М. Р. Балтымова



Pdf көрінісі
бет73/78
Дата16.05.2023
өлшемі1,57 Mb.
#93444
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Байланысты:
open-file

САЯХАТНАМА – шығыс поэзиясының термині. Ӛлеңмен 
не қарасӛзбен бір сапардың жайы айтылады. Беріректе 
саяхатнаманы «жолнама» деп алып жүр. Саяхатнаманың 
ӛзгешелігі баяндаушы кӛзімен кӛргенін, ӛз атынан айтады. 
Сондықтан да онда субъективті сәттер де болады. Саяхатнамада 
кей суреттер іштей байланыспауы мүмкін, бірақ бәрін автордың
қабылдауы біріктіріп тұрады. Әр елдің, жердің жайы айтылады. 
Саяхатнамада автор жазушылық дарынына, позициясына, 
туынды түріне байланысты объектив етіп ӛзін алады. 
Оқиғаларды, эпизодтарды тізіп қана қоймай, реалисттік 
детальдарға баруы мүмкін. Мұнда әңгімешілдік басым келеді. 
Шығыстағы бұл жанр жақсы дамыған әдебиеттерде ХҮІІІ 
ғасырда сефернама деген жанр болған немесе ол елшінің кітабы 
деп аталған. 
ТАРИХИЛЫҚ – әдеби шығарманың тарихи-әлеуеттік 
ортамен, белгілі бір халықтың мәдени тарихымен, салт-
дәстүрімен ұлттық мінеіз ойлау мінез ойлау ерекшеліктерімен, 
аңсар, арманымен тамырлас құбылыс. Осынау «тарихилық» 
ұғымы суреткер дниетанымымен шартараптылығына, асқан 
білімділігіне яки мынадай таным –кезеңдеріне 1. Ӛткенді 
(ретрогноз), 2. Бүгінгі презентогноз, 3. Болашақты прогноз 
жетік, жан-жақты меңгергеніне тікелей қатысты. Әдебиеттегі
тарихилық және зерттеу саласындағы методикалық әдіс 
ретіндегі тарихилық ӛмірдегі, ақиқат болмыстағы әр құбылысты 
тексеру мен бейнелеу, жалпы тарихи процесс бӛлшегі, яғни 
тарихи сабақтастық негізінде қарастырылуға тиіс. Сонымен 
тарихилық, белгілі бір заманның нақты тарихи жағдайларын, 
қайталанбас келбеті мен ӛзіндік қасиеттерін, мән-мағынасын, 
болмысын, ұлттық тарихи шындығын идеялық танымдық 
тереңдігін 
кӛркемдік 
тұрғыдан 
жырлап, 
тарихтың 
философиялық кӛркемдігін шебер жеткізу. 


284 
ТАРИХИ ЖЫРЛАР – белгілі тарихи окиғаға байланысты 
туған эпиалық шығармалар. Тарихи жырларда окиғаның дәлдігі
сақтала бермейді, әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-
саяси бет-бедері кӛркемдік тұрғыдан корытылып бейнеленеді. 
Бұл жанрда ру-тайпалык мақсаттар қаға беріс қалып, жалпы 
халыктық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады. Батырлар 
жырында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу, 
батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар тарихи жырларда
ұшырамайды. Сондай-ақ, әсіресе кӛркемдеу құралы (гипербола) 
тарихи жырларда мүлде әлсірейді. Бұл жырлардың бәрі – ертеде 
туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи 
оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер-тарихта 
болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары – кӛбінесе, сол 
оқиғаларды кӛзімен кӛрген тұстастары. Авторлар кӛзімен 
кӛрген, ӛздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-
ретімен баяндайды."Тарихи жырлардың батырлық эпостан 
жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық 
баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей 
кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға 
басады" (М.Әуезов). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет