеңімен (1841-1847) аяқталуына байланысты, бұл
кезеңде Ресей боданы болған қазақ елінің тіліне орыс сӛздерінің
ену үдерісі байқалады.
Дейтұрғанмен жазушы трилогия тілін тым кӛнелемей, ӛткен
заман оқиғаларын осы кезең тілімен суреттеуге ұмтылған, ал
қолданылған кӛнерген сӛздер кӛп функция атқарады:
біріншіден, бұл стилизация мен тілдік «айшықтылықтың»
белгісі; екіншіден, кӛнерген сӛздерді қолдану қосымша
53
танымдық ақпарат береді; үшіншіден, бұл тәсіл мәтінге деген
қызығушылық тудырып, оқырманды әр түрлі сӛздіктер қарауға
жетелейді, яғни оқырманның тілдік құзіреттілігін жетілдіреді.
Трилогияның кӛркемдігі, стилі, тіл бедері жӛнінен ӛзіндік
ерекшелігі бар, жазушы уақыт кӛшіне ілесіп, оқиғаларды
нанымды әрі шынайы бейнелеу үшін кӛптеген әдіс-тәсілдерді
тынбай іздеген әрі ұтымды қолданған. Бірақ жазушы трилогия
тілін тым кӛнелемей, оның оқырманына түсінікті болуы үшін
ӛткен заман оқиғаларын осы кезең тілімен суреттеуге ұмтылған.
Ал тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиетімізде жүниеге келген
«Тар
кезең»
тарихи
романында
кӛрнекті
жазушы
Қ.Мұханбетқалиұлы ұлттық тіліміздің бай қазынасын мейлінше
шебер пайдаланумен қатар, тарихи оқиғаларды жан-жақты
ашып кӛрсету үшін ӛзге тілден енген сӛздерді молынан
қолданады.
Кӛркем
мәтін
–
ұлттық
бітім-болмысты,
ұлттық
психологияны, ұлттың дүниетанымы мен оның ӛмір сүру
тәжірибесін,
ұлттық
салт-дәстүр
мен
наным-сенімін
таныстыратын біртұтас дүние, ұлттық мәдениеттің тілдік
кӛрінісі, айнасы. Сондықтан әрбір кӛркем шығарманың бойынан
сол ұлт туралы материалдық және рухани мәдениет негіздерін
тануға болады. Тіл этноспен бірге жаралып, бірге ӛмір сүретін
болса, оның бастапқы белгісі ӛсу, даму, қарым-қатынас
кӛріністері осы күні жергілікті тіл ерекшелігі, яғни диалект деп
танылып жүрген сӛздердің мағынасында сақталған. Сондықтан
диалект
сӛздерді
тек
этимологиялық,
семантикалық,
семасиологиялық, тарихи тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ
экстралингвистикалық мақсатта да қарастырып, мәдениетпен,
халықтық этнографиямен жақындастыра зерттеу қажеттігі
туындайды.
Қазақ пен орыс халықтары қонысы мен ӛрісі ежелден
іргелес, кӛрші елдер. Сол себептен бұл елдердің арасындағы
сауда-саттық, шаруашылық пен мәдени байланыстар ӛте ерте
кезден дами бастағандығы белгілі. XVI-XVII ғасырларда қоныс
араласумен, сауда-саттықпен байланысты қарым-қатынастар
орын
алса,
XVIII
ғасырдың
30-жылдарынан
бастап
Қазақстанның Ресей империясына бағынуы бұл байланыстарды
54
одан әрі кеңейте түскен. Осындай ұзақ уақыт үздіксіз қарым-
қатынаста болу нәтижесінде орыс тілінен қазақ тіліне кӛптеген
сӛздер ауысқан. Бірақ біздің тілімізге енген орыс сӛздерінің
сыр-сипаты мен игерілу дәрежесі әрқашан да біркелкі болмаған.
Орыс тілінен ауысқан кірме сӛздерді екі кезеңге бӛліп
қараймыз: а) 1917 жылғы Қазан тӛңкерісіне дейінгі кезең, ә)
Қазан тӛңкерісінен кейінгі кезең. Тӛңкеріске дейінгі кезеңде
ауысқан орыс сӛздері баспасӛз арқылы жазба түрде тарамаған,
кӛбінесе ауызша сӛйлеу тілі арқылы енген. «Тар кезең»
романындағы кірме сӛздерді бірнеше топқа бӛлуге болады,
бұған бестаубай пӛшкі (вестовая пушка), оқап (окоп) секілді
қарау-жарақ атаулары; ояз (уезд), шен (чин), болыс (волость),
старшын (старшина), сот (суд), түрме (тюрьма), уйез (уезд),
губерне (губерния), атпекет (адвокат), айылнай (ауыльный),
жандарал (генерал), сәркәтіп (бас хатшы), т.б. секілді әкімшілік
басқару ісіне байланысты сӛздер; күтір (хутор) және т.б. мекен-
жай атаулары жатады.
Ал роман тілінде кездесетін «жолкілем», «тауан»,
«айлапат», «әрпіл-тәрпіл», «суқаңдата беру», «азуын алдырған»,
«аспандағыны алып жеп, жердегіні жұлып жеп», «ауанзал»,
«ғайри жұрт», «худдут макамасы», «зәу биік», «ағаман»,
«мағырлану», «шойтым», «бидәрмен», «мәйін сӛз», «серкетай»,
«мұнарас
шапан»,
«шатырхат»,
«мәпі»,
«мәлтілдеп»,
«қолаңғыр», «қасыңғыр», «ежеттес болмау» секілді сӛздер мен
сӛз
тіркестері
тілдік
қорымыздағы
сирек
кездесетін
қолданыстарды кӛрсетеді.
Романда «адам ішіндегі қара қобыздың қылғына
қиқылдауы», «қамыс арасынан шыққан қабанкӛзденіп» т.б.
секілді жазушының қаламынан шыққан жаңа образдар кӛптеп
кездеседі.
«Тар кезең» романын жазу үшін автор ұзақ уақыт ізденіп,
қыруар материал жинап, мұқият дайындықпен келгендігі сол
кездегі орыс-қазақ қатынастарының құжаттары, орыс әкім-
шілігінің басқару жүйесі, билер мен ру басыларының әрекеттері,
оқиға ӛтетін аймақтың жер бедері, жергілікті жұрттың, әр
кейіпкердің
сӛйлеу
мәнері,
тұлғасы,
шешендердің
55
ерекшеліктері,
киім-кешегі
және
т.б.
айшықты
әрі
тың суреттеулерден кӛрінеді.
Деректерді образ бен оқиғаларды айшықтандыру үшін
іріктеп пайдалану – кӛркем шығарманың табиғатын терең
түсінетін, оқырманын құрметтей білетін, талғамы биік, шебер
жазушыға тән қасиет.
Қаламгердің халық даналығы мақал-мәтелдерді, би-
шешендердің
қанатты
сӛздерін
поэтикалық-кӛркемдік
шешіммен үйлесімді қолдана білгендігі романның кӛркемдік
сипатын күшейтіп тұр.
Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиетінде халық
тарихындағы ұлт-азаттық күрестерге ӛмірін арнаған, сол
арқылы қазіргі қазақ ұрпақтарының дербес мемлекет иесі
ретінде әлемдік ӛркениеттегі ӛзіндік орнының сақталуын,
дамуын қамтамасыз еткен тарихи тұлғаларымыздың ұлағаты
ұлықталады. Билік айтып, халық батыры тұғырында болған
С.Датұлы сынды дара тұлғалар ӛнегесін кӛркем эпикалық
туынды арқылы танытқан жазушы Қ.Мұханбетқалиұлының
ұлттық-отаншылдық ұстанымы оқырмандардың дүниетанымын
байыта түседі.
Тартысты тарихи оқиғаларға құрылып, азулы билеушілер
мен асқақ билердің, қас батырлар мен кӛреген ақын-
жыраулардың, шыдамды дана халықтың, абзал аналар мен
батыл арулардың кӛркем бейнесін жасап, елдік туралы асқақ
арманын бейнелеп берген тарихи романдарда жазушылар қазақ
халқының тіл ӛнері мен фольклорлық мұрасын молынан
пайдалана отырып, кӛркем туынды жасаған. Тарихымыздағы
елеулі оқиғалар жазушы шеберлігімен жымдаса ӛріліп, тіл ӛнері
мен әдеби категориялардың мейлінше мол қолданылуымен
әрлене түсіп, кӛркемдігі жоғарылаған. Бұл – тарихи роман
дәстүрінің қазақ әдебиетіндегі ірі жеңісі.
Достарыңызбен бөлісу: |