М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет70/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78
МОДЕРНИЗМ (франц. modernе – жаңа, қазіргі ) – ХХ 
ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған 
әдебиет пен ӛнердегі философиялық-эстетикалық ағымдардың 
жиынтық атауы. Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, 
адамзат дамуындағы дағдарыстарға кӛзқарасын білдірді. 
Модернизм декаденттік 
және 
авангардтық 
сатылардан 
ӛткенімен, олардан айырмашылығы болды. Модернизмнің 
негізгі 
бастауы 
ретінде 
А.Бергсонның 
интуитивизмі, 
Э.Гуссерльдің феноменологиясы, З.Фрейдтің психоталдауы 
және С.Кьеркегор, М.Хайдегтер, К.Ясперс, Н.Бердяев, т.б. 
экзистенциализмі танылды. Модернизм жеке тұлға санасын 
рухани байланыста қарады.
МЫСАЛ – айтылатын ӛнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, 
кӛбіне ӛлең түрінде келетін, сюжетті, шағын кӛлемді кӛркем 
шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, 
балық, ӛсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. 
Негізі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі де 
болады. Кейіпкерлерді сӛйлестіру, яғни диалог тәсілдері жиі 
қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. 
Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық 
әдебиетке жатады, кейде мысқыл-сықақ үлгісіне ауысады. 
Жазба әдебиетте ӛлеңмен жазылған мысқыл кейіннен орын 


280 
алды. Түп-тӛркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар 
ертегі, қысқа әңгіме нұақаларымен жалғасып жатыр. Уағыздап, 
нақтылап айту тәсілі жағынан халықтың мақалдарымен, нақыл 
сӛздерімен де ұштасады. Мысал жанрының әртүрлі үлгілері 
барлық халықтардың ауыз әдебиетінде бар. Ежелгі грек елінде 
мысалдың таралуы атты аңызға айналған Эзоппен байланысты 
айтылады. Батыс-Шығыс әдебиетінде бұл жанр кең таралған. 
Үндінің «Панчатантрасы», арабтың «Калила мен Димнасы» 
шығармаларында мысал дәстүрі берік орын алған. 
НАҚЫЛ СӚЗ – даналық қорытындыға құрылған
мейілінше жинақы әрі мағыналы сӛз. Осы ұғым жӛнінде 
түркістандық Исқақ әл-Фараби «Әдеби жинақ» атты еңбегінде
былай деп жазады: «Нақыл сӛз деп болмыстағы белгісіз бір 
жұмбақ нәрсенің сыры ашылып, сӛз қауашағына тұрақтауын 
айтамыз». Мысалы, «Адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – 
талап, шолушысы – ой, сынаушысы – халық, қорғаушысы – 
сабыр, таусылмайтын – арман, ең қымбаттысы – ар, барлығынан 
ардақтысы – ӛмір». Нақыл сӛзде ӛлең ӛлшемі де қолданылады.
ОДА (грек. ode – ән, жыр) – мадақтау, дәріптеу түріндегі 
шығарма. Аса қуанышты, тым кӛтеріңкі рухта жазылады. Есімі 
елге тараған адамдарға немесе батырларға, салтанатты 
оқиғаларға арналып шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет