Жөндеужұмыстарыныңөндірістікүдерісі – ең соңында техниканың түзелмейтін немесе жұмысқа жарамсыздығын нормативті- техникалық құжаттарда қарастырылған бойынша түзелетін немесе жұмысқа жарамды етіп шығаратын өндіріс қаражаты мен адамдардың іс әрекеттерінің жиынтығы.
Жөндеу жұмыстарының технологиялық үдерісі– ең соңында нормативті-техникалық құжаттардың талаптарымен сәйкес келетін техниканың құрамды бөлшектерінің жүйелі бірігуі (ажырауы) немесе оның жөндеу жұмыстарының жағдайы, мөлшері, түрлерінің өзгеруіне дейін жетіп орындалатын өндірістік үдерістің қорытынды бөлігі. Осыған байлынысты технологиялық үдерістер: бөлшектеу, жинастыру, хромдау немесе пісіру арқылы бөлшектерді қалпына келтіру, тазалау және т.б. арқылы орындалады.
Жөндеу-механикалықшеберханалары – көлік техникасын ағымды жөндеуден өткізуге арналған және оларды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жөндеу-механикалық заводтардан келетін агрегат- тарды пайдаланатын кәсіпорындар.
Жөндеу өндірісінің мамандандыруы– машиналар немесе жинақ бірліктері, сонымен бірге детальдарды қалпына келтіру бойынша белігілі бір аяқталған технологиялық процестерді орындауды арнайы кәсіпорындарда, цехтарда немесе участоктарда ұйымдастыру формасы.
Жөндеуөндірісінтехнологиялықдайындау(ЖөТд) – белгіленген мерзім, көлем, сапа және шығындар кезінде жөндеу кәсіпорнының ма- шина жөндеуге технологиялық дайындығын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процестер жиынтығы.
Жөндеу өндірісінің шоғырлануы– жөндеу үдерісінің ірі жөндеу кәсіпорындарында немесе ірі жөндеу цехтарында жинақталуы.
Жөндеу-техникалық заводтары – көлік техникасын және де осы техниканың агрегаттары мен тораптарын күрделі жөндеуден өткізуге арналған кәсіпорындар.
Жөндеудіұйымдастырудыңагрегаттық-тораптықәдісі – күрделі жөндеу кезінде тораптарды толық ауыстыратын, ал сонан соңғы жөндеулерде айналма қордан түсетін жөндеулі бөлшектермен біртіндеп ауыстыратын әдіс.