М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Жону – айналмалы басты кесу қозғалысындағы және оның траекториясының радиусының өзгеру мүмкіндігіндегі жұқалап өңдеу. Жұмыс



бет5/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Байланысты:
kulgildinov-kolik

Жонуайналмалы басты кесу қозғалысындағы және оның траекториясының радиусының өзгеру мүмкіндігіндегі жұқалап өңдеу.
Жұмыс жобасы (жұмыстық сызбалар) – ғимараттар мен құрылымдарды салу, жабдықтарды орналастыру және кәсіпорынды пайдалану бойынша барлық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін және бекітілген техникалық жоба негізінде дайындалатын құжаттар жиынтығы.
Жұмыс нормасы – сәйкес біліктілікті бір немесе бірнеше орындаушының белгілі бір ұйымдастыру-техникалық жағдайлардағы уақыт бірлігінде орындалуға тиіс шектелген жұмыс көлемі.
Жұмыс орныжұмыс орындаушылар, олар күтетін технологиялық жабдықтар, конвейер бөлігі, шектеулі уақытқа қойылатын еңбек құрал- дары орналасатын кәсіпорын құрылымының элементарлы бірлігі.
Жұмыс орнын күту уақыты – орындаушының жұмыс орнын күтуге және технологиялық жабдықтарды жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етуге жұмсайтын даналық уақыттың бір бөлігі.
Жүріске беру (Sж) – аспаптың немесе дайындаманың бір жүрісіне сәйкес келетін беріс.
Кесудің бас қозғалысы к) – ең жоғары жылдамдықпен кесу үдерісі кезіндегі дайындаманың немесе кесу аспабының түзу сызықты немесе айналма қозғалысы.
Кесу жылдамдығы (V) – басты кесу қозғалысында кесу жиегінің не- месе дайындаманың қарастырылып отырған нүктесінің жылдамдығы.
Кесумен өңдеу – жоңқа пайда болуымен сипатталатын материал қабаттарын кесу арқылы жаңа беттерді алу операциясы.
Кесу режимдері – кесу жылдамдығы мен берудің немесе беру қозғалысы жылдамдығы мен кесу тереңдігі мәндерінің жиынтығы.
Көліктік өнеркәсіптік робот – қосымша өту немесе жылжыту опе- рацияларын орындауға арналған робот; тасымалдау операцияларында негізгі технологиялық жабдықтарды күту, дайындамаларды бекіту және детальдарды, аспаптар мен жабдықтарды босатып алу, детальдар ба- заларын тазалау және де тасымалдау-қойма операцияларын орындау кезінде, «ал-қой» түріндегі іс-әрекеттерді орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет