Крандар мен экскаваторлардың тіректік-бұрылу құрылғыларын жинау
Тіректік-бұрылу құрылғысы кранның (экскаватордың) негізі мен бұрылу бөлігінің арасында орналасқан. Аунақ немесе шар түріндегі тербелу денелері орналасқан бұрылу дөңгелегі құрылғының негізгі то- рабы болып саналады.
Аунақ типтес тіректік-бұрылу құрылғысы (6.7-сурет) орталық жылжы- майтын колонкадан 1 тұрады, ондағы сырғанау мойынтіректерінде бұрылу дөңгелегі 7 және кранның жоғары бөлігі айналады. Бұрылу дөңгелегінің аунақтары жылжымайтын бөліктегі дөңгелек рельске 6 тіреледі, олардың жоғары жағынан бұрылу бөлігінің дөңгелек рельсі 4 жанасады. Тіректік- бұрылу құрылғысын жалпы құрастырған кезде колонканың осьтік саңылауын төменгі гайканы тарту арқылы таңдайды [11].
6.7-сурет. Аунақты типтегі тіреу-бұрылу құрылғысы:
1 – орталық колонка; 2 – серіппе; 3 – тақтайша; 4 – жоғары айналма рельс; 5 – аунақ; 6 – айналма рельс; 7 – бұрылу дөңгелегі; 8 – тірек аунағының осі
Тіректік-бұрылу дөңгелегі төрт пісірілген секторларға орна- ластырылып, бір дөңгелекке жинақталған 36 аунақтан тұрады. Барлық аунақтардың осьтері центрдегі 0 нүктесінде 5 мм шамасында ауытқумен қиылысуы қажет. Тіректік-бұрылу құрылғысының тербелу детальдарының беттерінде жарықшақтар, сызаттар, құйма қалдықтары, шлак қоспалары және басқа осы секілді ақаулар болмауы тиіс.
Шартиптес тіректік-бұрылу құрылғысы диаметрі 2650 мм болатын екі қатарлы радиалды-тіректік мойынтіректен тұрады.
6.8-суретте сыртқы және ішкі іліністегі бұрылу тіректерінің типтері көрсетілген: шариктік, аунақшалы және аунақшалы үшқатарлы. Тіректердің барлық типтері жалпы машина жасауда қолданылады. Аунақшалы тіректер станок жасауда кең қолданылса, аунақшалы үшқатарлы тіректер – темір жол және кеме крандарында жиі қолданы- лады. Тіректер қалыпты прокатпен қатар жоғары термиялық легірленген болаттардан жасалады, олардың габариттік өлшемдері 600...3000мм.
6.8-сурет. Бұрылу тіректері түрлері:
а – шарикті; ә – аунақшалы; б – үшқатарлы аунақшалы
Шар типтес бұрылу дөңгелегі екі жарты сақинадан 2 және 4, тісті тәжден 1 (ішкі дөңгелек), диаметрі 60 мм болатын шардан 5 (222 шар) және шарлар арасында іріктейтін втулкадан 6 (екі қатарда 222 втулка бар) тұрады (6.9-сурет) [11]. Шариктік қатардың жалпы дөңгелек саңылауы ұзындығын жинау кезінде белгілейтін бір втулка- компенсатормен қамтамасыз етіледі. Дөңгелектің осьтік саңылауы 0,10...0,36 мм аралығында болады, ол жарты құрсама мен реттегіш төсемнің 3 биіктігімен өлшенеді. Бір қатардың шарлары 0,005 мм ауытқумен алынатын бір өлшемдік топқа жатады. Шарлар мен іріктейтін втулкалар жиынтығын қосымша қондырғыда жинақтайды. Шарлар- ды олардың орналасу диаметрі бойынша дөңгелек құрсамасындағы сақинаға отырғызады.
6.9-сурет. Шарикті типтегі тіреу-бұрылу құрылғысы:
1 – тәж; 2, 4 – жарты сақиналар; 3 – реттегіш төсем; 5 – шар; 6 – айырғыш втулка
Тербелу сақиналарының беттік қаттылығы термиялық өңдеумен алынады. Төменгі обойманы жинап болған соң, шарларды жабатын тісті тәж қойылады. Оның сырғанау жолына шарлар мен втулкалардың екінші жиынтығын қойып, жоғары жарты обоймамен жабады. Тәжге қатысты алғандағы дөңгелектің осьтік саңылауын төсемелер арқылы реттейді, сонан соң обоймаларды винттер мен гайкалар көмегімен біріктіреді. Бұрылу механизмінің тежегішін реттеу жайлы тежеуді қамтамасыз етеді. Шұғыл тежеуге рұқсат берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |