Тесіктердіұңғылау. Диаметрі 10 мм-ге дейінгі тесіктерді тесу- ден соң кеңейтеді. Одан үлкен диаметрлі тесіктерді үңгімен немесе кескішпен өңдейді, сонан соң ғана бір немесе екі кеңейткішпен тазалап кеңейтеді. Тазалап кеңейтудің салыстырмалы кесу тереңдігі аз болады (t=0,05…0,30 мм) , бұл өз кезегінде төмен деңгейдегі кедір-бұдырлыққа және өңделетін бет дәлдігінің жоғары квалитетіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ұңғылағыштың ұзындығы l алу бөлігі және ұзындығы l1 мөлшер- леуші бөлігі (2.9-сурет а) болады. Ұзындығы l2 болатын мөлшерлеуші бөлік жұмыс кезінде ұңғылағышты бағыттауға қызмет етеді. Ал ұзындығы l3болатын мөлшерлеуші бөлік үйкелісті азайту және ұңғылағыштың соққысы есебінен тесік диаметрінің ұлғаюына жол бер- меу үшін конус жасайды. Конус диаметрлерінің айырмасы 0,03...0,05 мм құрайды.
Алдыңғы және артқы бұрыштарды ұңғылағыштың кесу бөлігіне және өңделетін дайындама материалына байланысты таңдап алады. Аспапты болаттардан жасалған ұңғылағыштар үшін g= 1...10°, ал қатты қорытпалы ұңғылағыштар үшін g = 0...15°. Ал артқы бұрыш = 6...10° өңделетін ма- териал жұмсақ болған сайын, бұрыш та үлкен болуы тиіс.
Ұңғылағыштың мөлшерлеуші бөлігінде екі f= 0.05. 0.25мм бо-
латын цилиндрлік қиықжиек болуы тиіс, ал көмекші артқы бұрыш
= 10...20°.
2.9-суретте алу бөлігі сақиналық жонумен алмастырылған
ұңғылағыш сұлбасы келтірілген. Мұндай ұңғылағыштар өңделген бет- те төмен кедір-бұдырлықты қамтамасыз етеді.
Жоңқа тезірек жылжу үшін, бұл көбінесе жұмсақ материалдан жасалған дайындамаларды өңдеуде маңызды, ұңғылағыштарды еңіс (бұрандалы) тістермен жасайды (2.9-сурет б). Тістердің еңіс бұрышы w = 10...45°. Дайындама материалы жұмсақ болған сайын, w бұрышы да үлкен болуы керек.
Технологиялық тозуға сәйкес келетін ұңғылағыштардың орташа төзімділік периоды болаттан жасалған дайындамаларды өңдеу кезінде 18...84 мин құраса, шойыннан жасалған дайындамалар үшін 36...150 мин құрайды.
Диаметрі 10...80 мм болатын қатты қорытпалы ұңғылағыштар үшін кесу жылдамдығы дайындама материалына, кесу тереңдігі мен беріліске байланысты салқындатылған және шынықпаған болаттан жасалған дайындаманы өңдеу кезінде 10...50 м/мин құраса, салқындатылмаған шойынды материалдар үшін 10...18 м/мин болады.