Тесіктерді кеңейту. Токарь тобындағы станоктарда кескіштермен өңдеу тесу мен үңгілеу арқылы өңдеумен салыстырғанда дәлдіктің жоғары және беттердің кедір-бұдырлығының төмен болуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тесіктерді өңдеу кезінде жылдам кескіш және қатты қорытпалы кескіштер қолданылады. Әртүрлі тесіктерді стандартты кесу кескіштерімен өңдеу сұлбалары 2.6-суретте келтірілген.
2.6-сурет. Кесіп кеңейту кескіштерімен тесіктерді өңдеу сұлбалары: а – диаметрлері 100…150 мм тесіп өтетін тесіктерді кесіп кеңейту; ә, б, в – диаметрлері 100…150 мм тесіп тірелетін тесіктерді сатылап кесіп кеңейту; г – тереңдігі 100…150 мм одан жоғары тесіп өтетін және тесіп тірелетін тесіктерді кесіп кеңейту;
д – дәл осы тесіп тірелетін тесіктер үшін
Ішкі кертпештерді кесуді бойлық (2.6-сурет а) және көлденең (2.6- сурет б) берілістер арқылы орындауға болады [10]. Бойлық беріліс арқылы кесу кезінде кескіш ұстағышын 50 бұрышқа бұру керек.
Тіке өтетін тесіктерді ұстағыш кескіштермен тесу кезінде кескіш өзегін ұстағыш осіне перпендикуляр орналастырады (2.6-сурет г), ал соңына шейін өтпейтін тесіктерді өңдеуде – 45 және 600-қа бұрып (2.6- сурет д) бекітеді.
Тесудің ең қарапайым және кең тараған сұлбасы – тесіктерді құрал- күймешікте консольді бекітілген кескішпен өңдеу болып табылады.
Тесіктерді тесу. Бұрғы кескішпен салыстырғанда күрделірек аспап болып саналады да, оның 5 өткір жүзі болады: екі басты (а-в) және (с-d), екі көмекші (в-е) және (d-f), сонымен бірге аралық өткір жүз (а-с) (2.7-сурет) [10].
2.7-сурет. Бұрғының кесу бөлігінің геометриялық параметрлері
Көмекші өткір жүздер – бұрғының барлық жұмыс беттері бойымен жүретін бұрандалы жиектер. Жону тәсіліне байланысты бұрғының артқы беті конусты, бұрандалы, цилиндрлі және жазық болуы мүмкін. Басты кесу жазықтығында бұрғы өзіне тән геометриялық параметрлері бар кескіш формалы болады.
Пландағы басты бұрыш 80-1400 аралығында болады. Бұрғы төбесінің бұрышы 2-ге тең, аспапты болаттан жасалған бұрғының пландағы көмекші бұрышының орташа мәні = 2…40.
1
Аралықтың еңіс бұрышы (аралық өткір жүз проекциясы мен басты өткір жүздің бұрғы осіне перпендикуляр жазықтыққа проекциясының
Достарыңызбен бөлісу: |