Үздіксіз-ағындыөндіріс ең алдыңғы қатарлы және үнемді болып
табылады. Осы принцип бойынша өңдеудің (жинаудың) автоматтық желілері құрастырылады. Автоматтық өндірістің ерекшелігі – операци- яларды жұмысшының қатысуынсыз немесе оның бақылауымен орын- дау. Егер дайындаманы бекіту мен алуды жұмысшы орындайтын болса, онда үздіксіз-ағынды өндіріс автоматты емес болып саналады. Үздіксіз- ағынды желіден басқа массалы өндірісті ұйымдастырудың басқа да түрі – түзубағытты өндіріс қолданылады. Мұнда да жабдықтарды технологиялық операцияларды орындау кезегімен орналастыра- ды, бірақ жеке операцияларды орындауға кететін уақыт детальдарды шығару темпіне (циклына) тең емес, әрі бөлінбейді. Бұл жағдайда опе- рация аралық үзілістер пайда болады, дайындамалар келесі операция- ларды уақыт бойынша күтіп қалуы мүмкін. Өндірістің бұл түрінде цикл ұзақтығы өсе түседі.
Тәжірибе көрсеткендей, сериялы өндірістен массалы ағынды өндіріске ауысу машина дайындаудың еңбексыйымдылығын 2-2,5 есе азайтады, жұмысшының еңбек өнімділігін 1,5-2 есе арттыра- ды. Сондықтан көлік техникасын жасау саласында массалы ағынды өндірісті ұйымдастыруға септігін тигізетін заманауи бағыттарға әрбір типті өндірісті орталықтандыру, тораптар мен детальдарды унифика- циялау, машиналардың номенклатурасы мен типтік өлшемдер санын азайту жатады.
өндірістікциклдыңұзақтығы деп бір бұйымды (дайында- ма, деталь, жинақ бірлігі, машинаның өзі) немесе бұйым партия- сын дайындаудың өндірістік үдерісінің басталуы мен аяқталуының арасындағы уақытты айтады.
Технологиялық құжаттама– бұйымды дайындау (жөндеу) тех- нологиясын анықтайтын және өндірістік үдерісті ұйымдастыруға арналған деректермен қамтамасыз етілген сызбалық және мәтіндік құжаттар жиынтығы.
Барлық кәсіпорындарда технологиялық құжаттамаларды рәсімдеу және енгізуге бірыңғай ережелерді бекіту үшін технологиялық құжаттамалардың бірыңғай жүйесі (ТҚБЖ) стандарттары жасалған. Ол әртүрлі жұмыс түрлеріне құжаттамалардың белгіленуі мен унификациясының стандартталуын қамтамасыз етеді, қайта рәсімдеуден өткізбестен кәсіпорындар арасында технологиялық құжаттамаларды
алмасу мүмкіндігін қарастырады. ТҚБЖ стандарттарын сақтау құжаттамалар жиынтығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оларды кәсіпорындардың қайта жасауына жол бермейді.
Технологиялық құжаттамаға өндірісті дайындауға арналған дерек- тер де кіреді: өндірістік аудандарды анықтау, жабдықтарды орналасты- ру, аспап пен айлабұйымға арналған есептеулерді жүргізу, жұмысшылар мен мамандар санын анықтау және т.б.
Технологиялық құжаттамалардың бірыңғай жүйесіне жалпы ережелерден басқа әртүрлі мемлекеттік стандарттар мен өндірісті технологиялық дайындау құжаттамаларын рәсімдеу ережелері де кіреді.