Жинақ бірліктерінің технологиялық сынақтарыРедукторларменберілісқораптары. Әрбір жиналған редук-
тор және беріліс қорабы белгіленген жоспарға сәйкес шығарушы кәсіпорында обкаткадан өтуі тиіс. Обкаткадан бұрын редукторға майкөрсеткіш белгісінен аспайтын деңгейде таза май құйылуы қажет. Обкатка жүктемесіз және жүктемемен бір сағат көлемінде максимал жұмыстық айналымда жүргізілуі тиіс [20]. Редукторларды сынауға арналған стендтер тісті беріліске күш беру тәсіліне байланысты екі түрге бөлінеді: ашық және тұйық күштік ағынмен.
Бірінші түрдегі стендте редуктор детальдарына жүктеме ретінде редуктордың шығу (жетектегі) білігіндегі тежеу процесі қолданылады. Бұл үшін механикалық, гидравликалық, магниттік және т.б. тежегіш түрлері немесе электрлік генераторлар пайдаланылады.
Екінші түрдегі стендте детальдар екі бірдей сыналатын редуктор- лар жүйесіне кіретін (бұл жағдайда электрлік энергия шығындары ең минимал болады) жүктемелер (көбінесе айналу торсиондары) есебінен жүктеледі.
Сыналатын редукторлар 2 біліктері өзара арнайы аралық біліктер- мен 3 және 4 біріктірілген (6.10-сурет) [13]. Білік 4 жұқалау етіп жа- салады. Біліктің 4 муфталарын қосу алдында оған белгілі бір айналу моментін береді, ол біліктердің барлығында және тісті берілістерде серпімді айналу деформациясын туғызады. Қосып болған соң білікте 4 барлық детальдар тұйық күштік контурға енетін күш ықпалында болады. Редукторларды қозғалтқышпен 1 айналдыру кезінде электр энергиясы үйкеліс күштерін бағындыруға ғана жұмсалатын болады. Редукторларды обкаткадан өткізу кезінде жанасатын беттердің өзара жұмыс жасайтын пайдалы процесі жүреді, бұл нақты жанасу ауданда- рын үлкейтуге әкеп соқтырады.
Обкатка кезінде майдың ағуын, мойынтіректің қызып кетуін, шу мен тырсылдың бірқалыпты еместігін тексереді. Машинаның техникалық құжаттамасында көрсетілген редукторлар мен беріліс қораптарының шу сипаттамалары Мемлекеттік стандарт талаптарына сай болуы тиіс [20].
Обкатка кезінде анықталған ақаулар жойылуы тиіс. Олар жойылған соң редуктордағы май түгелімен төгіледі. Обкатка біткен соң редук- торды немесе беріліс қорабын техникалық бақылау бөлімі қабылдауы тіис.