М. У. Анартаева



бет11/96
Дата06.02.2023
өлшемі1,3 Mb.
#65491
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96
Байланысты:
Микробиология-СМПД-4-курс-каз

2. Бағдарлама:
1) Кіріспе. Клиникалық микробиология медициналық микробиологияның бір бөлігі ретінде, инфекциялық емес клиникаларда пайда болатын инфекциялық процестердің этиологиясын, патогенезін және иммунитетін, науқастардан алынған материалдардың бактериологиялық зерттеулеріне негізделе отырып, ауруханаішілік ортаның санитарлық-бактериологиялық ахуалы мен стационардың эпидемиологиялық жағдайын, бағалауға бағытталған микробиологиялық зерттеулер. Клиникалық микробиологияның негізгі бөлігі ретінде стационар жағдайында химиотерапевтік препараттарды қолдану тактикасы мен стратегиясын талдау, қоздырғыштардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау негізінде науқастарға рациональды антибиотик терапиясын ұсыну.
Клиникалық микробиологияның негізгі және күрделі бөлігі бұл лабораториялық зерттеулерден алынған нәтижелердің интерпретациясы болып саналады. Шартты – патогенді микроорганизмдер(ШПМ) тудырған аурулар диагностикасындағы алынған нәтижелер интерпретациясы күрделі.
Соңғы жылдары инфекционды патологиядағы шартты-патогенді микроорганизмдер ролінің артуы байқалды.
Емдік-профилактикалық мекемелерде саитарлы-гигиеналық норманы сақтау және микробиологиялық зертхананы дұрыс ұйымдастыру үшін клиникалық микробиология маңызды роль атқарады.
2) Пәннің мақсаты: студенттерде экожүйедегі микроорганизмдердің ролі, микробтық табиғаты бар аурулардың этиологиялық диагностика негіздері, қоршаған орта обьектілерінің биологиялық ластану деңгейінің индикациясы және тұрғындардың денсаулық сақтауына қолдануы туралы заманауи білім қалыптастыру.
3) Оқыту мақсаттары:

  • Емдеу профилактикалық мекемелердегі микробиологиялық (бактериологиялық) лабораториялардың міндеттерін;

  • Шартты патогенді микроорганизмдердің клиникалық ерекшеліктерін, этиологиясын және патогенезін;

  • Эпидемиялық емес микробтық аурулардың өсу себептерін;

  • Микробтардың антибиотиктерге тұрақтылықтарының генетикалық және биохимиялық механизімдерін;

  • Адам денесінің қалыпты микрофлорасының құрамы мен маңызын. Дисбактериоздың микробиологиялық диагностикасын, коррекциясын;

  • Ауруханаішілік инфекциялардың этиологиясын, таралуын және себептерін. Ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасын және микробиологиялық диагностикасын;

  • Госпитальдық штаммдардың биологиялық қасиеттерін. Түрішілік ажыратуды;

  • Иммунодефицит кезіндегі оппортунистік инфекцияларды;

  • Шартты патогенді саңырауқұлақтар шақырған микоздардың микробиологиясын;

  • Эпидемиялық емес микробтық аурулардың микробиологиялық диагностикасы. Лабораториялық зерттеу әдістерінің ақпараттылығын;

  • Шартты патогенді микроорганизмдердің этиологиялық маңыздылығының критерияларын;

  • Биоматериалдарды алу, сақтау және лабораторияға тасымалдау ережелерін. Анаэробтық инфекцияларда материал алу ерекшеліктерін;

  • Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістерін. Антибиотика терапияның микробиологиялық принциптерін;

  • Эпидемиялық емес микробтық аурулардың экспресс диагностикасын;

  • Гендідиагностикалық әдістерді;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет