М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Техникалық пайдалану коэффициенті



бет12/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Техникалық пайдалану коэффициенті – пайдаланудың белгілі бір кезеңінде нысанның жұмыс істей алатын қорытынды уақытының
математикалық күтуінің сол кезең ішінде техникалық күту және жөндеумен белгіленген нысанның жұмыс істей алу жағдайы мен тұрып қалуының қорытынды уақытының математикалық күтуіне қатынасы.
Толықжинақты жөндеу – келесі қарауға дейін жұмыс мерзімін ұзарту арқылы машинаның дұрыстығы мен ресурсын қайта қалпына келтіру үшін және зерттеу нәтижесінде анықталған ақауларды жою мақсатында жұмыс мерзімі өтіп кетсе де, машинаның жұмыс жағдайында орындалатын жөндеу үдерісі.
Ұзақмерзімділік – техникалық күту мен жөндеудің бекітілген жүйесінде жұмыс істеудің шектік жағдайына жеткенге дейінгі бұйымның жұмыс істей алуын сақтау қасиеті.
шектік жағдай критериі – нормативті-техникалық және конст- рукторлық (жобалық) құжаттамалармен бекітілген көлік техникасының шектік жағдайының белгісі немесе белгілерінің жиынтығы.

1 - Б ө л І М . КөлІК ТЕхниКАСын өндІРу ТЕхнОлОГияСыныҢ нЕГІздЕРІ


  1. тарау. МАшинА ЖАСАу ТЕхнОлОГияСыныҢ ТЕОРиялық нЕГІздЕРІ




    1. Бұйым, машина жасаудағы өндірістік және технологиялық үдерістер




Бұйым және оның бөліктері. Бұйым дегеніміз – кәсіпорында дай- ындалатын өндіріс өнімі. Берілген өндірістің соңғы сатысына байланы- сты бұйымға дайындалған (жөнделген) машиналар ғана емес, сонымен бірге жиналған машинаның жеке бөлшектері де жатады. Мысалы, экс- каватор зауыты үшін бұйым ретінде экскаватор, мотор жасау зауыты үшін – қозғалтқыш, поршень зауыты үшін – поршень болып табыла- ды.
Бұйымдардың мынадай түрлері болады: детальдар, жинақ бірліктері, кешендер, жиынтықтар.
деталь – жинақтау операциясын қолданбастан біртекті материал- дан дайындалған бұйым.
Жинақ бірліктері – құрамдас бөліктері дайындаушы-кәсіпорында бір-бірімен өзара жинақтау операцияларымен (пісіру, бұрау және т.б.) біріктірілген бұйым. Техникалық әдебиетте «жинақ бірліктері» мағынасын білдіретін «торап» термині қолданылады. Техникалық тұрғыдан алғанда торап – басқа жинақтау бірліктерінен немесе бұйымнан бөлек жинауға болатын және бұйымда құрамдас бөліктерімен бірігіп қана жеке функцияны атқаратын жинақтау бірлігі, мысалы, тісті дөңгелектерімен бірігіп жиналған білік.
Технологиялық тұрғыдан алғандағы бұйымның құрамдас бөлігінің сипатты белгісі ретінде бұйымның басқа бөліктерімен жеке жина- лу мүмкіндігін атап өтуге болады. Конструкциясына байланысты бұйымның құрамдас бөлігі жеке детальдардан немесе жоғары қатарлы құрамдас бөліктерден тұрады. Құрамдас бөліктер бірінші, екінші және одан да жоғары қатарлы болып келеді. Бірінші қатардағы құрамдас бөлік бұйымның құрамына бірден кіреді. Ол жеке детальдардан неме- се екінші қатарлы бір не бірнеше құрамдас бөліктер мен детальдардан тұрады. Екінші қатардағы құрамдас бөлік бірінші қатардағы құрамдас бөлікке кіреді. Ол детальдарға немесе үшінші қатардағы құрамдас бөліктер мен детальдарға, т.с.с., ең жоғары қатардағы құрамдас бөлік тек қана детальдарға бөлінеді. Бұйымды құрамдас бөлікке жіктеудің бұл түрі технологиялық белгілер бойынша жүргізіледі.
Кешен – дайындаушы-кәсіпорында жинау операцияларымен біріктірілмеген, бірақ өзара байланысқан пайдалану функцияларын орындауға арналған екі және одан да көп бұйым, мысалы, цех-автомат, бұрғылау қондырғысы және т.б.
Жиынтық – жалпы пайдалануға арналған көмекші сипаттағы бұйымдар топтамасы.
Бұйымды функционалды белгісі бойынша құрамдас бөлікке жіктеудің басқа да түрі бар. Мысалы, оған қозғалтқыштың газ тарату механизмін, майлау немесе салқындату жүйесін және т.б. жатқызуға болады. Технологиялық тұрғыдан қарағанда бұйымның бұл құрамдас бөліктері жинақтаушы болып табылмайды, себебі оларды көбінесе бұйымның басқа бөліктерімен бөлек толығымен жинауға болмайды.
Қазіргі кездегі машина жасауда жинақ жалпы және торапты болып бөлінеді. Жалпы жинақ нысаны болып бұйым есептелсе, торапты жинақ нысанына оның құрамдас бөліктері кіреді.
Машина жасауда бұйымның құрамдас бөліктерге бөлінуі, сызбалар мен басқа да техникалық құжаттардың рәсімделуі мемлекеттік стан- дарттар талаптарына сәйкестендіріп жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет