Беру қозғалысының жылдамдығы (Vб) – беру қозғалысындағы кесу жиегінің қарастырылып отырған нүктесінің жылдамдығы.
Беттік ақау – деталь бетіне шығып тұратын капилляр түріндегі ақау немесе сызат.
Бұйым – өндірістің соңғы сатысындағы өнім. Берілген жөндеу өндірісінің нысанына байланысты жинақталып аяқталған өнім (мыса- лы, экскаватор, локомотив және т.б), сонымен бірге жеке элементтер де (мысалы, агрегат, буын, деталь) өнім бола алады.
Бұйымжасаудыңеңбексыйымдылығы – жұмыс уақыты бірлігінде анықталатын бұйымды шығаруға жұмсалған еңбек шамасы.
Бұйымконструкциясыныңтехнологиялылығы – бұйымды шығару, жөндеу және техникалық күтуді шығарылуы, пайдаланы- луы және сапа көрсеткіштері бірдей жағдайдағы конструкциялармен салыстырғандағы ең тиімді технология бойынша қамтамасыз ететін конструкция қасиеттерінің жиынтығы.
Бұйым конструкциясы технологиялылығының деңгейі (Кд) – технологиялылықтың қол жеткізген көрсеткішінің техникалық тапсыр- мада берілген базалық көрсеткіштің мәніне қатынасы.
Бұйымныңматериалсыйымдылығы – масса бірлігімен анықталатын бұйымды өндіру мен оны пайдалануға жұмсалатын мате- риалдар көлемі.
Бірліктік өндіріс – ереже бойынша қайта өндіру қарастырылмаған және бірдей өнімдерді кіші көлемде шығарумен сипатталатын өндіріс. дайындау-аяқтаууақыты – орындаушының технологиялық опе- рацияларды орындауға, дайындауға және технологиялық жабдықтарды
ауысым соңында ретке келтіруге жұмсалатын уақыт аралығы.
даналық уақыт – технологиялық операция циклінің бір мезгілде дайындалатын немесе жөнделетін бұйымдар санына қатынасына неме- се жинау операциясының күнтізбелік уақытына тең уақыт аралығы.
деталь(бөлшек) – әртүрлі бірлесулердің жоқ болуымен сипаттала- тын машинаның элементар бөлігі.
детальдардың(буындардың)өзараауыстырымдылығы – детальдың (буынның) кез келген машинаға ауыстырып-салуға болатын өндіру кезінде қарастырылып қойылған қасиеті.