М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет42/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Бұрандаларды шеңберлік бұрандакескіштермен және бұран- дакескіш бастиектермен жасау. Бұрандакескіштер конструкция- лары бойынша шеңберлік, құбырлық және призмалық болады. Бұрандакескіштермен бұранданы қолмен және әртүрлі токарьлық, тесу және бұрандакесу тобына жататын станоктарда жасауға болады. Дөңгелек бұрандакескіштерді станоктарда арнайы қысқыларда орнала- стырып, үш-төрт бұрамалармен бекітеді.
Сырттық бұрандаларды бұрандакескіш өздігінен ашылатын бастиектің көмегімен жасау алдында қарастырған әдістермен са- лыстырғанда дәлдігі жоғары болады, бұл көбінесе сериялы және мас- салы өндірісте қолданылады (2.14-сурет ә).


2.14-сурет. Бұранда кескіш аспаптар:
а бұрандакескіш; ә бұрандакескіш бастиектер; в қиықжиек ені; Н бұрандакескіш биіктігі; d – бұранда диаметрі
Ішкі бұранданы бұрандаойғыштармен жасау. Бұрандаойғыштар қолдық және машиналық болып бөлінеді. Машиналық бұрандаойғыш- тармен бұранда жасау өтпелі және тұйық тесіктерде әртүрлі станоктар топтарында: бұрандакескіш, тескіш, токарлық автоматтар мен жарты- лай автоматтарда жүргізіледі. Бұрандаойғыштармен бұранда жасаудың қажетті шарты ретінде керіқимыл жасайтын құрылғылардың (аспаптық жұмыстық жүрісінің айналуын керіге ауыстыру) болуын айтуға болады. Массалы және ірісериялы өндірісте конструкциясы құрама бұран-
даойғыштар (бұрандакескіш бастиектер) кең тараған.
    1. дайындамаларды фрезерлеу




Фрезерлеудің негізгі түрлері мен сұлбалары. Жазық беттерді цилиндрлік немесе шетжақтық фрезарлармен өңдейді. Цилиндрлік фрезерлеу кезінде фреза осі өңделетін бетке параллель болады; жұмыс фрезаның цилиндрлік бетіне орналасқан тістері арқылы жүргізіледі. Ал шетжақтық фрезерлеу кезінде фреза осі өңделетін бетке перпенди- куляр болады; жұмыс фрезаның цилиндрлік және шетжақтық бетіне орналасқан тістерімен орындалады.
Цилиндрлік және шетжақтық фрезерлеу екі тәсілмен жүргізіледі: беріліске қарсы-қарсылай фрезерлеу – бұл беріліс бағыты фрезаның айналу бағытына қарама-қарсы болған жағдайда (2.15-сурет а) және жолай фрезерлеу (2.15-сурет ә) – бұл беріліс бағыты фрезаның айналу бағытына сәйкес болған жағдайда.
2.15-суреттен қарсы фрезерлеу кезінде алынатын қабаттың ең үлкен қалыңдығы t фрезерлеу соңында болатындығын (нүкте 2) байқауға бо- лады. Ал жолай фрезерлеу кезінде тіс жұмысты ең үлкен тереңдіктегі қалыңдықтан кесуден бастайды.



а улкен
2.15-сурет. Фрезерлеу сұлбалары:
а қарсы; ә жолай; 1 фрезерлеу басы; 2 фрезерлеу аяғы;
кесілген қабаттың ең үлкен қалыңдығы; n фрезерлеу жылдамдығы; s – беріс; t – фрезерлеу тереңдігі

Диаметрі 630 мм болатын стандартты шетжақтық фрезарлармен ені 400 мм-ден асатын беттерді өңдеуге болады. Ал іс жүзінде диаметрі 800...1200 мм аралығындағы фрезалар да кездеседі.
Бір мезгілде бірнеше фрезалармен (2.16-сурет) немесе көпайнал- дырықты бастиектермен өңдеу кезінде, негізінен горизонтальді- фрезерлеу станоктарында өнімділік өседі, фрезерлеу дәлдігі артады және станок қуаты тиімді пайдаланылады.


2.16-сурет. Фрезалар жиынтығы:
а цилиндрлік дискілі фрезалар; ә бұрыштық фрезалар; б, в –цилиндрлік және дискілі фрезалар; г цилиндрлік бұрыштық және фасонды фрезалар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет