Жұмыстықжүріс – нәтижесінде дайындаманың формасы, өлшемдері, беттік кедір-бұдырлығы немесе қасиеттері өзгеріске ұшырайтын, аспаптың дайындамаға қатысты алғанда бір рет қана жыл- жу түріндегі технологиялық өтпенің аяқталған бөлігі. Әрбір жұмыстық жүріс барысында өңдеу режимін өзгертпестен материалдың берілген тереңдіктегі бір қабаты ғана алынады.
қосымшажүріс – нәтижесінде дайындаманың формасы, өлшемдері, беттік кедір-бұдырлығы немесе қасиеттері өзгеріске ұшырайтын, бірақ жұмыстық жүрісті орындау үшін қажет болатын аспаптың дайындамаға қатысты алғанда бір рет қана жылжу түріндегі технологиялық өтпенің аяқталған бөлігі. Қосымша жүрістің мысалы ретінде токарь станогі суппортының кесу біткеннен соңғы бастапқы орынға жылжуын айтуға болады.
Тұрақ (орын)– операцияның белгілі бір бөлігін орындау бары- сында мықтап бекітілген өңделетін дайындама мен жиналатын жинақ бірлігінің аспапқа немесе жабдықтың қозғалмайтын бөлігіне қатысты
17
2–8708
алғандағы бір орынға бекітілген жағдайы. Мысалы, 1.2-суретте 1 және 5 беттерді екі тұрақта фрезерлеу көрсетілген; дайындама жабдықтың 3 бұрылу бөлігінде 2 бекітілген. 1 бетті өңдеп болған соң (бірінші тұрақ), дайындаманы босатпастан жабдықтың бұрылу бөлігінің көмегімен 180°-қа бұрады, орнықтырғышпен 4 белгілейді және 5 бетті фрезерлейді (екінші тұрақ).
шығару бағдарламасы – жоспарланған период ішінде бұйымның әрбір атауы бойынша шығару көлемі көрсетілген дайындалатын немесе жөнделетін бұйымдардың берілген кәсіпорын үшін бекітілген тізімі.
Дайындау-аяқтау уақыты бойынша бірдей операциялар кезінде белгілі бір уақыт интервалында өңдеуге жіберілетін бір бағыттағы еңбек құралдары мен типтік өлшемдері өндірістік партияны құрайды.
Технологиялық жабдықтар мен технологиялық құрал-саймандарды технологиялық операцияларды орындауға дайындау баптау (наладка) деп аталады. Баптауға жабдықты станокқа, кесу аспаптары жиынтығын өлшемге орнату т.с.с. жатады.
Технологиялық құрал-саймандарға технологиялық үдерісті жүзеге асыруға қажетті өндіріс құралдарының жиынтығы жатады.