М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



бет53/142
Дата12.01.2023
өлшемі6,42 Mb.
#61135
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142
Жоғары жұмсарту – 450...6500 С температурада жүргізіледі де, ол шынықтыру кернеулерін төмендетеді, беріктік пен тұтқырлықты жоғарылатады.
Беттік шынықтыру – қатты тозуға түскен көлік техникасы де- тальдары жоғары беттік қаттылыққа ие болуы тиіс. Осы қасиеттерді беру үшін детальдардың беттік шынықтыруын жоғары жиілікті токтар (ЖЖТ) арқылы жүргізу әдісі қолданылады. Ол детальдарды индуктор- катушка көмегімен жасалатын магнит өрісінде қыздырып, содан соң жайлап салқындату арқылы жүргізіледі.
Деталь конструкциясына байланысты ЖЖТ-мен шынықтыру төмендегі тәсілдің бірімен жүзеге асырылады:

  • деталь қозғалмайтын немесе айналып тұрған жағдайда олардың барлық беттерін (үлкен емес беттер үшін) бір мезгілде қыздыру және шынықтыру.

  • детальдің жекелеген участоктарын біртіндеп қыздыру және шынықтыру

  • жылжытып отыру арқылы үздіксіз-тізбектей қыздыру және шынықтыру (ұзын өлшемді біліктер мен осьтер үшін қолданылады).

Берілген тереңдіктегі шыныққан қабатты алуға қажетті қыздыру режимі меншікті қуат пен қыздыру ұзақтығы арқылы келетін ток жиілігімен анықталады.
Қажетті жалпы ток қуаты (ЖЖТ генераторының) мына формуламен анықталады:
P PSget / h ; (3.1)
мұндағы, P – меншікті қуат, кВт/см2, арнайы номограммалар көмегімен анықталады; Sget – шынығуға түсетін деталь бетінің ауданы; h – генератордың П.Ә.К-і.
Беттік шынықтыруға арналған детальдарды қыздыру температу- расы болат маркасына тікелей байланысты болады. Көлік техникасын жасауда кеңінен қолданылатын болаттар үшін детальдардың қыздыру температурасы мен қыздыру жылдамдықтары 3.1-кестеде келтірілген.
3.1-кесте

Жоғары жиілікті токпен шынықтыру кезінде болат детальдарды қыздыру жылдамдығы және ұсынылатын температура





Болаттар маркалары

Қыздыру температурасы, °С

Қыздыру жылдамдығы °С /С

40

900...940

380...400

45, Ст6

880...920

380...400

40Х

940...980

380...400

Болат құрылымы мен қасиеттеріне жақсы әсер етуімен қатар, ЖЖТ- мен шынықтыру толықтай автоматтандыруға мүмкіншіліктері бар жоғары өнімділікті процесс болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет