Бытыраағынымен өңдеуге көбінесе айналмалы күштермен жұмыс істейтін құрылыс машиналарының детальдары түседі. Зерт- теулер нәтижелері ұзақ мерзімді жұмыс істеуі тісті дөңгелектер үшін 5-6 рет, тасуатқыштардың жақтары үшін 3-4 рет, спиральді серіппелер үшін 12 ретке шейін, пісірілген қосылыстар үшін 2-2,5 рет өскендігін көрсетті.
Қаттыланған қабат тереңдігі (көбінесе 1 мм аспайды) берілген де- таль үшін оны өңдеу ұзақтығына (5...10 секундтан 2...3 минутқа шейін), соққы күшіне, ағынның түсу бұрышы (75...900) мен өлшеміне байланыс- ты болады.
Бытыра ағынымен өңдеу жабдықтарына пневматикалық және механикалық бытыра атқыштар жатады (3.2-сурет а, ә). Механикалық атқыштар бытыраны 2500...3200 мин-1 жиілікпен айналатын турбина күрекшелерінен келетін центрден тепкіш күштердің көмегімен береді, ал пневматикалық атқыштарда бытыра ауамен 0,5 МПа қысымға дейін қысылған бүркігіш арқылы беріледі.
Аунақшаларменаунату айналу денелері типтес детальдардың қажу шегі мен тозуға төзімділігін артыруға арналған бірден-бір тиімді құрал. Аунату токарлық станокта орнатылған еркін ойнала- тын аунақшаларды айналып тұрған детальдармен жанастыру арқылы жүргізіледі. Құралбіліктегі аунақша станок суппортында немесе ар- найы айлабұйымда бекітіледі. Аунақшалар легірленген немесе жоғары көміртекті болаттардан (ЭВГ, У10А және т.б.) жасалады және 58...62 HRC қаттылыққа шейін шынықтырылады.
Көптеген болаттардың беріктігін s , кгс/мм2 қажетті дәлдікпен төмендегі формуламен анықтауға болады: в
sв= 0,35 НВ; (3.2)
мұндағы, НВ– Бринель бойынша қаттылық саны, ол күш шамасын шардың қысылған сфералық бет аудынына бөлу арқылы анықталады. Өте берік металдардың беріктігін НВ> 450 болған кезде алмаз конустың енуі бойынша (Роквелл әдісі – HRC) немесе алмаз пирамиданың қысымымен болған квадраттық таңбаның ауданы бойынша (Виккерс әдісі – HV) анықтайды. Олардың өзара қатынасы 3.2-кестеде берілген. HRC қаттылық мәндерінің мысалдары: 50...52 HRC – арқан сымдары К-7 үшін; 55...60 HRC– қалып детальдары үшін; 59...63 HRC– диаметрі 15 мм К-7 арқанының анкер конусы үшін; 61...65 HRC– бұрғылар, фре- залар, бұрандаойғыштар, бұрандакескіштер үшін.
3.2-кесте