М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ТқБЖ)



бет8/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Технологиялық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ТқБЖ)


– барлық машина жасау және машина жөндеу кәсіпорындарында қолданылатын және технологиялық құжаттамаларды жасау, рәсімдеу, топтау, айналысқа түсіру тәртібі бойынша өзара байланысқан ережелерді анықтайтын жүйе.
Технологиялық операция – бір жұмыс орнында орындалатын технологиялық үдерістің аяқталған бөлігі.
Технологиялық өтпе – тұрақты технологиялық режимдер мен қондыру кезінде технологиялық жабдықтаудың бірдей құралдармен орындалатын технологиялық операциясының аяқталған бөлігі.
Технологиялық үдеріс – еңбек құралдарының жағдайын өзгерту бойынша мақсатты бағытталған іс-қимылдан тұратын өндірістік үдерістің бір бөлігі.
Типтік (топтық) технологиялық үдерістің картасы – бұйымды шығару мен жөндеудің технологиялық үдерісін, оның бір түрінің жасалуының, өңделуінің, жиналуы мен жөндеуінің өтпелерді, технологиялық құралдар мен материалдарды және еңбек шығындарын ескере отырып, технологиялық кезегімен сипаттауға арналған құжат.
Тұрақ (орын) – операцияның белгілі бір бөлігін орындау бары- сында мықтап бекітілген өңделетін дайындама мен жиналатын жинақ бірлігінің аспапқа немесе жабдықтың қозғалмайтын бөлігіне қатысты алғандағы бір орынға бекітілген жағдайы.
Тірек нүктесі – таңдап алынған координаталар жүйесіндегі дайындаманың немесе бұйымның байланыстарының бірін көрсететін нүкте.
уақыт нормасы – сәйкес біліктілікті бір немесе бірнеше орындаушының белгілі бір өндірістік жағдайларда кейбір жұмыс көлемін орындауға жұмсалатын шектелген уақыты.
Фрезерлеу – аспапқа беру қозғалысын бірден-бір перпендикуляр бағытпен беретін және кесу траекториясының радиусы тұрақты болған кездегі айналмалы басты кесу қозғалысы бойынша жұқалап өңдеу. Аспап пен дайындаманың жанасу бетінде кесудің басты қозғалыс жылдамдықтарының векторлары мен дайындаманың аспапқа қатысты алғандағы беру қозғалысы қарама-қарсы бағытталған фрезерлеу қарсы фрезерлеу деп, ал бір жаққа бағытталған фрезерлеу жолай фрезерлеу деп аталады.
шығару такті машиналарды, детальдарды немесе дайындама- ларды шығарудың периодты түрде жүргізілгендегі уақыт аралығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет