Таспалы конвейерлердің барабандарын механикалық өңдеу
Конструкциялары бойынша машиналар мен таспалы конвейерлердің барабандары құйылмалы немесе пісірілмелі болады. Құйылмалы ба- рабандарды болаттан (25Л-11) немесе шойыннан (СЧ15-32, СЧ18-
36 немесе СЧ28-42) дайындайды. Олар құм немесе жартылай темірқорамды формаларда құйылады. Пісірілмелі барабандар әдетте таспалы конвейерлердің және арнайы крандардың механизмдерінде қолданылады. Механикалық өңдеу алдында болаттық құйылмалы және пісірілмелі барабандар нормализациядан өткізіледі.
Барабандарды механикалық өңдеу сыртқы беттерді өңдеу бойынша токарлық операциялардан, тесіктерді кеңейтіп, арықшаларды жасаудан және де бұрғылау операцияларынан тұрады. Пісірілмелі барабандарды өңдеу токарлық станоктарда екі рет өтіп орындалады.
Термиялық өңдеу кезінде қойылатын негізгі технологиялық талап- тар:
арнашаларды кескеннен соңғы барабан қабырғаларының қалың- дықтарыныңайырмасықабырғақалыңдығының15% -нанаспауытиіс.
күпшектің жону осіне қатысты сыртқы жұмыстық бетінің соққысы,
барабанның сыртқы диаметріне қойылатын шақтама жартысының аумағында болуы тиіс (барабанның екі ұшында да тексеріледі).
Бірінші операция кезінде (4.3-сурет) дайындаманың бір ұшы үш жұдырықшалы қысқыда бекітіледі, ал екіншісі станоктың артқы тұғырына құрастырылған орталық айналма дискіні А тірек етеді. Екінші операцияны орындау барысында дайындаманың бір ұшы қысқыға ор- наластырылса, ал екіншісі гидравликалық сүйеуіштің аунақшаларына Б тіреледі. Сонымен бірге, сұлбада барабандарды токарлық өңдеу кезінде қолданылатын кескіштер түрлері көрсетілген [13].
Барабандардың орталық тесіктерін кескіш станоктарда өңдейді. Барабан қабырғаларындағы тесіктерді (цилиндрлік беттерде болттарға арналған, қасбеттік беттерде тісті дөңгелектерді бекітуге арналған) кон- дукторларды пайдалана отырып, радиалды-бұрғылау станоктарында бұрғылайды.
Механикалық өңдеу барысында орын алған ақаулар жөнделуге тиіс [20].
4.3-сурет. Барабанды өңдеудің негізгі операциялары:1-4– кескіштер