өңдеудің әртүрінің уақытын (мин) анықтауға арналған есептік формулалар
Өңдеу түрі
Формулалар
өтпеге жону
өтпеге кеулеп жону
tll1l2i; (2.25)
0Sn мұндағы: l өңдеу бетінің ұзындығы, мм; l1– кескіштің кіру ұзындығы, мм; l2 – кескіштің асып кету ұзындығы, мм; t– кесу тереңдігі; S– беру, мм/айн; n – айналдырықтың айналу жиілігі, мин–1; i – өтпе саны; – пландағы ба- сты бұрыш
Күрделі қиманың шетжағын кесу және тіліктеу
tll2i; (2.26)
0Sn мұндағы: l = D/ 2; l2 = 1...2 мм
Цилиндрлік беттерді өңдеудің қандай әдістерін білесіз?
Лимбті қолдану арқылы цилиндрлік беттерді өңдеудің қандай дәлдігіне қол жеткізуге болады?
Цилиндрлік беттерді қаралтым өңдеуде кескіштердің қандай типтері қолданылады, ал таза өңдеуде ше?
Сатылы біліктерді контуры бойынша жону әдісінің кішісериялы өндірісте қандай артықшылықтары бар?
Бұрғылардың негізгі геометриялық параметрлерін атаңыз.
Мойынсыз бұрғылардың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
Құйылған детальдарды өңдеу барысында үңгіні алып кету қашықтығын азайту мақсатында қандай шаралар орындалуы қажет?
Тесіктерді екі рет кеңейтіп тесу не үшін жасалады?
Кішісериялы өндірісте бұрандаларды жасау үшін қолданылатын кескіштер типтерін сипаттаңыз.
Фрезерлеудің негізгі түрлері мен сұлбаларының сипаттамаларын келтіріңіз.
Қисықсызықты ойықтар мен кемерлерді фрезерлеу қалай жүргізіледі?
Ажарлаудың қандай түрлерін білесіз? Олардың сипаттамаларын келтіріңіз.
Сыртқы және ішкі беттерді ажарлау қандай станоктарда жүр- гізіледі? 87
Металдарды кесіп өңдеуде МСС-тің рөлі қандай?
Операцияларды орындау уақыты қандай факторларға байланысты болады?
Даналық уақыт пен аспаптар саны аралығындағы байланыс қандай?
тарау. МАшинА дЕТАлЬдАРын БЕРІКТЕндІРЕТІн ТЕхнОлОГиялАР ӘдІСТЕРІ
Термиялық және химия-термиялық өңдеуЖалпымағлұматтар. Машина детальдарының ұзақ мерзімді жұмыс
істеуінің есептік мәндерін сақтау және оны жоғарылату мақсатында әртүрлі әдістер қолданылады: конструктивтік, технологиялық және пайдалану-жөндеу.
Конструктивтік әдістерге детальдардың қажетті қаттылығы мен серпімді қатаңдылығын, машина конструкциясына негізгі элементтердің тозуын компенсациялайтын құрылғыларды енгізуді, үйкеліс торабын сыртқы абразивті ортадан жасыруды қамтамасыз ететін әдістер жатады.
Технологиялық әдістер төмендегі тәсілдердің бірімен орындалуы мүмкін:
қатты қорытпалармен балқыту;
термиялық (беттік шынықтыру) және химия-термиялық (көміртек- тендіру, азоттау) өңдеу:
жоңқасыз механикалық өңдеу (аунақшалармен таптау).
Болаттытермиялықөңдеу. Термиялық өңдеуді құрылымды өзгерту және қажетті қасиеттер мен механикалық сипаттамаларды алу үшін жүргізеді.
Жасыту – кіші дәнді перлитті құрылымды алу, илемділікті жоғарылату, ішкі кернеулер мен қақталманы жою үшін қолданылатын термиялық өңдеу. Босаңдату кезінде, мысалы, СТ3 –СТ5 болаттарды
9000-қа шейін, С6 –С7 болаттарды 8400 С-қа дейін қыздырады, одан
Т Т соң біраз ұстап тұрып, біртіндеп салқындату процесі жүреді. Дәнді пер- лит болатты 680...7000 С-та ұзақ уақыт қыздырып, сонан соң біртіндеп салқындату жолымен алынуы мүмкін.
қалыптандыру – болатты босаңдату температурасына дейін қыздыру және кіші дән алудағы босаңдатуға қарағанда жоғары беріктікті әрі қаттылықты болатты алу үшін ауада салқындату.
шынықтыру – 9500С-қа дейін қыздыру, беріктікті, қаттылықты, тозуға төзімділікті жоғарылату үшін суда немесе майда салқындату арқылы біраз ұстап тұру. Ереже бойынша шынықтырудан соң болат- ты босаңдату жүреді. Болаттың әрбір типі мен маркасының өзінің шынықтыру температурасы мен салқындату сұйығы болады. Кейбір легірленген детальдарды ауада да шынықтыра береді Шынығу қабатының тереңдігі жоғары температурада болатты ұстап тұру уақыты мен оның шынығуына байланысты болады.
Шынықтыруда қаттылықтың жетіспеуі, жұмсақ орындар, қатты қызып кету, бұжырлану, сызаттар, пештің қышқылдану нәтижесінде
көміртектің жетіспеуі секілді ақаулардың барлығы да технологияны дұрыс сақтамаудан және өңдеу ретін бұзудан келіп шығады.
Жұмсарту – шынықтырылған болатты 7230 С-қа дейін қыздырып, сонан соң ішкі шынықтыру кернеулерін азайту және созымдылық пен иілімділік қасиеттерін жоғарылату үшін жайлап салқындату, төменгіжұмсартуды 150-2500 С-та жүргізіп, сонан соң жайлап босатады. Бұл өңдеу болаттың қаттылығын кемітпестен тұтқырлығын жоғарылатады. Орташа жұмсарту жеткілікті тұтқырлық бола тұра жоғары серпімді қасиеттерді қамтамасыз ету мақсатында 350...4500 С температурада жүргізіледі, мысалы, серіппелер үшін.