М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет37/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Цилиндрлік беттерді таза өңдеу. Таза өңдеу кезінде дайындаманың жылжып кетуі орын алмас үшін детальдың бекітілуі берік болуы тиіс. Аз беріліспен өңдеу кезінде қолданылатын таза өңдеу кескіштерінің тұмсықтары сүйір (2.2-сурет а) болуы және екі жаққа да (солға – оңға) жұмыс істей беруі тиіс. Ал жоғары беріліспен өңдеу кезінде қолданылатын таза өңдеу кескішінің тұмсығы күрек тәріздес болуы (2.2-сурет ә) керек.


2.2-сурет. Таза өңдеуге арналған кескіштер: а сүйірұшты; ә кеңейтілген (күректі)


Таза өңдеуге арналған жылдам кесетін кескіштердің алғы беттерінің, алдыңғы және басқа да бұрыштарының формасын таңдау бары- сында қаралтым өңдеу кезінде қолданылатын кескіштерге арналған ұсыныстарды пайдалануға болады. Бет кедір-бұдырлығының төмен деңгейін алу үшін кескіштің алдыңғы бұрышы жоғары болуы тиіс.
Болаттан жасалған дайындамаларды таза өңдеуге арналған кескіштердің артқы бұрышы = 120 болса, ал шойыннан жасалған дай- ындамаларды өңдеуде = 100 болуы тиіс.
Цилиндрлік беттерді өңдеудің екі әдісі қолданылады. Радиалды беріліспен жону әдісінде қысқа цилиндрлік мойыншаларды өңдеуде бунақтық және тұмсығы кең кескіштер қолданылады (2.3-сурет а). Ал бойлық беріліспен жону әдісі өңдеудің ең көп таралған түрі болып са- налады (2.3-сурет ә).



2.3-сурет. Цилиндрлік беттерді жону әдістері:
а радиалды беріс әдісімен; ә – бойлық беріс әдісімен

Цилиндрлік беттерді әдетте екі немесе бірнеше жұмыс жүрісі арқылы өңдейді: алдымен припускінің көп бөлігін қаралтым етіп жо- нады (диаметрге 6 мм-ге шейін), сонан соң қалған бөлікті жонады (диа- метрге 1 мм-ге дейін).


Білік диаметрінің қажетті размерлерін алу үшін көлденең беріліс лимбісін пайдаланады және пробалық жұмыс жүрісі әдісі бойын- ша кескішті берілген размерге орналастырады. Лимбтарды пайдала- ну арқылы өңдеу дәлдікті 8-9-шы квалитеттер бойынша қамтамасыз етеді. Бойлық лимбтарды пайдалану бойлық размерлерді 0,2 мм- ге дейінгі дәлдікпен алуға мүмкіндік береді. Реттегіш тіректермен құралкүймешіктің өздігінен өшуін қолдану барысында бойлық размерлердің дәлдігі 0,08...0,15 мм-ге шейін жетеді де, өнімділік жоғарылайды. Жылдам режимдерде жұмыс істеу барысында артқы центрлер айналмалы болуы тиіс.
2.4, а-суретте келтірілген сұлба бойынша қаралтым жону орында- лады, кей кездері екі рет бекіту арқылы дайындамалардың кішігірім партияларының жартылай таза өңдеуі жүргізіледі. Дайындаманың бір жартысын диаметрдің берілген размеріне дейін жонып болған соң (2.4-сурет ә), оны центрлерде қайта орналастырады да, дайындаманың екінші жартысын өңдейді (2.4-сурет б) Прокаттан жасалған сатылы дайындамаларды қаралтым өңдеу кезінде жекелеген сатыларды өңдеу кезегін дұрыс таңдаған маңызды.



2.4-сурет. Бір жұмыстық жүрісте өңдеу сұлбасы. а жалпы сұлба; ә бірінші орнық; б екінші орнық

Егер сатылы біліктерді өңдеу кезінде бойлық жонудан соң кертпештерді кесу қажет болатын болса, онда олардың таза өңдеуін са- тылы дайындаманың барлық цилиндрлік участоктарын өңдеп болған соң жүргізеді (2.5-сурет а).




2.5-сурет. Сатылы біліктерді таза өңдеудің сұлбалары


Сатылы дайындамалардың таза өңдеуін цилиндрлік беттерді өңдеуге де, бунақтар мен кертпештерді кесуге де бейімді құрама кескіштермен 2.5-суретте ә көрсетілген сұлба бойынша жүргізген жөн. Кіші сериялы өндірісте еңбек өнімділігін өсіру үшін сатылы біліктерді көшірмелер немесе қимаүлгілер көмегімен өңдеуге болады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет